Дене дамуына, денсаулықты нығайтуға, жұмыс қабілеттілігін жоғарылатуға және ұдайы өзін-өзі, оның ішінде сыртқы, дене пішінін, жетілдіруге қажеттілікті қалыптастыруға бағытталған адамды жетілдіру жүйесі



бет3/7
Дата21.11.2022
өлшемі288,78 Kb.
#51583
1   2   3   4   5   6   7
Сабақтың мазмұны мен құрылымы. Әрбір жастағы топтарға арналған бағдарламадан туындайтын және балалардың қимыл әрекеттерінен көрінетін дене жаттығулары сабақтың мазмұнын құрайды. Дене жаттығулары мазмұны жағынан әр алуан. Бұл орайда айқын әрі дәл міндетті бағдарламаның жүргізілу жүйелілігін сақтау, сондай –ақ балалардың жасына байланысты, жеке басының ерекшеліктерін ескеру міндетті түрде қажет. Сабақтың құрылымы жене жаттығуларын жүйелі түрде қажет. Сабақтың құрылымы дене жаттықтыруларын жүйелі түрде орындауынан көрінеді. Дене шынықтыру сабақтары өзара байланысты үш бөлімнен кіріспе дайындық (мотивациялық-қозғаушылық), негізгі (ұйымдастыру-іздестіру) және қорытынды (рефлексивті-түзетушілік)
6
бөлімдерден тұрады. Сабақтың әрбір бөлімі үшін барлық білім беру, тәрбиелеу және сауықтыру міндеттерінің бірдей зор маңызы бар. Көрсетілген міндеттердің орындалуы балаларға жан-жақты ықпал етуді қамтамасыз етеді. Баланың ойының ширақ жұмыс істеуіне, сезіміне, игерген дағдыларына байланысты, тапсырмаға баланың реакциясы сабақтың кез келген бөлімінен және әрекеттің бүкіл сан алуандылығынан көрінуі тиіс.
Дене шынықтыру сабақтары. Сабақтың жалпы сипаттамасы. Дене шынықтыру сабақтары – балаларға дене шынықтыру жаттығуларын жүйелі түрде үйретудің негізгі формасы. Сабақтың арнаулы міндеті барлық жастағы топтардың балаларын дұрыс қимыл қозғалысқа үйрету, дене қасиетін тәрбиелеу болып табылады. Сабақтың маңыздылығы өзара байланысты сауықтыру, білім беру, тәрбиелеу міндеттерін жүйелі түрде жүзеге асыру олардың орындалуы баланың дене күшінің дамуын, денсаулығының нығаюын, олардың дұрыс қитмыл-қозғалыс дағдыларын игеруін дене тәрбиесі мен спортқа эмоционалды-жағывмды қатынасын қалыптасрыуды, оның жеке басын жан-жақты қамтамасыз етеді.
Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі пәні, мақсаты, міндеттері, мазмұны. Дене тәрбиесі теориясы – адам денесін жетілдіру процесін басқарудың жалпы заңдары туралы ғылым. Дене тәрбиесі теориясы дене тәрбиесі жүйесінің мақсатын, міндеттерін, қағидаларын зерттейді, тәрбиенің басқа түрлерімен-ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық еңбек тәрбиесі мен
7
дене тәрбиесінің заңды байланысын ашып көрсетеді. Дене тәрбиесі құралдарын оқып-білуге, дене жаттығуларын үйрету қағидалары мен әдістерін ашып көрсетуге дамытуға, спорттық жаттығулардың жалпы негіздерін, денені жаттықтыру сабақтарының әр түрлі формаларын сондай – ақ дене тәрбиесі жөніндегі жұмысты жоспарлауға және есепке алуға көп көңіл бөлінеді. Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі үнемі қоғамдық практикамен біргелікте дамып келеді.

8



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет