Денедегі заттар мен энергия алмасуы, жас ерекшеліктері. Тамақтану гигиенасы


Май мен көмірсуының тәуліктік қажет мөлшері, г/кг тәулігіне



бет3/6
Дата06.12.2022
өлшемі428,68 Kb.
#55127
1   2   3   4   5   6

Май мен көмірсуының тәуліктік қажет мөлшері, г/кг тәулігіне

Су мен тұздардың алмасуы

  • Денедегі судың маңызы. Су адам тіршілігі үшін өте маңызды рөл атқарады. Тамақсыз тек сумен 60 күндей өмір сүруге болады, ал сусыз 8-10 күн ғана өмір сүруге болады. Бала ағзасында судың мөлшері жоғары болады – 75-80%, ал ересек адамда 65 %. Физиологиялық тұрғыдан судың екі түрін айырады: ішкі және сыртқы. Ішкі суға дененің ұлпаларының құрамындағы су жатады. Ал сыртқы суға адамның ішетін шайы, сұйық тамағының құрамындағы түрлі сусындар жатады. 1 жастағы бала тәулігіне 800 мл, 2-4 ж – 950 мл, 5-6 ж – 1200 мл, 11-14 ж – 1500 мл, ал ересек адам тәулігіне 2,0-2,5 л сыртқы су қабылдауы тиіс. Судың қызметі: ферменттердің қоректік заттарды ыдыратуына қатысады, қан мен лимфаға қоректік заттардың сіңуіне, газ алмасу және зат алмасуы қалдықтарын тазалап сыртқа шығаруға, дене жылуының тұрақтылығын сақтауға қатысады. Несеп арқылы тәулігіне 1,2-1,5 л, тер арқылы 0,5-0,8 л, үлкен дәре арқылы 0,1-0, л, дем шығару арқылы 0,4 л су денеден шығарылады.
  • Тұздардың организмдегі маңызы мен мөлшері, жас ерекшеліктері. Организмнің қалыпты тіршілігі үшін тұздардың да маңызы үлкен. Организмдегі тұздардың проценттік қатынасына байланысты макро және микро элементтер деп екі топқа бөледі.
  • Макро және микроэлементтердің рөлі әртүрлі. Мысалы, кальций және фосфор сүйектің, ал фосфор мен күкірт мидағы белоктың құрамына кіреді. Натрий мен калий жүйке жүйесінің қозғыштық қабілетіне әсер етеді. Микроэлементтер: йод – қалқанша безінің, темір – гемоглобиннің, фтор тіс ұлпасының, цинк – жыныс бездерінің құрамында, хром, марганец, бром – гипофизде, мыс - бауырда болады. 1 жасқа дейінгі балалар үшін кальций көп мөлшерде қажет. Кальций мен фосфор тұздарының ара қатынасы мектеп жасына дейінгі балаларда 1:1, 8-10 жаста 1:1,5, жасөспірімдер мен жоғары сынып оқушыларында 1:2. Мұндай арақатынаста қаңқа дұрыс өсіп жетіледі. Кальций мен фосфордың ара қатынасы сүттің құрамында өте жақсы теңестірілген, сондықтан балалардың тамақ мәзіріне сүтті міндетті түрде енгізу қажет. Нәрестенің дене массасының 2,55%, ал ересек адамның 5% тұздар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет