Дениет философиясы



Pdf көрінісі
бет16/53
Дата13.11.2022
өлшемі0,82 Mb.
#49788
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   53
Байланысты:
nuradin-madeniet

Ақселеу Сейдімбек ӛзінің этномәдени пайымдауы барысында материалдық 
ӛндіріс деңгейімен рухани мәдениет ӛресінің сай келе бермейтін кейбір 
келеңсіз кӛрністерін бүгінгі ӛмірден байқауға болатындығын айтады. 
Туындатудан 
гӛрі 
тұтынуға 
бейім 
қомағай 
психология, 
ӛзімшіл 
практикашылдық, адам қабілетінің тар аядағы мамандықпен шектеліп 
қалушылығы, мәдени-рухани ұқыпсыздық, мәдениетті дамытудың мемлекеттік 
деңгейдегі дәрменсіздігі т.б. осы сияқты келеңсіздіктер ӛкінішке орай, бүгінгі 
ӛміріміздің шындығы қалпында сақталып отыр. Бұған әлі де болса екпінін 
тоқтата қоймаған идеологиялық әміршілдіктіде қосуға болады. Ӛйткені бұл да 
мәдениеттің элементі болып табылады. Белгілі бір топтың немесе сыртқы ӛктем 
күштің мүддесі тұтас этнос ӛміріне зорлықпен таңылса, мәдениетке мұның да 
кері ықпал ететінін қазақ халқы жақсы біледі 
(Сейдімбек Ақселеу. Қазақ әлемі. 
Этномәдени пайымдау. Оқу құралы. – Алматы, «Санат» 1997. – 79 б.)
.
Ӛзін тексеру сұрақтары
1. Материалдық мәдениет дегеніміз не және оның түрлері қандай? 
2. Қоғамдық санадағы рухани мәдениеттің алар орны. 
3. Тұрмыстық философияның маңызы неде және оның жіктелімі? 
4. Кәсіпшілдік қажеттілігі сұранысынан туындаған философиялық ой.
5. Ӛркениет - материалдық және рухани мәдениет жемісі: философиялық 
саралау.
 
 
 
 
 
 
 
 


ІІІ тарау. МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ЭТНОС 
 
Әрбір этностың, ұлттың ӛзіндік тұрған жері, басқан тауы, ішкен суы, 
қоршаған кӛршілері сонымен қатар, жинақталып, сақталып ұрпақтан-ұрпаққа 
беріліп келе жатқан сан ғасырлық әдет ғұрыптарына байланысты ӛзіне тән 
мәдениеті болады. «Топ», «тайпа», «халық», «ұлт», «нәсіл» сынды ұғымдарды 
бір ғана «этнос» сӛзінің аясына шоғырландырсақ, этнос мәдениетпен шендесе 
келе этномәдени немесе этникалық мәдениет ұғымын береді, онда әрбір 
ұлттың, 
халықтың 
ұлттық 
нышандары 
бағамдалып, 
мәдени-тарихи 
даралықтары айшықталады. Ұлттық мәдениет әрбір ұлттың мінезі мен 
психологиясын сипаттай отырып сол ұлттың рухын жасайды. Демек рух ұлттық 
мәдениеттің ӛзегі, түп қазығы. Дәл осы қазығы босап, не одан айырлған 
жағдайда бүтін бір ел немесе халық тарих сахнасынан ӛз бедерін жоғалтады. 
Қазақ халқы да сол түп қазықты босатып алған елдер қатарынан, қазір соны 
орнықтыру, қатайту мақсатында ел мінезі мен психологиясын қайта қалпына 
келтіріп, ұлттық рух жасалу үстінде. Бұл халық сұранысына айналған 
этномәдениет руханилық сипатқа ие. Рухани жүкті жеңілдету үшін жұмыла 
кӛтерген халық қайраткерлері ӛздерін әр саладан кӛрсетіп бағуда: философтар 
«ұлттық философия», саясаткерлер «ұлттық идеология», қаржыгерлер «ұлттық 
валюта», экономистер «отандық ӛндіріс», филологтар «ана тілі», тарихшылар 
«қазақ тарихы», ӛнертанушылар «ұлттық нақыш», ӛнерпаздар «ұлттық музыка» 
және т.б.. Ыдыраған, бӛлшектенген бүтінді қайта қалпына келтіру ұзақ 
мерзімді, мұқалмас жігерді талап етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет