дүние либидоға баланды: жыныстық сүйіспеншілік, ӛзіне деген сүйіспеншілік,
отанға деген сүйіспеншілік, ата-анаға деген сүйіспеншілік және т.б.). Либидо
теориясын
Эрос (ӛмір) және
Танатосқа (ӛлім) деген құштарлық психикалық-
анализдік ілімге айналдырды. К.Г.Юнг бұл ұғымды одан да тереңдетіп, оның
мәнін биологияландырды.
Тұлға бірқатар гуманитарлық ғылымдардың зерттеу объектісі болып
табылады.
Философия тұлғаны дүниеде қызмет ету, таным және
шығармашылық субъектісі ретінде қарастырады.
Психология тұлғаны
психикалық
процестердің,
қасиеттердің
және
қарым-қатынастардың:
темпераменттің, мінездің, қабілеттің, ерік-жігердің және т.б. орнықты
тұтастығы ретінде зерттейді.
Әлеуметтану кӛзқарасы тұлғаның әлеуметтік-
типтік белгісін бӛліп қарайды. Әлеуметтану проблемаларының бірі тұлғаны
құрылымдық талдау болып табылады. Тұлғаның әлеуметтік құрылымы жеке
адамның әр алуан қызметі барысында, ӛзі кіретін қауымдастықтар мен
бірлестіктердің ықпалымен қалыптасатын және қызмет атқаратын объективті
және субъективті қасиеттерінің жиынтығын қамтиды.
Тұлға құрылымы:
1) ӛмір салты мен еңбек, қоғамдық-саяси, мәдени-танымдық, отбасылық-
тұрмыстық сияқты қызметтерде кӛрінетін әлеуметтік сапаларды жүзеге асыру
тәсілі;
2) тұлғаның объективті әлеуметтік қажеттіліктері. Тұлға - қоғамның
органикалық бӛлігі, сондықтан оның құрылымы негізінде қоғамдық
қажеттіліктер орын алады. Басқаша айтқанда, тұлғаның құрылымы қоғамдық
тіршілік иесі ретінде адамның дамуын анықтайтын объективті заңдылықтармен
айқындалады. Тұлға бұл қажеттіліктерді ұғынуы да, ұғынбауы да мүмкін, бірақ
та ол қажеттіліктер тіршілік етуін, ӛмір сүруін тоқтатпайды және тұлғаның
мінез-құлқына айқындық енгізіп отырады;
3) шығармашылық қызметке қабілеттілік, білім, дағды жатады. Қалыптасқан
тұлғаны қалыптасудың бастапқы сатысындағы жеке адамнан айырып
кӛрсететін де оның дәл осы шығармашылық қабілеттері;
4) қоғамның мәдени құндылықтарын игеру дәрежесі, яғни тұлғаның рухани
жан дүниесі;
5) тұлға басшылыққа алатын ізгілік нормалары мен принциптері. Сенімдер -
адам мінез-құлқының басты бағытын анықтайтын ең терең принциптер.
Сенімдер тұлғаның тұлғалық құрылымының ӛзегін құрайтын объективті
қажеттіліктерді сезінуімен байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: