Демократиялық қоғамда барлық даулы істер заң



жүктеу 187.14 Kb.

Дата15.03.2017
өлшемі187.14 Kb.

 

 

 

Заң қорғаны

 

Құқықтық


 

демократиялық  қоғамда  барлық  даулы  істер  заң 

арқылы шешімін табады. Заңға президенттен бастап, барлық 

азаматтар  бағынып,  баршасы  заң  шеңберінде  өмір  сүреді. 

Бірақ  та,  қандай  қоғамда  болмасын,  заңды

 

бұзып,  қоршаған 



ортаға,  өзі  тірлік  кешіп  жатқан  қоғамға  залалын  тигізетіндер 

кездеседі.  Барша  азаматтардың  заңды  сақтап,  заң  аясында 

өмір  сүруін  қамтамасыз  ететін  мемлекеттік  органдар  бар. 

Солардың қатарында заңның орындалуын қадағалайтын, жәй 

қадағалап  қоймай,  заң  бұзылған  жағдайда  оны  қалпына 

келтіруді  өз  құзыреттігі  шеңберінде  талап  етіп,  соған  қол 

жеткізетін орган –

 

прокуратура да бар. 



 

Заңның  орындалмауынан  немесе  қасақана  бұзылуынан 

қарапайым

 

адамдар  зардап  шегіп  жатады.  Сондай  жағдайда 



азаматтардың  бұзылған  құқығын  қорғап,  заңды  бұзушыны 

тәртіп тезіне шақыратын қадағалаушы орган  –

 

прокуратураға 



жүгініп,  әділдік  тауып  жататындар  аз  емес.  «Заң  қорғаны» 

кітабында  прокуратураның  араласуымен  азаматтарыдң 

бұзылған 

құқығының 

қалай 

қорғалып 



отырғандығы, 

қадағалаушы

 

органның  заңның  бұзылуына  жол  бермей,  егер 



бұзылған  жағдайда  оны  қалпына  келтіру  бағытындағы 

атқарып жатқан жұмыстары жан

-

жақты әңгіме болады. 



 

Кітаптан  прокуратура  қызметкерлерінің  өздеріне  жүктелген 

жауыпты  да  ауыр  міндеттерін  қалай  абыройлы  орындап 

жатқаны, олардың қым

-

қуат тірлігі, жемқорлық сияқты бүгінде 



белең  алып  кеткен  дертке  қарсы  белсенді  күресі,  т.б.  жайлы 

толымды ақпарат аласыз.   

 

 

 



 

 

 

 

Ақмола облысының прокуроры Мұратбек Исадилов:

 

«Заңды бұзғандар қандай қызмет 

жасамасын міндетті түрде заң бойынша 

жауапқа тартылады»

 

      


 

«Барша 


әлемнің 

әміршісі  –

 

заң» 


-

деген 


сөз 

текке 


айтылмаса 

керек. 


Саналы  адам  мен 

жан


-

жануарларды 

былай 

қойғанда, 



жанды

-

жансы 



заттардың  бәрі  де 

заңға 


 

табиғат 



заңына 

бағынады. 

Күн  мен  түн,  жыл 

мезгілдері  алмасып, 

табиғат 

заңы 


мүлтіксіз орындалып 

жатыр.  Жан

-

жануарлар,  өсімдіктер,  жабайы  аңдар  да  табиғат  заңы 



шеңберінде  тірлік  кешеді.  Тек  саналы  адам  ғана  табиғат  заңын  да, 

өздері  ойлап  шығарған  мемлекет  заңдарын  да  үнемі  бұзатыны 

өкінішке орай шындық. 

 

    



Заңның 

орындалуын 

қадағалайтын 

Ақмола 


облыстық 

прокуратурасы  биылғы  жылдың  алғашқы  жартсындағы  атқарылған 

жұмыстарын  қортындылады.  Алқалы  жиында  тілге  тиек  болған  заң 

бұзушылықтар  мен  жасалған  қылмыстар  туралы  мәліметтер  басқаны 

былай  қойғанда  өзгелерге  үлгі  көрсетуі  тиіс  лауазымды  тұлғалар  мен 

азаматтардың құқығын қорғайтын құқық қызметкерлерінің арасында да 

заң бұзушылықтардың жиі орын алып жататынын айғақтайды. Ақмола 

облысының прокуроры Мұратбек Исадиловпен әңгімемізде облыстағы 

заң бұзушылықтар жайы сөз болды.

 

     -



Бүгінде  тамырын  терең  жайып,  белең  алып  кеткен  қоғамдық 

дерт  –

 

сыбайлас  жемқорлықтың  тыйылар  түрі  көрінбейді.  Заң 

бұзғандардың  арасында  облыстық  басқарма  бастықтары  мен 

орынбасарлары  лауазымын  атқаратын  адамдардың  болуы 

қынжыларлық

-

ақ.  Осы  санаттағы  заңсыздықтар  туралы  не 

айтасыз?

 

      -


Өкінішке  орай,  жемқорлық  заң  бұзушылықтар  мен  қылмыстар 

қатары  азаймай  отыр.  Заң  бұзғандардың  арасында  облыстық 

деңгейдегі  лауазымды  тұлғалардың  болуы  өкінішті,  әрине.  Биылғы 


жылдың  басынан  бері  басшы  буыннан  15  адам  сыбайлас  жемқорлық 

санатындағы  заң  бұзушылықтар  бойынша  жауапкершілікке  тартылды. 

Олардың  арасында  облыстық  орман  және  аңшылық  шаруашылығы 

инспекциясының  бастығы  мен  жұмыспен  қамтуды  және  әлеуметтік 

бағдарламаларды  үйлестіру,  жолаушылар  тасымалы  мен  жол 

құрылысы  басқармасы  бастығының  орынбасарлары,  аудандық  жер 

қатынасы бөлімдерінің басшылары бар. 

 

      



Мәселен,  жоғарыда  аталған  облыстық    орман  және  аңшылық 

шаруашылығы  инспекциясының  бастығы  Ерейментау  ауданындағы 

«Ақмырза»  аңшылық  шаруашылығын  өз  жұбайының  атына  рәсімдеп 

берген.  Астананың  дәл  іргесіндегі  аңшылық  шаруашылығы  арқылы 

қаншалықты табыс табуға болатыны айтпаса да белгілі. Яғни, осылай 

жасау  арқылы  лауазым  иесі  қызмет  бабын  пайдалана  отырып, 

қалтасын  қалыңдатуды  ойлағаны  анық.  Осындай  заңсыз  шешім 

қабылдаған  лауазымды  тұлға  қызметінен  босатылды,  ал  «Ақмырза» 

аңшылық шаруашылығы мемлекет меншігіне қайтарылды. 

 

      



Жемқорлыққа  қарсы  заңдардың  ең  көп  бұзылатын  жағдайы 

мемлекеттік  сатып  алу  шарасын  өткізуге    қатысты  болып  отыр.  

Прокуратураның тікелей араласуымен жалпы құны 2,3 миллиард теңге 

болатын 12 конкурстың күші жойылды. Тағы бір заңның көп бұзылатын 

жағдайларының  бірі  –

 

жерге  қатысты.  Биылғы  жылдың  басынан  бері 



прокуратураның атсалысуымен жалпы аумағы 47 мың гектар болатын 

39 жер телімі мемлекет

 

меншігіне қайтарылды. 



 

    


Жерге  қатысты  заң  бұзушылықтар  туралы  айтқанда,  мемлекеттік 

мұқтаждықтарға қатысты жер телімдерін сатып алуда нарық бағасынан 

әлдеқайда жоғары баға белгілеу жайлары жиі орын алатынын айтпай 

кетуге  болмас.  Мәселен,  қадағалаушы  органның  араласуымен 

Көкшетау  қаласындағы  бағасы  негізсіз  көтеріліп  белгіленген  3  жер 

телімі  бойынша  баға  159  миллион  теңгеге  дейін  төмендетілді.  Ал  Г. 

деген  азаматтан  мемлекет  қажетіне  177  миллион  теңгеге  жер  телімін 

сатып  алу  шешімінің  күші  жойылып,  баға  қазіргі  нарық  жағдайына 

сәйкестендіру  арқылы  16  миллион  теңгеге  дейін  түсірілді.  Көріп 

отырғанымыздай,  осындай  заңсыздықтардың  салдарынан  мемлекет 

бюджетіне миллиондаған теңге залал келуде. 

 

   -



Азаматтардың  құқықтарын  қорғауы  тиіс  құқық  қызметкерлері 

арасында  түрлі  заң  бұзушылықтардың  орын  алып  жататыны 

жасырын емес. Осындай заңсыздықтар туралы не айтасыз?

 

    -


Көрсеткішті жақсарту мақсатында жасалған қылмыстарды тіркемей 

жасырып  қалу  оқиғалары  өкінішке  орай  оқта

-

текте  көрініс  беріп 



қалады.  Биылғы  жылдың  басынан  бері  прокуратура  қызметкерлерінің 

араласуымен  тіркелмей  жасырылып  қалған  осындай  67  қылмыстық 

оқиға анықталды. Әр қылмыстың тасасында адам тағдыры тұратынын 

ескерсек,  мұндай  келеңсіздікке  көзжұмбайлықпен  қарауға  болмайды. 

Осыған  орай,  есептік

-

тіркеу  тәртібін  бұзған  74  лауазымды  тұлға 



жазаланды.  Олардың  28

-

і  басшы  құрамнан,  5



-

уі  қалалық  және 

аудандық ішкі істер бөлімінен. 

 

Қылмысты



 

ашу  көрсеткіштерін  жасанды  түрде  көтеруге  бағытталған 

статистикалық  кәртішкелерді  қате  ұсыну  фактілерінің  алдын  алу 

шаралары да жасалуда. 

 

   -

Әкімшілік  жауапкершіліктерге  тартылып,  айыппұл  төлеуге 

тиісті  азаматтардың  айыппұлды  мерзімінде  төлемеуі  бүгінде 

еліміз бойынша өзекті мәселеге айналып отыр. Облысымыздағы 

жағдай қандай?

 

    -


Соңғы  кезде  бұл  бағытта  құзырлы  органдар  тарапынан  жұмыстар 

жандандырылды.  Прокуратура,  ішкі  істер  органы,  салық  қызметі 

өкілдерінен  құрылған  жедел  топтар  рейдтер,  түрлі  акциялар  өткізуді 

дәстүрге 

айналдырды. 

Осындай 


жұмыстардың 

нәтижесінде 

айыппұлдарды  төлеу  бағытында  біршама  ілгерілеушіліктерге  қол 

жеткізілді.  Өз  тарапымыздан  прокуратураның  қоғамдық  кеңестерінде 

осы  мәселе  арнайы  көтеріліп,  тиісті  органдармен  талқыланған 

болатын.  Қазіргі  күні  әкімшілік  айыппұлды  өндіріп  алу  көлемі  өткен 

жылғы 22,8 пайыздан 29,1 пайызға дейін өсті. 

 

Бүгінгі  күні  мемелкет  есебіне  берешек  мөлшері  3,4  миллиард  теңге 



болап  отыр.  Өткен  жылғы  осы  кезеңде  ол  7,2  миллиард  теңге 

болатын.  Осыдан  байқалып  отырғандай,  бұл  салада  айтарлықтай 

ілгерілеушілік бар. Десек те, әлі де сот шешімімен салынған айыппұл, 

басқа  да

 

мемлекет  есебіне  түсуі  тиіс  берешектер  көлемі  қомақты 



күйінде  қалып  отыр.  Осыған  орай,  алдағы  уақытта  да  бұл  бағыттағы 

жұмыстар онан әрі жалғасын табатын болады.  

 

    -



Сыбайлас  жемқорлыққа  қатысты  заң  бұзушылықтарға  жол 

берген  лауазымды  тұлғаларды  жоғарыда  айтып  кеткеніңіздей 

қызметінен  босату,  басқа  да  тәртіптік  жауапкершілікке  тартудан 

басқа  шаралар  қолданыла  ма?  Мәселен,  басы  таудай  болып 

басталған  лауазымды  қызметкерлерге  қатысты  істердің  аяғы 

сиырқұйымшақтанып, қысқарып кетіп жататындары бар...

 

    -


Қадағалаушы

 

орган  ретінде  біз  әрбір  заң  бұзған  немесе  қылмыс 



жасаған адамның заң шеңберінде міндетті түрде жауапқа тарлылуына 

үнемі  баса  назар  аударамыз.  Бұл  орайда,  әлгіндей  азаматтардың 

үстінен  қозғалған  іс  сотқа  жетіп,  тиісті  жаза  тағайындалуы  әрдайым 

назарамызда  тұрады.  Мәселен,  биылғы  жылдың  басынан  бері  облыс 

соттарымен сыбайлас  жемқорлыққа  қатысты  28  адамға  қатысты  24  іс 

қаралып,    сот  шешімі  шығарылды.  Ірі  көлемде  пара  алған  бұрынғы 

Ақмола  облысы  бойынша  сот  актілерін  орындау  департаментіінң 

бастығы Ж.Күзенбаев жеті жарым жылға бас бостандығынан айрылды. 

Жоғарыда  аталған  сотпен  қаралып,  шешім  шыарылған  істердің 

арасында  облыстық,  аудандық  деңгейдегі  көптеген  лауазымды 

тұлғалар  бар.  Яғни,  заңды  бұзған  азаматтар  қандай  қызмет 

ақтарғанына қарамастан, заң

 

бойынша жауапқа тартылатын болады. 



 

 


 

Жазықсыз қамауға алынғандар 

босатылды

 

 

Әрбір



 

істің  сыртында  адам  тағдыры  болады.  Оқта

-

текте  болса  да 



кездесіп  қалатын  жазықсыз  адамды  жазықты  деп  қылмысқа  тарту 

оқиғаларының  сондай  жағдайға  ұшыраған  азаматқа  қаншалықты 

психологиялық соққы әкелетінін бағамдау қиын емес. 

 

Заңның 



орындалуын 

қадағалаушы 

орган 

болып 


табылатын 

прокуратура  тарапынан  құқық  қорғаушылардың  заңды  қаншалықты 

сақтайтынын  бақылауға  үнемі  жете  көңіл  бөлінеді.  Прокуратура 

тарапынан жүргізілген тексерулер барысында қамауға алынғандардың 

арасында  Қылмыстық  іс  жүргізу  кодексінің  132  бабына  сай  26  адамға 

қатысты  қамау  түріндегі  бұлтартпау  амалы  қолдануға  жатпайтыны 

анықталды.  Заңсыз  қамауда  ұсталған  3  адам  босатылды.  Осындай 

келеңсіздіктерге 

жол 

берген 


құқық 


қорғаушы 

тәртіптік 

жауапкершілікке тартылды.

 


Жазықсыз 

адамды 


жазықты 

деп 


қамауға 

алған 


полиция 

қызметкерлерінің

 

бұндай әрекеттерінің әлгіндей жандарға қаншалықты 



психологиялық ауыртпалық әкелетіні  айтпаса да түсінікті.  Жәй қамап 

қоймай,  қылмыс  жасадың,  мойныңа  ал  деп  моральдық  жағынан  да 

қаншалықты  соққыға  ұшырататыны  белгілі.  Осы  тұрғыдан  алғанда, 

жазықсыз  қамауға  алынған  адамдардың  қадағалау  органының 

араласуымен босатылуын әділеттің салтанат құруы деп айтсақ, артық 

болмас.


 

Прокурорлық  тексерулер  барысында  қылмыс  көрсеткішін  түсіру 

мақсатымен  жасалған  қылмысты  жасыру  жайлары  да  кездесті.  Атап 

айтқанда,  28  қылмыстық  іс  тіркелмей,  бүркемеленіп  қалған.  Осындай 

заңсыздыққа жол берген 29 тұлға жауапкершілікке тартылды. 

 

Құқық



 

қорғаушылар  тарапынан  қылмысты  жасыру  айғақтары 

кездесуіне  қарамастан,  жалпы  алғанда  биылғы  жылдың  бірінші 

тоқсанында қылмыс көлемі бұрынғы кездермен салыстырғанда едәуір 

өскені  байқалып  отыр.  Әсіресе,  орта  деңгейлі  қылмыстар  мен  кісі 

өлтіру, зорлау, тонау сияқты ауыр қылмыстар саны да біршама өскен. 

Яғни,  мұның  өзі  құқық  қорғаушылардың

 

алдында  қылмыс  көлемін 



азайту,  оның  алдын  алу  бағытында  атқарылар міндеттің    аз  еместігін 

көрсетеді.    Ал  қылмыс  көлемін  азайтып,  оны  ауыздықтау  үшін  кәсіби 

біліктіліктің  жоғары  болуы,  өз  міндетіне  деген  адалдық  пен  заңды 

қатаң 


сақтау 

сияқты 


шаралардың 

қажет 


болатыны 

анық. 


Полицейлеріміз  дәл  сондай  биіктен  көрініп  жатса,  жазаға  тартылар 

жазықсыз  жандар  жойылып,  нағыз  қылмыскерлер    құрықталып, 

қылмыс саны азаяр еді деген ойдамыз.  

 

 



 

Залал айыпкердің есебінен өндіріледі

 

 

ҚР



 

Бас 


прокуроры 

прокуратура 

органдарының  алдына  әртүрлі  құқық 

бұзушылықтармен,  яғни  азаматтардың 

және 

заңды 


тұлғалардың 

заңсыз 


әрекеттерімен 

келтірілген 

залалды 


мемлекеттік  бюджетке  қайтару  бағытындағы  жұмысты  жандандыру 

міндетін  қойған  еді.  Осы  бағытта  Ақмола  облысы  Жақсы  аудандық 

прокуратурасы  біршама  жұмыстар  жүргізіп,  мемлекет  қазынасына 

1110827 теңге қаржыны қайтарды.

 

Түрлі  құқық  бұзушылықтар  мен  қылмыстың  салдарынан  күн  сайын 



дерлік  адамдар  залал  шегіп  жатады.  Дене  жарақатын  алған 

жәбірленуші ауруханада жатып, мемлекет есебінен тегін емделеді. Ал 

оған залал келтірген азамат бір тиын ақша төлемейді. Мәселен, өткен 

жылы араққа тойып алған К. деген азамат С

-

ны соққыға жығады. Орта 



дәрежелі  дене  жарақатын  алған  С.  ауруханада  жатып  емделді.  Оны 

емдеуге 115 мың теңге қаржы жұмсалған. Бірақ айыпкер жәбірленушіге 

келтірген залалдың көк тиынын өтемеген. 

 

Жақсы  аудандық  прокуратурасы  2014  жылы  болған  осындай  16  іске 



байланысты  сотқа  талап  ұсынды.  Ауруханада  жатып  емделген 

жәбірленуші 16 адамға жалпы құны 1110827 теңге мемлекет қаржысы 

жұмсалған.  Бұл  істі  қараған  аудандық  сот  прокуратураның  талап 

арызын  толық  қанағаттандырып,  шешім  шығарды.  Бүгінгі  күнге  дейін 

791912 теңге бюджетке қайтарылды. Ал қалған 318915 теңгені қайтару 

жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

 

Аудан  прокуроры  К.Балғожинаның  айтуынша,  осы  санаттағы  істерге 



алдағы  уақытта  да  жете  назар  аударылып,  әрдайым  бақылауда 

ұсталатын болады. 

 

 

 



 

 

Алаяқтық қылмыстың азаятын түрі 

көрінбейді

 

 

Оңай 



жолмен 

ақша 


табуға 

құныққан алаяқтар қатары азаймай 

отыр.  Биылғы  жылдың  бірінші 

жартсында  Ақмола  облысында 

алаяқтыққа 

қатысты 


598 

қылмыстық 

іс 

тіркелген. 



Қылмыстың басым көпшілігі ақшаға қатысты алақтықтың үлесіне тиеді. 

Ол  жалпы  қылмыстың  66,1  пайызын  құрайды.  Одан  кейінгі  орында 

ұялы телефонға қатысты алаяқтық тұр.

 

Ақмола  облыстық  прокуратурасы  басқармасының  аға  прокуроры 



Дәулет  Тілеубаевтың  айтуынша  алаяқтардың  қақпанына  түсетіндер 

негізінен  25

-

60  жас  аралығындағы  еңбекке  қабілетті  адамдар. 



 

Алаяқтық ұялы телефонды алдап алудан бастап, қолдан құжат жасап 

жылжымайтын мүлікті иеленуге дейінгі күрделі қылмыстар түрінде бой 

көрсетуде.  Ал  қылмыскерлердің  дені  21

-

49  жас  аралығындағы  еш 



жерде  жұмыс  жасамайтын  азаматтар.    Жасыратыны  жоқ,  алаяқтықты 

кәсіп  еткендер  түрлі  салалар  бойынша  білімді,  адамдармен  тез  тіл 

табысып, сеніміне кіре алатын және небір ақылға сиымсыз нәрселерді 

ойлап  табуға  шебер  талантты  жандар.  Өкінішке  орай,  олар  сол 

таланттарын өздеріне де, өзгелерге де пайда әкелмейтін залалды іске 

жұмсауда. 

 

Өткен жылы ұялы телефон арқылы қоңырау шалып, өзін құқық қорғау 



органының  қызмекері  деп  таныстырған  бейтаныстың  әлгі  азаматқа  

туысы,  не  баласының  есірткі  таратуға  байланысты  қылмыс  үстінде 

қолға  түскендігін,  егер  белгілі  сомада  ақша  берсе  оны  жабуға 

болатынын айтып, ақша талап етуі белең алған еді. Сол тұста көптеген 

көкшетаулықтар  алаяқтардың  құрығына  түсіп,  қомақты  ақшаларынан 

айрылып    сан  соғып  қалған.  Бүгінде  жалға  пәтер  алып,  өзін  сол 

пәтердің иесімін деп таныстырып, басқа адамға ұзақ мерзімге «жалға 

беретін» алаяқтар қатары көбейіп тұр. Ондайлардың, тіпті өз рөлдерін 

шебер  ойнайтындығы  соншалық,  жалға  алушы  еш  күмәнданбастан 

ешқандай  құжат,  не  келісім  талап  етпестен  қолына  ақшаны  ұстата 

салады  екен.  Сондай

-

ақ,  жарнамалық  газеттерді  қарап  отырып, 



құжаттарын  жоғалтып,  оны  тауып  әкелген  адамға  сыйлық  беремін 

дейтіндерді  алдап,  тақырға  отырғызатындар  қатары  да  көбейіп 

барады.  Құжаттарынан  айрылып  қиналған  адамға  соны  таптым, 

алдымен  мына  есепшотқа  немесе  ұялы  телефон  арқылы  белгілі 

сомада  ақша  аудар,  құжатыңды  сосын  аласың  деп  ақшасын  алып 

қарасын жоғалтатын алаяқтарды

 

табу да қиын. 



 

Қазіргі 


заманғы 

техниканы 

шебер 

меңгерген 



алаяқтардың 

құрбандығын  көріп,  сөйлеспей

-

ақ  терминалдар  арқылы  оның 



есепшотынан  телефонға  ақша  аудару  жолымен  сан  соқтырып  кететін 

оқиғалар  да  орын  алуда.  Тағы  бір  кең  таралған  алаяқтық  –

 

азаматтардың атынан жалған құжатпен ірі көлемдегі несиелер алу.  



 

Ақмола  облыстық  прокуратурасы  басқармасының  аға  прокуроры 

Дәулет  Тілеубаевтың  айтуынша,  алаяқтардың  қармағына  түсуге 

негізінен  құқықтық  білімнің  төмендігі  себеп  болуда.  Мәселен,  пәтерін 

жалға  беретін  жалған  қожайыннан  ешкім  жеке  басы  куәлігін  немсе 

басқа да құжатты сұрамайтыны және екіжақты келісім жасауды талап 

етпейтіні  таңғаларлық.  Жалған  қожайынның  айтқан  ауызша  уәдесіне 

малданып,  қолына  қомақты  ақшаны  ұстата  салатын  жәбір 



көрушілерден  қылмыскерді

 

табуға қажетті деректерді сұрай бстағанда 



ештеңе  білмейтіні  белгілі  болады.  Тіпті,  олардың  көбі  алаяқтың  түр

-

түсін де дәл басып айта алмайтынына не дерсің. 



 

Құқық  қорғаушылар  да  қарап  отырған  жоқ.  Қолға  түсіп,  заң  алдында 

жауапқа  тартылып  жатқандар  да  аз  емес.  Бірақ  «ет  тәттілігін  қойса, 

мен  ұрлығымды  қояр  едім»  дегендей,  оңай  жолмен  ақша  тапқысы 

келетін алаяқтар қатары кемитін түрі көрінбейді.  

 

 



 

Жалақы қарызын құзыретті орган 

араласқан соң ғана қайтарды

 

 

Еңбек 



туралы 

заңнаманы 

бұзатындар 

еліміздің 

қай 

аймағынан  да  кездесіп  жатады. 



Әсіресе,  адамдардың  адал  еңбек, 

маңдай 


терімен 

тапқан 


жалақыларын  уақытында  бермей, 

жұртты 


әбігерге 

салатындар 

қатары 

азаяр 


емес. 

Бұған 


шыдамай  ашынған  жандардың 

ереуілге  шығып,  тіпті  аштық  жариялап  жататындары  жайында  БАҚ 

айтып,  жазып  жүр.  Әлеуметтік  жағдайды  ушықтыруға  түрткі  болатын 

басты  себептердің  бірі  саналатын  жалақы  қарызы  мәселесі 

прокуратура органдарының үнемі бақылауында ұсталады. 

 

Атбасар  аудандық  прокуратурасына  наурыз  айында  «Агроцентр



-

Ақмола


-

Техсервис» серіктестігінің үстінен жалақы бермей отырандығы 

туралы  прокуратураға  шағым  түсті.  Шағым  бойынша  тексеру 

барысында  аталмыш  серіктестік  жұмысшыларына  жыл  басынан  бері 

жалақы  бермей  келгендігі  анықталды.  71  жұмысшыға  кәсіпорынның 

берешегі 5500000 теңгеге жеткен.  Дәл

 

осындай шағым  «Атбасарская 



нива»  және  «Агроцентр  Астана»  серіктестіктерінің  басшылығының 

үстінен де түсті. Жоғарыда аталған үш серіктестіктің өз жұмысшылары 

алдындағы жалақы қарызы 19895000 теңге болған. Қадағалау органы 


жұмысшыларына  жалақы  бермей  отырған  серіктестіктерге  қатысты 

наразылық құжатын жазып, еңбек туралы заңды бұзып отырғандығын, 

тез  арада  заңсыздықты  жою  қажеттігін  ескертті.  Қадағалаушы 

органның  ұсынымы  түрткі  болып,  бірнеше  айдан  бері  еңбекшілерге 

жалақы бермей отырған серіктестіктер еңбекақы қарызын түгел жапты.

 

«Атбасар  диірмені»  серіктестігінің  жұмысшылары  еңбекті  қорғау 



инспекциясына  біраздан  бері  жалақыларын  ала  алмай  отырғандығын 

айтып  шағымданған.  Осы  шағымға  сай  құзыретті  орган  тексеру 

өткізгенде  кәсіпорынның  жалақы  қарызы  3380000  теңгеге  жеткені 

анықталды. Еңбек инспекциясының күш салуымен серіктестік 1200000 

теңге  жалақы  қарызын  жауып,  қалғанын  таяудағы  екі  аптаның  ішінде 

қайтарамыз деп міндеттенді.

 

Еліміздің  басқа  аймақтарындағы  сияқты  Ақмола  облысында  да 



жоғарыда 

айтылғандай 

жалақы

 

қарызына 



байланысты 

заң 


бұзушылықтар  жер

-

жерде  жиі  кездесіп  жатады.  «Жыламаған  баланы 



емізбейді»  демекші,  мұндайда  құзыретті  органдарға  шағымданып, 

белсенділік  танытқан  ұжымдар  жалақыларын  солардың  көмегімен 

алады.  Ал  «бас  жарылса  бөрік  ішінде»  деп  үнсіз  көнбістік 

танытатындар  айлап

-

жылдап  жалақыларын  алмай  жүре  береді. 



Атбасар  ауданындағы  жоғарыда  айтылған  төрт  кәсіпорын  жалақы 

қарыздарын  құзыретті  орган  араласқан  соң  ғана  қайтарған.  Егер 

адамдар  жалақы  қарызын  қайтаруды  сұрап,  құзыретті  органдарға 

шағымданбаса,  онда  кәсіпорындар  ұзын  арқан,  кең  тұсаумен  айлап

-

жылдап жүре берер ме еді, кім білсін. 



 

Осы  жайдан  аңғарарымыз,  әрбір  еңбек  адамы  өз  құқығын  біліп,  оны 

заң  арқылы  қорғауда  белсенді  болуы  қажет.  Сонда  ғана  жалақы 

бермей жұртты әбігерге салатын кәсіпорындар қатары азаймақ. 

 

 

 



Жемқорлық заң бұзушылықтар азаймай 

тұр

 

 

2014 

жылы 


Ақмола 

облысының 

прокуратурасы 

әлеуметтік

-

экономикалық 



сала 

бойынша 


1388 

тексеру 


жүргізіп, 

сол 


тексерулердің 

нәтижесінде 

9325 

заң 


бұзушылық 

жайлар 


анықталған. 

Прокуратураның 

араласуымен  633  заңсыз  актілер  күшін  жойып,  заңсыздыққа  жол 

берген  1781  адам  әртүрлі  жауапкершіліктерге  тартылған.  Осы 

тексерулер  мен  қолданылған  шаралардың  нәтижесінде  мемлекет 

бюджетіне 1 миллиард теңгеден астам қаржы қайтарылған.

 

Облыстық 



прокуратураның 

әлеуметтік

-

экономикалық 



саладағы 

заңдарды 

қадағалау 

басқармасының 

бастығы 

Серікжан 

Қожахметовтың  айтуынша,  бұл  саладағы  заң  бұзушылықтар  қатары 

жыл  санап  өспесе,  кемімей  отыр.  Өткен  жылы  ғана  36  лауазымды 

тұлға  жемқорлық  заң  бұзушылықтарға  жол  бергені  үшін  әртүрлі

 

жауапкершіліктерге  тартылыпты.  Олардың  арасында  облыстық 



аңшылық  және  орман  шаруашылығы  инспекциясының  бастығы, 

еңбекпен  қамту  және  әлеуметтік  бағдарламаларды  үйлестіру 

басқармасы 

бастығының 

орынбасары, 

жол


-

көлік 


тасымалы 

басқармасы бастығының орынбасары сияқты лауазым иелері бар.  

 

Адал  еңбек,  маңдай  терімен  тапқан  жалақыларын  бермей  сандалтып 



қоятын

 

басшылар  да  аз  емес.  Өткен  жылы  прокуратураның 



араласуымен 3100 азамат жалпы сомасы 230 миллион теңге болатын 

еңбекақыларын алған. Егер қадағалау органы араласпаса, әлгі мекеме 

мен  ұйымдар  өз  қызметкерлерінің  жалақыларын  бермей  әлі  де  біраз 

уақыт сабылтары анық еді. 

 

Ақмола  облысында  кең  етек  алған  экономикалық  заңсыздықтардың 



қатарында

 

жер  телімдерін  бөлу  жайы  бар.  Бұндай  заңсыздықтар, 



әсіресе Астана маңындағы елді мекендерде жиі кездесіп жатады. 2014 

жылы прокуратура заңсыз жолмен берілген сомасы 822 миллион теңге 

тұратын  281  жер  телімін  мемлекет  иелігіне  қайтарды.  Ұлттық  парк 


аумағына  кіретін  ормандарда  ағашты  заңсыз  кесу,  қорық  аумағынан 

ақбөкен,  елік  сияқты  аңдарды  заңсыз  ату  сияқты  жайлар  да  жиі  бой 

көрсетіп  жатады.  Прокуратураның  араласуымен  өткен  жылы  заңсыз 

ағаш кесуге қатысты 8 қылмыстық іс қозғалып, заң бұзғандар жауапқа 

тартылды. 

 

 



 

 

Жаңа қорымға қажетті ұлтарақтай жер де 

жоқ

 

Қазақ


 

«жер дауы мен жесір дауы 

бітпейді»  дейді.  Жерге  меншікті 

заң  негізінде    бекіткен  Жер 

кодексі  қабылданғаннан  кейінгі 

кезде  жер  дауы  өршіп  кетті. 

Жерге 

қатысты 


заң 

бұзушылықтар,  қылмыстар  жер

-

жерде  белең  алды.  Бұндай 



заңсыздықтар, 

әсіресе 


ірі 

қалалар  мен  елді  мекендерде 

және  ауыл  шаруашылығы  мақсатында  пайдаланатын  шұрайлы 

өңірлерде  жиі  көрініс  беріп  жатады.  Заңсыздықтардың  орын  алуының 

себебі әртүрлі. Дегенмен де, заң бұзушылықтың басты себебі ретінде 

жерге


 

қатысты мемлекеттік органдардың жұмысындағы олқылықтарды 

атап өтуге болады.

 

     



Ақмола  облыстық  прокуратурасы  аймақтағы  жерге  қатысты 

заңсыздықтардың  жайына  арналған  арнайы  алқа  мәжілісін  өткізді. 

Облыстық  прокуратураның  1

-

ші  басқармасының  бастығы  Серікжан 



Қожахметовтың  айтуынша,  жерге  қатысты  заңсыздықтарға  тосқауыл 

қоятын  мемлекеттік  орган  –

 

аумақтық  жер  инспекциясы  өз  міндетін 



дұрыс  орындамай  отыр.  Атап  айтқанда,  жергілікті  атқарушы  органдар 

тарапынан жерге қатысты заң бұзушылықтарға байланысты жолдаған 

ақпараттар  дұрыс  тексерілмейді  және  қажетті  шара  қолданылмайды. 

Мәселен,  биылғы  жылдың  ақпан  айында  Целиноград  аудандық  жер 



қатынстары

 

бөлімі  аумақтық  жер  инпсекциясына  жерге  қатысты  еш 



құжатсыз  үй  салу  оқиғалары  жөнінде  хат  жолдайды.  Аумақтық 

инспекция  мұны  тексеріп,  заңсыздықтың  алдын  алудың  орнына  заң 

бұзушы  субьектілердің  мекен

-

жайы  көрсетілмегендіктен,  тексеру 



мүмкін емес деп бас тартады. Елді мекеннен тыс аумақтан заңсыз үй 

салған адамдардың мекен

-

жайын қалай анықтауға болады? 



 

      


Айта  кетерлігі,

 

бұл  мәселе  бүгінде  облыста,  әсіресе,  Астана 



маңайы  мен  Бурабай  курортты  аймағында  өршіп  барады.  Адамдар 

жергілікті әкімдіктен саяжай саламыз деп жер телімін алады да екі

-

үш 


қабатты  котедж  салып  алады.  Осылайша  саяжайға  деп  берілген 

жерден  салынған  тұрғын  үйлер

 

көп  ұзамай  іргелі  елді  мекенге 



айналады.  Картада  жоқ,  бас  жоспарда  көрсетілмеген  заңсыз  пайда 

болған  осындай  елді  мекен  тұрғындары  енді  жергілікті  әкімшілікке 

«бізге  су,  электр  қуатын,  инженерлік  құрылымдар  тартыңдар,  жол 

салып  беріңдер»  деп  талап  қояды.  Осындай  өздігінен  пайда  болған 

елді  мекендер  бүгінде  облыс  басшылығының  үлкен  бас  ауруы  болып 

отырған  жайы  бар.  Облыс  әкімінің  орынбасары  Рәшит  Әкімовтың 

айтуынша,  Астана  маңында  бой  көтерген  осындай  бір  елді  мекенге 

инженерлік  құрылымдар  орнату  үшін  екі  миллиардтан  астам  қаржы 

қажет екен. Картада жоқ, заңсыз бой көтерген мұндай елді мекендерге 

қажетті  инфрақұрылымдар  салуға  керекті  қаржы  облыс  бюджетінде 

қарастырылмаған.  Бұл  да  жергілікті  билік  пен  жер  қатынастарын 

реттейтін органдардың жол берген олқылықтарының салдарынан орын 

алған жай.

 

     



Жерге  қатысты  заңсыздықтарды  анықтап,  оның  жолын  кесумен 

айналысатын  орган  –

 

аумақтық  жер  инспекциясының  өз  міндеттерін 



дұрыс  орындамауы  заңсыздықтардың  жылдан  жылға  өршуіне 

ұрындырып  отырған  сыңайлы.  Мәселен,  прокуратура  Астана 

маңындағы  елді  мекендерде  жер  телімін  алып,  оны  пайдаланбай 

отырған жайларға қатысты 598 жер телімін тексеру жөнінде аумақтық 

жер инспекциясына хат жолдайды. Жер инспекциясы 120 жер телімін 

тексерген  де,  қалған  478  жер  телімін  тексеруді  қажет  деп  таппаған. 

Жергілікті 

атқарушы 

орган 

мен 


прокуратура 

тарапынан 

заңсыздықтарды  көзге  шұқығандай  көрсетіп  берген  жағдайлардың 

өзінде  жер  инпекциясы  қырық  түрлі  сылтау  айтып,  тексеруден 

жалтаратындығы  таң  қалдырады.  Олар  тексеріліп,  заңсыздықтар 

анықталған  жағдайларға  қатысты  да  өз  құзыреттілігі  шеңберінде 



пәрмен  қабылдамайтындығы  –

 

аталмыш  мемлекеттік  органның  өз 



міндетін атқармай отырғандығын дәлелдейтіндей.

 

    



Қазақта

 

«сенген  қойым  сен  болсаң»  деген  сөз  бар.  Сол  сияқты 



жерге қатысты заңсыздықтарды тыяды деп сенім жүктелген органның 

әрекетсіздігі жерге қатысты заң бұзушылықтардың жылдан жылға өсе 

түсуіне себеп болып отырғанға ұқсайды. Бұдан жеке адамдар да, тіпті 

мемлекеттің өзі де зардап шегуде. Мәселен, Көкшетау қаласында жер 

телімін  алу  үшін  мыңдаған  адам  кезекте  тұр.  Ал  прокуратура  50 

адамның  кезектен  тыс  жер  телімдерін  алғандығын  анықтап,  аумақтық 

жер  инспекциясына  хабарлайды.  Тек  осыдан  кейін  ғана  олар  өз 

құзыреттілігі  шеңберінде  шара  қолданады.  Ал  прокуратура  мен  құқық 

органдарының  назарынан  тыс

 

қалып  жатқан  заң  бұзушылықтар 



қаншама,  одан  жүздеген,  мыңдаған  адамдар  залал  шегіп  жатқаны 

анық. 


 

     


Астана маңайынан «Жасыл аумақ» құру бағдарламасына орай 262 

гектар  жерді  құзырлы  органдар    162  миллион  теңгеге  сатып  алады. 

Жә,  дұрыс

-

ақ,  мемлекет  мұқтажы  үшін  миллиондаған  бюджет 



қаржысын  жұмсағанның  айыбы  жоқ  деуге  болар  еді,  бірақ  жер  қазіргі 

нарық  бағамынан  бақандай  он  есе  қымбат  бағаға  сатып  алынған. 

Мемлекеттің  миллиондарын  осылайша  әлдекімнің  қоржынына  салып 

берген «атымтай жомарттардың» осы әрекеті белгілі болысымен, бұл 

оқиғаға  қатысты  қылмыстық  іс  қозғалған.  Қазір  мемлекеттің  желге 

ұшқан миллиондарын қайтару мүмкін болмай отыр. 

 

      


Алқа  отырысына  қатысқан  облыс  әкімінің    орынбасары  Рәшит 

Әкімов  Астана  маңайындағы  жерлердің  бәрінің  жеке  меншікке  өтіп 

кеткендігін,  тіпті  астаналықтар  үшін  жаңа  қорым  салуға  қажетті  жер 

аумағын  екі  жылдан  бері  таба  алмай  отырғанын  жасырмады.  Осы 

арада Мәскеуді қорғаған панфиловшылар взводының саяси жетекшісі 

Клочковтың  айтқан  «Ресей  кең  байтақ,  бірақ  шегінерге  жер  жоқ, 

артымызда Москва» деген сөзі еске түседі. Қазақстан кең байтақ, бірақ 

жердің  бәрі  бөлініп,  жеке  меншікке  өтіп  кеткендіктен,  тіпті  өлгендерді 

жерлейтін  қорымға  қажетті  ұлтарақтай  жер  де  қалмаған  сияқты.         

Қорымды  айтасыз,  тіпті  «Экспо

-2017-

ге»  қажетті  он  гектар  жерді  таба 



алмай жергілікті әкімшілік басын қатырып отырған түрі бар. 

 

      



Жол  берілген  олқылықтарға  қатысты  баяндаған  аумақтық  жер 

иснпекциясы  бастығының  міндетін  атқарушы  Рүстем  Төкеновтың  сөзі 

атқарылған  жұмыстарын  тізбелеуден  әрі  аспады  және  ол  өзіне 


қойылған

 

облыс прокуроры мен облыс әкімінің орынбасарының нақты 



сауалдарына  да  жөндемі  жауап  бере  алмады.  Осыған  қарап, 

облыстағы жерге қатысты заңсыздықтарды тыятын құзырлы органның 

өз  міндетін  қаншалықты  дәрежеде  атқарып  отырғанын  бағамдауға 

болатындай.  Оның  есесіне  жерге  қатысты заң  бұзушылықтар  жылдан 

жылға  өрши  түсуде.  Мәселен,    Астана  маңайындағы  Целиоград, 

Аршалы,  Шортанды  аудандарындағы  жер  бөлумен  айналысатын 

құзырлы  орган  басшылары  жыл  сайын  жемқорлыққа  қатысты  заң 

бұзып,  қызметтерімен  қош  айтысып  жатады.  Бірақ,  заңсыздықтар 

бәрібір тыйылар емес. «Ет тәттілігін қойса, мен ұрлығымды қояр едім» 

дегендей


-

ақ,  жер  бағасы  шарықтап  тұрған  қазіргі  жағдайда  құзырлы 

органдардың 

тізгінін 

ұстағандар 

тарапынан 

жасалатын 

заң 


бұзушылықтардың тыйылмайтын түрі бар. 

 

 



 

 

Мемлекет мүддесін қорғау –

 

басты 

назарда

 

 

Ақмола 


облыстық 

прокуратурасында 

мемлекет қазынасына келтірілген залалды 

қайтару 


бағытындағы 

заңдардың 

сақталуын  қадағалайтын  арнайы  топ 

жұмыс  істейді.  Жұмыс  тобы  аталмыш 

мәселеге  қатысты  сот  шешімдері  мен 

құқық 


органдарының 

тексеру 


жұмыстарының  нәтижелеріне    талдау 

жасап,  заңдылықтардың  сақталуына  жіті 

назар 

аударады. 



Облыстық 

прокуратураның  соттағы  мемлекет  мүддесін  қорғау  жөніндегі 

басқармасы бастығының орынбасары Жанат Тұралиновтың айтуынша,

 

биылғы  жылдың  алғашқы  9  айында  қылмыстық  әрекеттер  арқылы 



мемлекет қазынасына келтірілген залалдың орнын толтыру бағытында 

жалпы  сомасы  4419705  теңге  болатын  33  талап  арыз  түскен.    Талап 

арыздарды  қарай  келе  прокуратура  27  іске  қатысты  заңдылықтардың 

бұзылғандығын 

анықтаған. 

Олардың 

басым 


көпшілігі 

жәбірленушілердің  емделуге  қатысты  жұмсаған  ақшаға  байланысты 

шығындар.

 

Мәселен,  Сандықтау  ауданының  А.  деген  тұрғыны  бұзақының 



соққысына  жығылып,  содан  алған  тән  жарақатына  байланысты 

ауруханада  жатып  емделеді.

 

Жәбірленушіні  емдеуге  қажетті  дәрі



-

дәрмек  пен  тамақтандыру  шығыны  түгел  мемлекет  есебінен 

жабылады.  Бұған  жалпы  сомасы  50  мың  теңгедей  ақша  жұмсалған. 

Осыған орай, Сандықтау аудандық прокуратурасы  жұмсалған 50 мың 

теңге  мемлекет  қаржысын  А.

-

ны  соққыға  жыққан



 

қылмыскердің 

есебінен  қайтаруды  сұрап,  прокурорлық  наразылық  білдірді.  Сот 

прокуратураның  арызын  қанағаттандырып,  шығын  қылмыскердің 

есебінен жабылды. 

 

Прокуратураның  араласуымен  «Жақсы  су  арнасы»  коммуналдық 



кәсіпорнының бухгалтерінің келтірген 250288 теңге мемлекет қаржысы 

қайтарылды. 

 

Жұмыс  тобының  атсалысуымен  жүзеге  асқан  мемлекет  қаржысын 



қайтаруға

 

қатысты істердің арасында қылмыскерлерді іздестіруге және 



сот  сараптамасын  жасауға  жұмсалған  ақша  шығындары  да  бар. 

Мәселен, құқық органдарынан қашып,

 

ізін жасырған А. деген азаматты 



іздестіруге  мемлекет  қазынасы  есебінен  286080  теңге  жұмсалады. 

Прокуратураның  араласуымен  бұл  қаржы  қолға  түскен  қылмыскердің 

есебінен өтелетін болды. 

 

Жұмыс тобы биылғы жылдың алғашқы 9 айында жөнсіз жұмсалған  3,6 



миллион

 

теңгедей мемлекет қаржысын қазынаға қайтарды.



 

 

 



 

 

 

Мемлекеттік рәміздерімізді өз деңгейінде 

құрметтеп

 

жүрміз бе?

 

    


Елімізде  жылдың  бір  күні  арнайы  түрде  мемлекеттік  рәміздер  күні 

аталып,  мемлекеттік  рәміздерімізді  құрметтеу  бағытында  насихат 

жұмыстары  жүргізіліп  жатыр.  Дегенмен  де,  жасыратыны  жоқ  бұл 

жұмыстар  сонау  кеңес  заманындағы  комсомол  жиналыстары  сияқты 

жаттандылық  сипатта  жүргізіліп,  содан  болар  одан  көп  нәтиже  болып 

жатқан  жоқ.  Соның  айғағы  ретінде  еліміздің  әр  өңірінде  ара

-

тұра 


кездесіп  қалатын  мемлекеттік  рәміздерімізге  қатысты  келеңсіз 

жайларды  атап  өтуге  болады.  Өткен  жылы  біраз  басылымдарда  көк 

байрағымызбен қоқыс тасып жүргендердің суреті жарияланып, бұл сол 

тұста көп адамдардың ашу

-

ызасын туғызған



-

ды.  


 

     


Ақмола  облыстық  прокуратурасының  Атбасар  ауданында  өткізген 

тексеруі кезінде лауазымды қызмет атқаратын шенеуніктердің көпшілігі 

мемлекеттік  рәміздерімізді  құрметтемейтіні, тіпті  оған оншалықты  мән 

бермейтіні 

анықталды. 

Заң 


талаптарына 

сай 


мемлекеттік 

мекемелердің  маңдайшасында  еліміздің  көк  байрағы  ілулі  тұруы 

қажет. Лауазымды қызметкерлердің жұмыс бөлмесінде де көк туымыз 

бен елтаңбамыз болуы тиіс. Бірақ атбасарлық шенеуніктер бұндай заң 

талаптарына  еш  мән  бермейтін  болып  шықты.  Бірқатар  лауазымды 


тұлғалардың  жұмыс  бөлмесінде  көк  байрағымыз  да  елтаңбамыз  да 

атымен  жоқ  екен.  Ал  барларының  өзі  белгіленген  мемелкеттік 

өлшемдерге сай жасалмағандығы анықталды. 

 

     



Мәселен,  аудандық  өнеркәсіп  бөлімі  бастығының  кабинетіндегі 

тудың  көлемі  белгіленген  мемлекеттік  өлшемдерге  сай  жасалмаған. 

ҚР  туының  көлемі  1Х2  метр  болуы  тиіс.  Мұндай стандартқа сай  емес 

туды  қайда,  кімдер  жасағаны  белгісіз.  Ал  ветеринария  бөлімі 

бастығының  бөлмесіндегі  көк  туымыз  да  өлшемге  сай  болмай  шықты 

және  сорақысы  сол  тудың  бір  жағы  көк  те,  екінші  жағы  ақшыл  түсті

Осындай  алабажақ  туды  бөлім  бастығы  жұмыс  бөлмесінің  төріне 



қойып  қойған.  Ал  аудандық  ауыл  шаруашылығы,  мәдениет  және 

тілдерді дамыту бөлімінің бастығының жұмыс бөлмесінде еліміздің көк 

байрағы  төрде  емес,  босаға  жақтағы  жылу  батареясына  қыстырылып 

қойыпты.  Білдей  бөлім  бастығының  еліміздің  мемлекеттік  рәмізіне 

деген құрметі осылай болып шықты. 

 

      



Бірқатар 

басшылардың 

бөлмесіндегі 

туларымыз 

 

түрлі 


қарақожалақ  дақтармен  айғыздалып,  кірлеген.  Көп  кабинеттерде 

елтаңбамыз  жоқ  және  бар  болғанмен  белгіленген  өлшемдерде 

жасалмағандығы  анықталды.  Оны  айтасыз,  тіпті  аудан  әкімшілігі 

ғимаратының  кіре  берісіне  қойылған  елтаңбамыз  белгіленген 

өлшемнен 500 миллиметрге кіші болып шықты.

 

     



Жұмыс  бөлмесіне  бір  жағы  көк,  екінші  жағы  ақшыл  түсті  алабажақ 

туды  қойған

 

ветеринария  бөлімінің  бастығы  әкімшілік  жазаға 



тартылып,  200 есептік  көрсеткіш  деңгейінде  айыппұл төлейтін  болды. 

Мемлекеттік рәміздерімізге қатысты келеңсіздіктерге жол берген басқа 

лауазым иелері де тәртіптік жауапкершіліктен қашып құтыла алмайтын 

сияқты. 


 

     


Қадағалау

 

органы  тарапынан  жүргізілген  тексеру  барысында  



Атбасар ауданындағы орын алған мемлекеттік рәміздерімізге қатысты 

жоғарыда  айтылған  келеңсіз  жайлар  облыстың  барлық  өңірлерінде 

кездеседі  десек,  артық  айтқандық  болмас.    Егер  осы  тарапта

 

тексерулер  жүргізілетін  болса,  мемелкеттік  рәміздерімізге  қатысты 



нешетүрлі келеңсіз жайлардың куәсі боларымыз анық.

 

Отансүйгіштік,  елжандылық  қасиеттердің  барлығы  мемелкеттік 



рәміздерімізді  құрметтеуден  басталатыны  белгілі.  Сондықтан  да  бұл 

бағытта  жылына  бір  рет  өткізілетін  жаттанды  шарамен  шектеліп 



қалмай,  үздіксіз  және  тұрақты  насихат  жұмыстарын  жүргізген  жөн 

болар еді дегіміз келеді. 

 

 

 



 

 

 



 




©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал