3
Ежелгі дүние тарихын пәнінен оқу жұмыс бағдарламасы
1.1.Пәнді оқытудың мақсаты
Ежелгі дүние тарихыкурсының басты мақсаты: тарихшы студенттерге Ежелгі
Шығыс, Греция және Рим қоғамының алғашқы қарапайым қауымдық
қоғамнан алғашқы мемлекеттік қоғамға өту
тарихының басты белгілерін
және мемлекеттік институттарының пайда болу тарихын, адамзат
дамуындағы жаңа қоғам- өркениеттік қоғамның
даму тарихын жан-жақты
талдап оқыту, үйрету және игерту болып табылады. Сонымен қатар, Ежелгі
дәуір өркениеттерінің адамзат қоғамының дамуының барлық өрістеріне, яғни
қоғамдық- саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени өрістерінің
өркениеттердің бастауына, қалыптасуына және дамуына қосқан үлесі мен
орасан зор ықпалын студенттерге жете түсіндіру болып табылады.
1.2. Пәнді оқытудың міндеттері
- ЕДТ қатысты экономикалық, саяси, географиялық және генеологиялық
ұғымдарды;
- Аталған курста қаралатын елдердің даму ерекшеліктерін:
табиғи
ортаның ролі, тарихи даму қарқындылығы, өзіне дейіңгі қоғамның
ықпалы мен әсерін және
олардыажырата білуі туралы;
- Мемлекеттік ұйымдасудың, идеологиялық және діни өмірдің жаңа
қалыптарының пайда
болуы мен дамуы туралы;
- Құл иеленушіліктің пайда болуы мен дамуы және күйреуіне, оның
дүниежүзілік экономикалық үрдістегі өзіндік мән-мағынасы бар
қоғамдық құбылыс сипаты туралы;
- Адамзат қоғамының одан әрі дамуына бастапқы
негіз болған мәдени
жетістіктер туралы;
- Аталған курстың деректанулық және тарихнамалық жүйесіндегі
концепциялар туралы;
- Курстың басқа да курстармен тығыз байланыста екендігін, әсіресе
алғашқы
қоғам
тарихымен,
географиямен,
философиямен,
саясаттанумен, экономикамен және т.б.