Дәнекер тіні немесе ұлпасы(textus соп- nectivus; лат. textus — ұлпа, connectivus — дәнекер) — адам мен жануарлар организмдерінің барлық мүшелері құрамына кіретін, денедегі ең көп тараған ұлпа. Дәнекер ұлпасы — мезенхимадан дамып, организмнің ішкі ортасын құрайды. Құрылысы жағынан дәнекер ұлпасы жасушалардан және жасушааралық заттан тұрады.Оның кейбір түрлерінде жасушалар басым болады, ал басқа өкілдерінде керісінше жасушааралық заттар көбірек болады.
Дәнекер ұлпасының атқаратын қызметі жасушалар мен жасушааралық заттың арақатнасына тікелей байланысты. Сұйық дәнекер ұлпасы қан мен лимфада қоректік (трофикалық) және қорғаныс қызметтері басымырақ, ал жасушааралық заттары тығыз, қатты ұлпаларда (шеміршек, сүйек ұлпалары) тіректік және механикалық қызметтер жақсы жетілген.
Дәнекер тіндерінің дамуы эмбриональды және постэмбриональды болып бөлінеді. Эмбриональды даму кезеңінде дәнекер тіндері басқа тіндереден бұрынырақ мезенхимадан бастау алып, тіндік қалыпқа келе бастайды.
Ал постэмбриональды даму немесе қалыпты физиологиялық жағдайда гистогенезі өте баяу өтеді де, ағзадағы тіндік гомеостазды сақтауға қатысады.
Май клеткалары
Май клеткалары немесе липоциттер, ретикулалық клеткалар мен гистиоциттерден пайда болады. Цитоплазмасында май жиналады. Сүткоректілер мен адамның май ұлпасы ақ және қоңыр май ұлпалары болып бөлінеді.
Ақ май ұлпасы адамды құрсақтың төменгі бөлігінде, санда, бөкседе, шарбыда, бүйрек майында болады. Қоңыр май жаңа туған нәрестелерде және қысқы ұйкыға кететін сүтқоректілерде байқалады. Қоңыр май ұлпасы адам мен сүтқоректілердің жауырын аймағында, мойынында, омыртқа жотасының бойында, төсте, қол белдеуінін бүлшык еттерінің арасында орналасады. Май ұлпасының бұл түрінің қоңыр түрі ұсақ қан тамырлар торы мен цитохром пигменттерінің көп болуына байланысты. Май ұлпасы тіршілікке қажетті энергия көзі болып табылатын организмдегі май депосы рөлін атқарады. Ішкі органдарды соққыдан сақтайды, организмде жылудың сақталуына себепші болады.