2.9.Кедергi күшi
Қатты денелердiң сұйықтар мен газдарда қозғалғанда пайда болатын және дененiң қозғалысына қарсы бағытталатын күштi кедергi күшi деп атайды.
Кедергi күшi денелердiң пiшiнiне, дене бетiнiң тегiстiгiне және ортаның тегіне тәуелдi болады. Аз жылдамдықта кедергi күшi дененiң жылдамдығына тура пропорционал болады.
.
Өте үлкен жылдамдықтарда кедергi күшi жылдамдықтың квадратына тура пропорционал болады.
.
2.10.Ауырлық күшi және салмақ
Дененiң жерге тартылу салдарынан денеге түсетiн күштi ауырлық күшi деп атайды.
Ауырлық күшi дененiң қозғалысына тәуелсiз, әрқашан дененiң массасына тура пропорционал.
.
Дененiң жерге тартылу салдарынан тiрекке немесе аспаға түсiретiн күшiн салмақ деп атайды.
Дене түзу сызықты бiрқалыпты қозғалған жағдайда, салмақ:
Дене тiк жоғары а үдеумен қозғалған жағдайда дененiң салмағы та-ға артады.
.
Дене тiк төмен а үдеумен қозғалған жағдайда дененiң салмағы та-ға кемидi.
.
Дененiң тiрекке немесе аспаға салмақ түсiрмейтiн күйiн –салмақсыздық деп атайды.
Бақылау сұрақтары
1. Күш дегеніміз не? Механикадағы күштерге мысал келтіріңіз.
2. Ньютонның қозғалыс заңдарын беріңіз. Олар қандай санақ жүйелерінде
орындалады?
Күш импульсі және дене импульсі дегеніміз не?
Дене импульсінің өлшем бірлігі қандай?
5. Гук заңының беріңіз. Юнг модулі қандай бірлікпен өлшенеді?
6. Бүкіл әлемдік тартылыс заңын беріңіз?
7. Гравитациялық тұрақтысының физикалық мағынасы қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |