Дениет негіздері



Pdf көрінісі
бет39/70
Дата18.10.2022
өлшемі2,93 Mb.
#43883
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   70
Байланысты:
httpsemirsaba.orguploaddownloadid8670


Глава 2. Антикоррупционная культура: механизмы 
и институты развития
Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімін қалыптастыру – 
бұл үздіксіз процесс, оның негізгі бағыттары: 1) сыбайлас жемқорлыққа 
қарсы құндылықтарды сіңіру; 2) тиісті моральдық сенімдерді, қасиеттер 
мен сезімдерді қалыптастыру; 3) қажетті моральдық қажеттіліктер мен 
әдеттерді дамыту. Бұл бағыттар сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие 
міндеттерін білдіреді.
Бүгінде білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы 
тәрбие жүйесінің мынадай негізгі компоненттері бөліп көрсетіледі:
– 
білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлық әрекеттері 
жағдайларының болмауы;
– 
сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту ісі;
– 
білім беру субъектілерінің өзара іс-қимылы негізіндегі өмір-тіршілігі 
проблемаларын шешу тәжірибесін алу;
– 
білім алушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімін 
қалыптастыру бойынша педагогикалық қызмет [3].
Бұл жүйеде әртүрлі жас кезеңінде қалыптасуы мүмкін бірқатар 
тұлғалық құрылымдарды бөліп көрсетуге болады.
Мәселен, мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыста (3-6 жас – 
әлеуметтік маңызды тәжірибені қарқынды жинақтау және әлеуметтік 
кеңістікте бағдар алу кезеңі) балаларға Отанға деген махаббат, туған 
табиғатқа махаббат және оны қорғау қажеттілігі, өзін қоршаған адамдар 
мен қазақстандық халықты құрметтеу, тәртіптілік, адалдық сияқты 
құндылықтарды сіңіруге айрықша көңіл бөлу керек. Мектеп жасына 
дейінгі балалармен тәрбие жұмысының негізгі бағыттылығы – бұл 
олардың рухани-адамгершілік және әлеуметтік-мәдени құндылықтарды, 
қоғамда қабылданған жүріс-тұрыс қағидалары мен нормаларын 
қалыптастыру.
Кіші мектеп жасында (7-10 жас – кемел балалық шақ, дене және
рухани күш жинақтау уақыты) біршама өзгермеген түрде өмір бойы 
сақталатын тұлғалық қасиеттер мен саралардың қарқынды қалыптасуы 
жүзеге асырылады. Сондықтан бұл жаста рухани мәдениеттің 
қалыптасуының маңызы зор. Ар-ождан, абырой, ұят, қайрымдылық, 
жанашырлық, адалдық, әділдік, жауапкершілік және т.с.с. рухани 
қасиеттердің қалыптасуына ерекше назар салған жөн.
Бұл кезеңде балалардың сыбайлас жемқорлық пен оның залалы 
туралы дүниетаным сипатындағы түсінік пен ұғымның қалыптасуы 
маңызды. Негізгі дүниетаным идеясы қоғамды тану заңдарымен 
байланысты болуға тиіс. Бұл ретте баланың ұғымды салмақтау білуіне
өз көзқарасын айтуына үйрету, оны қиын жағдайға қойып көру қажет.
Орта мектеп жасы – (10-14 жас – жасөспірім кезеңі, балалардың 
өміріндегі күрделі кез) – бұл балалық шақта сіңірген рухани-эстетикалық 
қорын бекемдеу, оны салмақтап, байыту кезеңі. Бұл өмірлік кезеңнің 
нақты қиындығы әлеуметтік қатынастар жүйесіндегі, рухани-эстетикалық 
пайымдауды дамытудағы өзіндік түйсіктің, өзін-өзі танудың, өзін-өзі 
бағалаудың бірте-бірте өспелі толқынын білдіреді. Бұл жаста патриотизм
интернационализм, өз Отанын мақтан ету, елдің қоғамдық құрылымын 
құрметтеу, еңбек сүйгіштік, жауапкершілік, тәртіп, адамның азаматтық 
67


ОСНОВЫ АНТИКОРРУПЦИОННОЙ КУЛ ТУРЫ
құқықтарын білу және құрметтеу сияқты тұлғалық қасиеттерді сіңірудің 
маңызы зор.
Бұл осы жас тобында құқықтық сана-сезімді қалыптастыру сияқты 
сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиенің негізгі міндетін айқындайды. 
Біздің көзқарасымызша бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие 
жүйесінің негізгі міндеті.
Жасөспірім жасында білім алушылардың өмірлік проблемаларды 
шешу қағидаларын саналы түрде қабылдау білу даңдысын қалыптастыру 
маңызды. Бұл үшін олар билікпен қарым-қатынаста өз проблемаларын 
тиімді шешу тәжірибесін жинайтын практикалық жағдай туғызу керек.
Бұл тұста, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық-ағарту бөлігінен 
басқа жеке таңдау негізінде өмірлік проблемаларды шешу жағдайларын 
туғызған жөн.
Жоғары мектеп жасы (14-18 жас – жастық шақ) – бұл дене және 
психологиялық кемелденудің аяқталатын, қоғамдық пайдалы өндірістік 
еңбекке және азаматтық жауапкершілікке әлеуметтік дайын болатын 
кезең. Жоғары сынып оқытушылармен жұмыс кезінде сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы тәрбие жүйесінің басты міндеті білім алушылардың 
сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сана-сезімін қалыптастыру 
болуға тиіс, ол сыбайлас жемқорлық әрекеттен саналы түрде бас тартуға 
мүмкіндік береді. 
Бұл жаста сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сананы 
қалыптастыру жүйелі, мақсатты және үздіксіз процесс болуға тиіс.
Білім алушылардың жалпы білім беру мектебі деңгейін аяқтауға 
жылжуына қарай олардың сыбайлас жемқорлық, оның көріністері, 
жауапкершілік шаралары туралы, сыбайлас жемқорлық құбылысын 
орнықты түрде қабылдамау ұғымы қалыптасуы тиіс. 
Студенттік кезеңді тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық-
тық сана-сезімін қалыптастырудың сенситивтік кезеңі деп санаған
жөн, оның барысында кәсіби білім беру, сыбайлас жемқорлық 
проблемасын сезінуге мүмкіндік беретін еңбек қатынастарына бірте-
бірте кірігу жүзеге асырылады. Бұл ретте Қазақстанда соңғы жылдары 
қалыптасқан біршама күрделі қоғамдық-экономикалық жағдай жас 
ұрпақ үшін бірсыпыра ауыр болды. Қоғамдық құндылықтар тұлғаға өз 
ықпалын жоғалта бастады және бұл жас азаматтардың ілгерінді құнды
бағдарларының қалыптасуына әсер етеді. Бұл жағдайда жастар көбіне 
өз таңдауының дұрыстығына сенімділігін жоғалта бастайды, оған қоса 
сыбайлас жемқорлықтың әртүрлі көріністеріне бейім бола бастайды. 
Осының салдарынан сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне қатысты дұрыс 
таңдау қажеттігі кезінде қиындық пайда болады. Осы орайда тұлғаның 
сыбайлас жемқорлық ұстанымын қалыптастыру маңызды шарт болмақ.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы нұсқама – бұл адамның әрекетінен, 
іс-қимылы мен толқуынан көрінетін сыбайлас жемқорлыққа таңдамалы 
тікелей қарым-қатынасының интеграцияланған көрсеткіші.
Тұлғаның сыбайлас жемқорлық нұсқамасын қалыптастыру қажет-
тігі өзін-өзі тануын, ішкі еркіндікті, өз таңдауы мен әрекеті үшін 
жауапкершілікті сезінуін білдіреді. Бұл ретте, студенттер сыбайлас 
68



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет