Дәнекер ұлпасы жасушалардан және жасушааралық заттан (матрикстен) тұрады. Матрикс саны жасушаларға қарағанда өте көп болады. Оның құрамында Фибрилярлы және Негізгі заттар бар.
Фибробластар – борпылдақ талшықты дәнекер ұлпалар жасушаларының басым популяциясы. Олар жетілу дәрежесі мен функционалдық ерекшелігі бойынша біркелкі емес және сондықтан келесі субпопуляцияларға бөлінеді:
Фибробластар – борпылдақ талшықты дәнекер ұлпалар жасушаларының басым популяциясы. Олар жетілу дәрежесі мен функционалдық ерекшелігі бойынша біркелкі емес және сондықтан келесі субпопуляцияларға бөлінеді:
1) аз дифференциалды жасушалар;
2) сараланған (немесе жетілген жасушалар, немесе фибробластар);
3) ескі фибробластар (дефинитивті) — фиброциттер, сондай-ақ фибробластардың мамандандырылған нысандары;
4) миофибробластар;
5) фиброкласттар.
Олардың функциясы коллаген мен эластин ақуыздарын, сондай-ақ гликозаминогликандарды синтездеу және жасушааралық ортаға бөлу.
Макрофагтар ірі бөлшектерді фагоцитоздау арқылы қорғаныштық қызметті жүзеге асыратын жасушалар. Полифункционалды жасушалар. Қанайналымнан шыққан моноциттерден түзіледі. Макрофагтар бекітілген және еркін болып бөлінеді. Дәнекер ұлпасының макрофагтары қозғалмалы немесе кезбе болып келеді, гистиоцит деп аталады.
Дәнекер тінінің аурулары
Дәнекер тінінің ауруларының бірі – коллагеннің алмасуының бұзылуы, бұл кезде коллагеноздар дамиды. Бұл ауруға дәнекер тінінің диффуздық зақымдануы, макрофагтардың миграциясы, аурудың асқынуы жәнне аутоантиденелердің пайда болуы тән. Осындай ауруларға ревматизм(құяңжел), склеродермия, жүйелі қызыл жегі, ревмотоидты артрит және тағы басқа аурулар жатады.
Жалпылама
Өзінің атына сәйкес барлық ұлпалар тобын біріктіріп, дәнекерлеп тұрады. Дәнекер ұлпасына - сүйек, шеміршек, сіңір, майлар, қан, лимфалар жатады. Дәнекер ұлпасы: Тығыз талшықты дәнекер ұлпасы, шеміршекті, сүйекті, борпылдақ талшықтар, қан ұлпасы деп бөлінеді.