Широкогоров салды. Ол этносты адамзаттық
локалды топтардың негізгі
тіршілік етуші формасы ретінде қарастырып, оның негізгі белгілері «шығу
тегінің, салт-дәстүрлердің, тілдің және ӛмір жайттарының бірегей болуы» деп
есептеді. 60-80-шы жылдары С.М. Широкогоров концепциясы кеңестік
этногрофтар тарапынан дамыды. Оның марксистік интерпретациялық түрі деп
Ю.В. Бромлейдің теориясын айта аламыз.
Этностың коммуникациялық теориясы контекстінде
А.С. Арутюнов және
Н.Н. Чебоксаровтардың теоретикалық бағыттағы
ғылыми жұмыстары ерекше
сипатқа ие. Этнос феноменіне маркстік емес ыңғай танытқан
Л.Н. Гумилев
жұмыстары еді. Онда этнос этносфераның элементтері – ӛзінің ғажап заңы
бойынша дамитын ерекше биоәлеуметтік шындық ретінде кӛрсетілген.
Шетелдік әлеуметтік-мәдени антропологияда этнос ұғымы салыстырмалы
түрде ӛте сирек қолданылады, ал оның теориясының құрылымы маңызды
болып есептелмейді. Кӛп қолданылатын этникалық
ұғым белгілі бір ұлт пен
этникалық топқа қатысты болады. ХХ ғасырдың екінші жартысында этнология
саласындағы ғылыми зерттеулер қатары едәуір кеңейіп, ғылыми этнологиялық
салалар негізі қалыптасты. Дәлел ретінде С.А.Токаревтің
этностардың тарихи
типологиясы, М.Г.Левиннің
этникалық сана-сезім туралы теориясы,
Л.Н.Гумилевтің аса танымалдыққа ие болған
этностың биологиялық даралығы,
Н.Н.Чебоксаровтың
этностың мәдени ерекшеліктері турасындағы теориясы,
Ю.В.Бромлейдің
этнос мүшелерінің эндогамиялық тектестігі, В.И.Козловтың
этностың территориялық және экономикалық байланыстары туралы
зерттеулері, С.А.Арутюновтың
этносаралық синхронды және диахронды
байланыстардың маңызы, В.К. Гарданов пен И.С.Гурвичтің
этнос аралық кірігу
немесе
ассимиляциясын негізге алуға болады. Осы аталған және басқа да
тұжырымдамалар «этнос» ұғымының ғылыми айналыстағы маңыздылығынан
хабар береді.
Отандық ғалым Ақселеу Сейдімбектің этномәдени пайымдауында бұл
ұғым былай тұжырымдалады: «Этнос – белгілі бір мекенде тарихи ӛсіп-ӛнген,
ортақ және орныққан тілі, мәдениеті,
психикасы бар, сондай-ақ, ӛздерінің әрі
біртұтастығын, әрі ӛзгелерден ерекшелігін сезінетін сана-сезімі қалыптасқан,
ӛзіндік атауға (этноним) ие адамдар қауымын айтамыз». Ешбір ел, дәлірек
айтқанда ешбір этнос бір сәтте ғайыптан пайда болмайды. Этногенез бен
этнонимді бір ғана тарихи кезеңнің аясындағы
құбылыс ретінде қарастыру
кӛбінесе қателікке ұрындырады, яғни, белгілі бір ұлттың тек тамыры
(этногенезі) мен сол ұлттың тарих жүзінде орныққан атауының (этноним)
аражігін ұдайы ажырата зерделеп отыру қажет. Елдің елдігін танытатын айғақ-
белгілерді ұлттың берідегі атауы орныққан кезден бастап түгендеу үрдісі,
әдетте сол елді тексіз-тарихсыз етіп кӛрсетуге себепші болады. Тарихтың тар
жол тайғақ кешулерінде асыл қазынасын, елдік айғақ-белгілерін тонатып алған
халықтар, сӛз жоқ, сол дәулетпен бірге ӛзінің тарихи жадын да кӛмескелейді.
Егер, ата-бабаның кӛзіндей болып, алыс ғасырлардағы жеткен мұралардың жіп-
шырғасы шықпай тӛрінде тұратын болса, ондай ел ӛзін ғана тереңірек түсініп
қоймайды, сонымен бірге ӛзгеге де түсінікті әрі танымал болмақ. Адамның
тектілігін бітім болмысына қарап танып-түсінуге болатын шығар, ал ел-
жұрттың тектілігі оның табиғи және әлеуметтік
ортасында туындатқан айғақ-
белгілерімен парықталса керек
(Сейдімбек Ақселеу. Қазақ әлемі. Этномәдени
пайымдау. Оқу құралы. – Алматы, «Санат» 1997. – 63-64 бб.).
Әрбір этностың географиялық ортаға бейімделген салт-дәстүр, әдет-
ғұрып, наным-сенімдеріне орай қалыптасқан жеке дара халықтық тарихи
шежіресін
этнография деп атаймыз. Этнографиялық мағлұматтар халықтың
этникалық тегін, рухани болмысын,
мәдени талғамын, моралдық-этикалық
қалыптарын саралауға кӛмектеседі. Тек этнографиялық деректерге сүйене
отырып, этностың ӛткен ӛмірін, мәдени болмысын, ӛнерін, моралдық-этикалық
қасиеттерін тануға болады. Адамдар кӛбінесе ӛздерінің мәдениеті тұрғысынан
басқа мәдениеттерді бағалауға бейім. Мұндай жағдайды ғылыми тілде
Достарыңызбен бөлісу: