Демина Н. Ф., Омарова Ж. М. Физикадан олимпиадалық есептерді шығару әдістемесі



бет34/36
Дата14.12.2022
өлшемі1,08 Mb.
#57174
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
Байланысты:
Демина Н. Ф., Омарова Ж. М. Физикадан олимпиадалы есептерді шы (1)

Құрал-жабдықтар мен аспаптар: «қара жәшік»; конденсатор; айыры бар сым; айнымалы кернеу көзі; кілт; 25 В (200 В) дейінгі айнымалы кернеуді және 50 мА (20, 200 мА) айнымалы токты өлшеуге арналған авометр (мультиметр).
Шешуі:

  1. 65-ші суретте көрсетілген сызба құралады (ЧЯ – «қара жәшік»). Амперметр ретінде амперметр режиміндегі авометр қолданамыз. Ашылған К кілт кезінде амперметрдің көмегімен I ток күшін өлшейміз. Барлық режимдерде авометр токтың және кернеудің әрекет етуші мәндерін өлшейді.






Сурет 65

Сурет 66




  1. Схемадан амперметрді алып тастап К кілт жабылады. Авометрдің көмегімен (кернеуді өлшеу режимінде) генератордың шығысында (Uг), конденсаторда (Uc) және «қара жәшікте» (Uж) кернеу өлшенеді.

  2. Өлшенген кернеулер бойынша «қара жәшіктегі» Uж кернеуі мен I тогы арасындағы фазалардың өзгерісін анықтау қажет. Жал ток I мен кернеудің сапалық векторлық диаграммасы 66 суретте көрсетілген. I токтың әрекет етуші мәнінің өлшемі горизонталь ось бойымен қалдырылады. Конденсатордағы Uc кернеу токтан фаза бойынша π/2-ге қалып отырады, ал векторлық қосындысы


Uc + Uж = Uг
Косинустар теоремасы бойынша
Uг2= Uc2+ Uж 2-2 Uc Uж cosφ
«Қара жәшіктегі» ток пен кернеу арасындағы φ фазаның жылжуы
Ψ=π/2-φ
сондықтан, «қара жәшік» қолданатын қуат
cosψ=sinφ=(1-cos2φ)1/2


Тапсырма 22. 67-ші суретте көрсетілгендей жүкті жіптің көмегімен бөренеге іліп қойыңыз.
а. Платформа жылжымайды. Маятниктің барлық нормаль тербелістерін көрсетіңіз. (Нормаль деп аталатын тербелістер кезінде бостықтың кейбір дәрежелеріне сәйкес келетін координаттар бірдей жиілікпен ауысады. Бұл кезде кейбір координаттар тұрақты бола алады.) Платформа жылжымаған кездегі барлық нормаль тербелістерді көрсетіңіз.
б. Платформа айналады. Маятниктің нормаль тербелістерін анықтауға тырысыңыз.
в. Енді басында, платформа қозғалыссыз тұрғанда, біреу нормаль тербелістердің біреуін қоздырды, ал бұдан кейін платформаны айналдыра бастады да біршама уақыттан кейін оны тоқтатты деп ойлайық. Маятниктің нәтижелеуші қозғалыстан, нормаль тербелістердің қайсысы басында қоздырылғанын анықтай аласызба? Бұл нормаль тербеліс қоздырылу үшін, платформа қозғалысы (айналудан бастап тоқтауға дейін) қандай шартты қанағаттандыру тиіс екенін экспериментальді түрде анықтаңыз.
г. Сол есепті платформа айналып, тоқтамаған жағдайына шешіңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет