ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ӨНЕР, МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ ИНСТИТУТЫ
БАСТАПҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ
Тақырыбы: Дене тәрбиесінің амалдары
Орындаған: Жұматаев А.М
Дене тәрбиесінің амалдары
Дене тәрбиесі жүйесінің ең басты мақсаты — адам баласының дене қалпының жетілуі жөніндегі көрсеткіштерін ойдағыдай болуын қамтамасыз ету болып табылады. Қоғамның өзі дене тәрбиесі жүйесінің және оның қалыпты жүмыс атқаруын көтермелеп отыруға міндетті. Бұл күтіліп отырған көрсеткіш қоғамның даму заңдылыктарьша негізделген. Бұл мақсатта елдің байлығын арттыру және оны қорғауға дайын адамдар жөніндегі қоғамның объективті қажеттілігі көрініс тапқан.
Дене тәрбиесі — адам ағзасына дене қимылы жаттығуларымен максатты, жүйелі түрде ықпал ету, денсаулықты нығайтуға жақсартарлық табиғаттың табиғи күштері мен тазалық сақтауды жолға қою, дене қасиеттерін тәрбиелеу және өмірлік мәні зор қозғалтқыштық іскерлік иен дағдыларды, соларға байланысты білімдерді қалыптастырып, жетілдіру, адамды белсенді өмірге даярлау, деп түсінік беруге болады.
Бұл анықтамадан дене мәдениетінің екі ерекшелігі байқалады:
Қозғалыстарға үйрету. Ол дене тәрбиесі білімінің негізгі мазмұнын қүрайды, яғни, өзінің қозғалысын басқарудағы арнайы тәсілдерді орынды пайдалану жүйесін меңгертеді, сол арқылы іскерліктің, дағдылардың және онымен байланысты білімнің қорын игереді.
Адамның дене құрылысы сапаларына қатысты дене құрылысының табиғи қасиеттері кешеніне максатты түрде ықпал ету. Дене тәрбиесінің бұл саласын дене сапаларын тәрбиелеу сапалары деп атайды. Соңғы нәтижеде дене тәрбиесі тәрбиенің басқа түрлерімен бірге педагогикалық үдеріс ретінде жеке тулғаның қалыптасуына ықпал етеді.
Дене қимылы білімі — қозғалыстарға үйретудің негізгі мазмұнын құрайды және адамның өз қозғалыстарын басқарудағы орынды тәсілдерді меңгеру жүйесін жасайды, сол арқылы іскерліктің дағдылардың және солармен байланысты білімдердің емірге қажетті қозғалтқыш қорын меңгертеді.
Дене қимылы дамуы — адам жеке өмірінің үзақ жолында өз дене қызметінің табиғи қасиеттеріне және дене сапалары мен қабілеттеріне негізделе біртіндеп қалыптасуы және өзгеруі занды үдеріс. Дене дамуына тұқым қуалаушылық факторлары, өмір жағдайлары және тәрбие ерекшеліктері айтарлықтай әсер етеді.
Дене қимылы дайындығы — белгілі бір іс-әрекетке байланысты, мақсатты орындауға бағытталған дене тәрбиесінің мамандырылған үдерісі. Ол жалпы арнайы дене дайындығын танып білуге көмектеседі. Дене кимылының дайындығы — еңбекке әзірлеудің, әскерде қызмет етуте дайындықтың бөлінбес қүрамы болып табылады.
Дене кимылынын жағдайы — рекреациядан (үзілістен) және реабилитациядан (қалпына келтіруден) тұрады. Дене тәрбиесінің үзілісі деп — дене қимылы жаттығуларының көмегі арқылы адамдардың лэззат аларлық белсенді демалысын жүзеге асыру және жаттығудың бір түрінен екінші түріне үзіліссіз, тоқтаусыз ауысуы дейді. Ал, дене тәрбиесінің қалпына келтіруі — біршама жоғалған немесе әлсіреген дене қабілеттерін дене шынықтыру құралдарымен қалпына келтіру қызметін айтады. Онда адам ағзасын қалпына келтіру жолдары көп, тек әдістерін дүрыс пайдалану қажет.
«Дене қимылы реабилитациясы» термині уақытша жоғалған немесе оқыс жағдайлар мен ауру кезінде төмендеген дене қуатын қалпына келтіру дегенді білдіреді. Атап айтқанда, дене шынықтырумен немесе спортпен шұғылдану барысында жарақат алып немесе басқа аурулармен ауырып, уақытша денсаулығын жоғалтқан адам ағзасының мүмкіндіктерін қалпына келтіру үшін дене жаттығуларьш арнайы түрде пайдалануын айтады. Дене жаттығуларын бұлай пайдаланудың медициналық емдік қасиеті бар. Тынығу қызметі дене тәрбиесі жаттығуларын қолдану арқылы белсенді демалыс, адам ағзасының уақытша жоғалтқан функциялық мүмкіндіктерін қалпына келтіруін айтады. «Дене рекреациясы» — белсенді демалысты қамтамасыз ету, адам бойындағы дене қимылы қасиеттерін қалпына келтіру үшін, басқа бір қимыл белсенділігі аз іспен айналыса отырып, үзіліспен дене тәрбиесінің тағы бір міндетін шешуді көрсетеді. Яғни, жүктемені реттей отырып, жаттығудың бір түрінен екінші түріне тоқтаусыз ауысуы деп аталады.
Дене тәрбиесінің жүйесі — үғымы дене тәрбиесінің әлеуметтік сараманындағы белгілі тарихи үлгіні бейнелейді, яғни, өзі тәуелді нақты қоғамдық қауым жағдайының алғашқы негіздері мен ұйымдары түрлерінің тәртіпке келтірілген жиынтығы. Біздің еліміздің дене тәрбиесі жүйесі дене тәрбиесінің идеологиялық, ғылыми — әдістемелік негіздерінің, сондай-ақ, адамдардың дене мәдениетін жүзеге асыратын және бақылайтын үйымдар мен мекемелердің бір екендігін танытады.
Дене мәдениетінің қозгалысы — бұл үғым адамдардың дене мәдениетінің мүраларын пайдаланып, дамыта көбейтуде бір арнада бірлесе еңбек ететін әлеуметтік қозғалысты қамтиды. Дене мәдениетінің дамуы бүкіл адамзаттық құбылыс болғандықтан, оны дамытуға ұмтылған адамдардың өзара іс-әрекетінсіз жузеге аспайды. Дене тәрбиесі қозғалысы — осы өзара іс-әрекетті үйымдастырудың бір түрі.
Дене қимылының жетілдіруі — адам денесінің жан-жақты және дене тәрбиесінің үйлесімді дамуыньщ шаралары туралы түсініктерді жинақтайды. Сонымен бірге, бұл шара еңбек және басқа да өмірлік қызмет өрістеріне қолайлы келетінін, дене шынықтыру саласында жеке дарынның жеткен барынша жоғары даму дәрежесін білдіреді және ұзақ өмір сүру заңдылықтарына жауап береді.
Спорт туралы тақырыптар мен тарауларды қайталау және күнделікті ақпарат қүралдарынан толықтырып отыру.
Дене тәрбиесі жүйесінің мақсаты — денсаулығы мықты, рухани байлықты игерген, моральдік тұргыдан таза, Отанды қорғауға және ұзақ уақыт шығармашылык еңбекке жарамды адамдарды тәрбиелеп қалыптастыру болып табылады. Осы мақсат біздің елімізде әрбір адамның және қоғамның мүддесін білдіреді. Денені жетілдіру, дене мүшесінің кемістігі жоқ, барлық қажеттілік пен қасиеттерді бойында жинақтаған адам туралы халықтардың ғасырлар бойы жетуге тырысқан арманын бейнелейді.
Дене тәрбиесінің ғылыми және оқу тұрғысындағы теориясы мен әдісі оның кәсіби құрылымын айқындайтын негізгі білімді құрайды. Дене тәрбиесінің теориясы мен тәсілдері мұғалімнің педагогикалық қабілетін дамытып, дене тәрбиесінің кез-келген сатысында түрлі мәселелерді шешіп, ғылыми бағытта дұрыс пайдалануға көмек береді. Кез-келген білім өзіндік әдістемелік бағыт-бағдар болған жағдайда ғана өмір сүре алады. Белгілі бір ғылымньщ өзіндік зерттейтін объектісі болады. Зерттеу нәтижесінде жинақталған білімдер үйретілетін пәннің айқын жүйесін, оқу барысын құрайды. Оның өткізу әдістерін үйрену барысында бұрыннан жинақталған тәжірибені ортаға бөлісумен тиянақталады.
Достарыңызбен бөлісу: |