1. Эритроциттердің морфофункционалды сипаттамасы. Эритроциттердің көрсеткіштері. Эритроциттер мен гемоглобиннің клиникалық диагностикалық мәні қалыпты және патологияда. Науқасты жалпы қан анализінее дайындау



бет1/16
Дата18.05.2023
өлшемі104,06 Kb.
#94539
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

1.Эритроциттердің морфофункционалды сипаттамасы.Эритроциттердің көрсеткіштері.Эритроциттер мен гемоглобиннің клиникалық диагностикалық мәні қалыпты және патологияда.Науқасты жалпы қан анализінее дайындау.
Эритроцит (RBC – red blood cells – қанның қызыл денешіктері) – бұл жасушаның диаметрі 7,2–8,0 мкм, түрі екі жағынан ойыстанған диск тәрізді. Эритроциттің мұндай конфигурациясы қөлеміне қарағанда беткейлік аумағын үлкейтеді, нәтижесінде газ алмасуға қолайлы жағдай жасалады.Жарық оптикалы деңгейде қарағанда қан жағындысындағы эритроциттің пішіні домалақ немесе сопақша, цитоплазмасы ортасында жарықтану аймағы бар, ашық-қызыл түске боялған. Адам қанындағы эритроциттердің жас түрлері 5%, жетілген түрлері 85% және қартаю сатысындағы түрлері шамамен 10% болады. Жас және жетілген эритроциттердің мембранасы қатпарланған, жұмсақ әрі серпімділік қасиеті жоғары болғандықтан тар тесіктер арқылы өткенде сыртқы пішінін өзгертуге (деформациялану) қабілеті жақсы дамыған. Жас эритроциттерде тұрақсыз (лабильді) байланысқан холестериннің концентрациясы өте жоғары. Мембранасының сыртқы беткейінде сиал қышқылдарының, фруктозаның және галактозаның мөлшері жоғары болғандықтан олар мембраналық рецепторларды аутологиялық G иммуноглобулиндерден қорғап тұрады. Қартаю сатысындағы эритроциттердің көлемі мен өлшемі кішірейеді, салыстырмалы тығыздығы артады, мембранасы тегістеледі, оларда гексокиназа, альдолаза, пируваткиназа ферменттерінің белсенділігі 4– 10 есе төмендейді, АТФ, галактоза, фруктозаның мөлшері азаяды, метгемоглобин жиналады, мембрананың микро тұтқырлығы артады, серпімділігі мен деформацияға төзімділік қасиеттері әлсірейді, механикалық тұрақтылығы бұзылады, осмостық гемолиз дамуына бейімділігі артады. Эритроциттердің тіршілік ету ұзақтығы 100–120 күн. Қартаю сатысындағы эритроциттер фагоцитоздаушы мононуклеарлар жүйесінің жасушаларында басым ыдырайды – көкбауыр, бауыр, сүйек кемігі – физиологиялық гемолиз. Бұл процесс құрамында қартаю сатысындағы эритроциттердің антигеніне қарсы аутоантиденелер бар Ig G-дің арнайы фракциялары арқылы іске асырылады. Тіршілік уақыты біткен эритроциттерге осы аутоантиденелер бекігенде олар фагоцитозданады. Жасушаішілік гемолиз арқылы тәулігіне қартаю сатысындағы эритроциттердің 80–90% ыдырайды. Қартаю кезінде эритроциттердің мембранасы түрлі өзгерістерге ұшырайды: екі жағынан ойыстанған диск тәрізді эритроциттер эхиноциттерге ауысады, яғни мембранасының беткейінде көптеген дөңес шоғырлар пайда болатын эритроциттер түзіледі. Тәулік ішінде эритроциттердің жалпы массасының 0,5–1,5% қанағымнан шығарылады. Эритроциттердің біршамасы тамыр арнасында гемолизге ұшырайды, бұл кезде гемоглобин гаптоглобинмен байланысып кешен құрады да, бауырлық ферменттермен жылдам ыдырайды.  Эритроциттердің кездейсоқ факторлар әсерінен ыдырауы, олардың қозғалысымен және ортаның физикалық-химиялық қасиеттерімен байланысты.  Эритроциттерде ақаулар болғанда немесе түрлі агрессиялық факторлар әсер еткенде эритроциттердің тіршілік ету уақыты қысқарады, бұл патологиялық жасушаішілік және/немесе тамырішілік гемолизге тән белгі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет