ӛзінің ішкі бірлігін басқа адамдармен және келешек ұрпақ үшін
жиналған
шығармашылық тәжірибе арқылы мазмұндай алады. Бұл мазмұнды мына
заңдылық арқылы саралауға болады: адам неғұрлым мәдени-тарихи тәжірибе
жинап, оны ӛз дамуы мен жетілуіне жұмсаса, ол соғұрлым тұлға ретінде
айқындала
түседі.
Тұлғаның
қасиетті
құпиясы
шығармашылықты
шабыттандыратын және мәдениетті қайта ӛңдейтін - еркін рух.
Тұлға мақсаты
мәдениетті жаңа шығармашылық шарықтаудың бастамасы және баспалдағы ете
отырып, ӛзінің рухани күш-жігерін аямай жұмсау. ХХ ғ. тұлғаны түсіну мен
оның болмысы мәселелеріне кӛп кӛңіл бӛліп, үлкен еңбек сіңірген З.Фрейд,
К.Г.Юнг, Н.А.Бердяев, А.Камю, Ж.-П.Сартр, М.Хайдеггер, К.Ясперс, Х.Ортега-
и-Гассет, Э.Фром, А.Н. Леонтьев және т.б. ғалымдар есімін атағанымыз абзал.
Тұлғаны қалыптастырудың педагогикалық теорияларына талдау жасай отырып
отандық ғалымдар оның
үш бӛлікті құрылымдық компоненттерден тұратынын
дәлелдеген:
біріншіден, тұлғаның ақыл-ойын
дамыту арқылы санасын
жетілдіру;
екіншіден, адамзаттық ӛркениетті тұлғаның бойын біртіндеп сіңіру;
үшіншіден, жеке тұлғаны іс-әрекетке ендіру арқылы ӛзін-ӛзі тәрбиелеуге
белсене қатыстыру.
Адам мәдени құндылықтарды жасайды және пайдаланады, мәдениет
ӛндірісінің процесі тұлғадан басталып тұлғамен аяқталады. Тұлға ұғымы
кӛпқырлы. Күнделікті сӛйлеуде «адам», «индивид – нақты адам»,
«жекедаралық» және «тұлға» ұғымдары кӛбінесе бір мағынада қолданылады.
Жеке адам немесе нақты адам адамзаттың жеке дара ӛкілі,
оның барлық
әлеуметтік және психологиялық белгілерінің, яғни ақыл-ойының, ерік-
жігерінің, қажеттіліктерінің, мүдделер және т.б. иесі.
Тұлға – жеке адам
дамуының
нәтижесі, оның барлық адамдық қасиеттерінің неғұрлым толық
жүзеге асуы. Тұлға – барынша терең ұғым.
Бір жағынан ол ӛзінің жеке дара
қасиеттері мен әлеуметтік рӛлдерін біріктіретін іс-әрекеттің субъектісін
білідіретін нақты индивид мағынасын берсе,
екінші жағынан, тұлға индивидтің
әлеуметтік қасиеттері деп түсініледі. Тұлға әлеуметтік жеке адам,
саяси
жүйенің ӛзіндік бейнесі бар алғашқы бӛлінбейтін элементі ретінде, саяси
саладағы ӛзінің іс-қимылына, жеке басының жауапкершілігін алып жүруші,
құқықтары мен бостандығы бар жеке адам ретінде қарастырылады.
Мәдениет
үш қоспалы бірлік түрінде кӛрінеді:
бірі,
адамның рухани
әлеміне тоғытылған ішкі мәдениеті;
екіншісі, білімді игеру, сақтау және беруді
қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе;
үшіншісі, адамдардың қоғамдағы жүріс-
тұрыстары мен әрдайым дамып отыратын адамдық қатынастарды қамтитын
мәдениет қызметтері. Белгілі бір мәдениеттің тарихи дамуындағы қалыптасқан
іс-әрекеттер генетикалық бағдарлама ретінде әрбір индивидтің бойында орын
алады. Сол себепті әлеуметтену процесі бір индивид үшін жеңіл әрі тез болатын
болса, екіншібірі үшін ол айтарлықтай қиындықтар туғызады. Поляк
әлеуметтанушысы Я.Щепаньский есептеуінше «индивидтің жеке мәдениеті –
оның жеке жүріс-тұрысының үлгілері, оның әрекет тәсілдері, ол
әрекеттердің
жемістері, оның идеялары мен ойлары жиынтығы», яғни тұлғаны сипаттайтын
ақпараттың барлығы. Жеке адам әлеуметтенуінің арқасында тұлға, қоғам
мүшесі, адам болып қалыптасады, яғни барлық адамзаттың және ӛзінің
әлеуметтік тобының, ӛзінің халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, нормаларын,