Денропарктегі мәдени өсімдіктердің көптеген түрлерімен таныс болып оларға сараптама жүргіздік және көптеген түрлеріне сипаттама бердік



бет2/4
Дата04.02.2023
өлшемі35,56 Kb.
#65176
1   2   3   4
Байланысты:
3-4-5

ДӘНДI ДАҚЫЛДАР
Дәндi дақылдарға көптеген мәдени өсiмдiктер жатады. Оларды бiрнеше топқа бөледi: ұн алынатын, жармалар алынатын және бұршақты дақылдар деп бөледi. Ұн алынатын дақылдарға жұмсақ және қатты бидайдың (мягкая и твердая пшеница – Triticum vulgare, T. durum), кәдiмгi арпаның (ячмень обыкновенный – Hordeum vulgare) , егiстiк сұлының (овес посевной – Avena sativa) , қарабидайдың (рожь посевная – Secale cereale) күздiк және жаздық сорттары жатады. Бұлардың ұнынан нан пiсiредi жән макарондар жасалынады. Жармалар алынатын өсiмдiктерге ақ тары (просо посевное – Panicum miliaceum), италия итқонағы, чумиза (италянское просо – Setaria italica), кәдiмгi құмай (соргo обыкновенное — Sorghum vulgare), африка тарысы (пенциллярия — Pensillaria), екпе күрiш (Рис посевной – Oryza sativa) , жүгерi (кукуруза, маис — Zea mays) , егiстiк қарамық (гречиха посевная – Fagopyrum sagittatum) жатады. Бұлардың дәнiнен алынатын жарманы тiкелей тамаққа пайдаланады. Бұршақты дақылдарға егiстiк асбұршақ (горох поссевной – Pisum caticum), үрмебұршақ (фасоль обыкновенная – Phaseolus vulgaris), ас жасымық (чечевица пищевая – Lens culinaris), дала ноқаты (нут полевой – Cicer aretinum), мәдени қытайбұршақ (Соя культурная – Glycine hispida), қытай лобия (лобия китайская – Vigna sinensis) тағы басқалар жатады. Осы аталған дәндi дақылдардың барлығының тағамдық мәнi зор. Олардың бiрқатары аса құнды малазықтық өсiмдiктер. Бұлардың iшiнде тағамдық өсiмдiк ретiнде ең маңыздысына бидай жатады. Бидай – өте ертеде мәденилендiрiлген өсiмдiк. Оны адам баласы 10 мың жылдан аса уақыттан берi сеуiп келедi. Бидай дәндерi адамның алғашқы қоныстанған жерлерiн қазып, зерттегенде табылып жүрдi. Египет пирамидаларынан да қазiргi кездегi бидай дәндерiне ұқсас дәндер табылған.
Ауылшаруашылық өсiмдiктерiнiң iшiнде бидай аса маңызды дәндi дақыл ретiнде бiрiншi орында тұрады. Оны 40- тан астам елде себедi.
Ауыл шаруашылығының алдында тұрған басты мiндет, тез арада астық өнiмдерiн молайту болып табылады. Бидай өнiмдерi республикада өндiрiлетiн астықтың жартысынан көбiн құрайды. Себебi бидайдан сапалы нан пiсiрiледi, макарондар, жармалар, т.б. алынады. Соған байланысты бидайдың құнды сорттарын өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруға көп көңiл бөлiнiп отыр. Сонымен бiрге, дәндi бастыру, қамбада сақтау кездерiнде, ысырапқа жол бермеу мәселесi де қолға алынуда.
Нан – бiздiң баға жетпес байлығымыз. Нан – диқандар қауымының, механизаторлардың, ауыл шаруашылық мамандарының, ғалымдардың ересен еңбегiнiң жемiсi.
Жер бетiнде бидайдың 20-дай түрi кездеседi, әрбiр түрдiң көптеген сорттары бар. Олардың өздерiне тән тұрақталған белгiлерi болады.
Бидайдың сабағы – сабан. Оның буындары мен буынаралықтары айқын көрiнедi. Бiр өсiмдiк 2-4 – тен 12-ге дейiн, кейде одан да көп сабақтар бередi.Бидай жапырақтары ұзын, жiңiшке таспа тәрiздi болып келедi және параллель жүйкеленедi. Сонымен бiрге жақсы жетiлген жапырақ қынапшасы болады. Гүлшоғыры- күрделi масақ, ол көптеген масақшалардан тұрады. Әрбiр масақтың осiнде екiден масақтық қабыршақтар орналасады. Осы қабыршақтардың қолтығында 2- ден 7-ден гүлдер жетiледi (41-сурет).
Бидай гүлiнiң құрылысы, астық тұқымдасына тән болып келедi: 2 гүл қабыршығы, 3 аталығы 1 аналығы болады. Аналығының сыртын түктер жауып тұрады, оның аузы қостелiмдi болып келедi, мойны болмайды. Әле толық ашылмаған бидай гүлдерiнде өзiн-өзi тозаңдаңдыру жүредi. Жемiсi — дән.
Ең маңыздылары қатты және жұмсақ бидайлар. Қатты бидайдың эндоспермi тығыз болады. Қатты бидайды ерте көктемде себедi. Ол топырақ және климат талғайды. Қатты бидай ауа райы жылы, жарығы мол, топырағы құнарлы Оңтүстiк және Оңтүстк шығыс аудандарда себiледi. Қатты бидайдың сортарын Қазақстанның солтүстiк аймақтарының астықты аудандарында көптеп себедi.
-2.Интродуция дегеніміз - бұрын өспеген жерге, оларға тікелей әсер ете
отыра басқа жерде өскен өсімдіктерді басқа жерге ауыстыру.
1868 жылы ақсүйектердің ұсынысы бойынша Воронеж, Харьков, Пенза
және Николавск ботаникалық бағынан алма, жүзім, жұпаргүл, емен тұқымы,
шетен, талшын, беже, япон қарағаны алып келініп отырғызылды. Бұл кезде
жаппай интродукция болды.
1868 жылы бас қолбасшы Колпаковский және орманшы Баум Вернен
тоғайын отырғызып, 1874 жылға ауданы 152 ондык болды. 1871 жылы
қарағай, балқарағай тұқымы алынды, ал 1874 жылы ақ және сары қараған,
долана, шаған отырғызылды. Жер шары мен ҚР түрлі-түрлі флорасы.
Дүние жүзінің өсімдік әлемінде 300 мыңға жуықжоғарғы сатыдағы гүлді өсімдіктер кездеседі. Өсімдіктің көпшілік тұрлері тамакка, мал азығына, жеңіл және ауыр өнеркәсіптерге шикізат ретінде қолданылады.
Және де өсімдіктің біраз түрлерін фармацевтикаға пайдаланады, біразы безендіру мақсатында парктерде өсіріледі.
Өкінішке орай, адамзат шаруашылықга бар болғаны 30мыңдай ғана өсімдік түрлерін пайдаланады да, оның ішінде күнделікті пайдалануға іріктелгені 12 мыңдай түрлері ғана.
Дүние жүзіндегі егістіктің 80% астамын тек өсімдіктің 250 түрі ғана алып жатыр.
Жер шары мен біздің еліміздің флорасы өте бай және әр түрлі біздің еліміздің территориясында ғана 20 мыңдай өсімдік түрлері, жер шарында 300 мыңдай гүлді өсімдік түрлері өседі. Адамның өндірістік мақсатқа пайдаланатын 30 мың, тұрақты түрде – 12 мың, оның ішінде 5 мыңға таяу әсемдік өсімдіктер , және бір көңіл аударатын жәйт, дүние жүзінің егіс көлемінің 80 % 250 өсімдік түрлері алып жатыр. Мал азықтық мақсатқа небәрі 25-ақ өсімдік түрлері өсіріледі, оның үстіне кейбір дақылдарға мал азықтық бағыт дақылдың мақсаты емес, атап айтқанда жүгері, күнбағыс, қарабидай, ноғатық, шай жүгері, сұлы ж.б. Өсімдіктердің таралуы әрқилы, сондықтан өсімдіктерді бір аймақтан екінші аймаққа, бір елден басқа елге, жабайы флорадан дақылға жаңа өсімдіктер енгізу қажеттігі туады. Бұл процесс интродукция – енгізу деп аталады. Интродукция түсінігіне еліміздің және шет елдердің жабайы түрлерін мәдеги дақылға енгізу, өзіміздің еліміздегі мәдени өсімдіктерін біздің елімізде өсіру жатады.
Акклиматизация – итродуценттердің табиғи тұқым қуалаушылығын сыртқы орта жағдайларының, адамдар қолданған белсенді селекциялық әдістермен өзгеруі.
Натурализация – акклиматизацияның жоғарғы сатысы: өсімдік жаңа ортаға бейімделіп қана қоймай, өз еркімен көбейе алады, жергілікті дақылдарға тіршілік үшін бәсекеге түсе алады
Флора байлығына қарамай бірқатар аудандардың далалық егіншілігінде осы уақытқа дейін нақты жағдайларға жақсы бейімделген өнімді мал азықтық өсімдіктер жоқ. Суыққа төзімді, тез өсетін өсімдіктер аз, өсіріліп жүрген көптеген дақылдар пісіп үлгермейді, оларды өсіру негізінен тасымал тұқымдарға негізделген. Осының бәрі мал азығының тұрақты қорын жасауға кедергі жасайды. Негізгі сүрлемдік маңызы бар және селекциялық жұмыстарға жарамды зерттелген ірі сабақты өсімдіктердің барынша маңыздылары – бірнеше түрге жататын аюбалдырған, таран, тянь-шань қымыздығы, марал тамыры, топинсольнечник, майтамыр, құлқайырлар, ешкі бұршақ, астрагал, катран, көпжылдық мал азықтық шай жүгері және т.б.
Майлы шомыр, рапс, сурепица, топинсольнечник және бірқатар басқалары – мәдени өсімдіктер, алайда майлы шомыр қазақстан Республикасында екінші өмірге ие болды. Топинсольнечник – жаңа дақыл және ол жер алмұрты мен күнбағысты будандастару арқылы алынған.
Жаңа малазықтық өсімдіктердің көпшілігі –моно-және поликарпиялық даму циклы бар көпжылдық, біржылдық өсімдіктер.
Барлық интродуценттер көпжылдықтар да, бір жылдықтар да жоғары өнімділігімен ерекшеленеді: бір жылдық түрлері 200- 400 ц/га, көпжылдықтары 500-ден 1500 ц/га дейін жасыл балауса береді, алайда шаруашылық егістерінде олар мүлде жоқ. Дегенмен бірқатар дақылдар – жаздық және күздік рапс, майлы шомыр, топинсольнечник, көңіл қоярлық дақылдар екенін көрсетеді.
Осы топтағы барлық өсімдіктер алшынкөктігімен суыққа және аязға төзімділігімен ерекшеленеді. Өсіп — өнудің басында көктемде 6-80, ал қысқа қар қабатының астында 40-450 аязды көтереді. Күзде іс жүзінде тұрақты аязға дейін Солтүстік Қазақстанда қазан айының басына дейін өсе береді. Барлық көпжылдық өсімдіктер себу нормасының өзгеруіне айтарлықтай әсер етпейді, өйткені сабақ жиілігі олардың қарқынды өркен түзуімен реттеледі.
П.П.Вавиловтың пікірінше, жабайы өсімдіктерді мәдени түрге енгізудің бірқатар обьективті себептері бар және оларды мәдениеттендіруге ұзақ уақыт қажет. Олар генеративті органдарының көп қабатты орналасуына байланысты біркелкі пісуі мен тұқымдарының шашылуымен сипатталады, сепкеннен кейін алғашқы екі жыл бойы баяу өседі, осыған байланысты арамшөппен, ластануға бейімділігі ерекшеленеді, көп өсімдіктердің тұқымдары терең тыныштық күйінде болады, осы биологиялық ерекшелігі оларды өсіруге бірқатар қиыншылықтар туғызады. Біреулері қысқа қарай себуді қалайды немесе тұқымды себуге скарификациялауды талап етеді, басқалары тұқымды себуге дейін ұзақ уақыт сақтауды немесе скарификациялауды тілейді.
Аз тараған дақылдарды ауылшаруашылығындағы мал азығын өндірудің барлық мәселелерін шешетін «керемет» деп қарамау керек. Өндіріске оларды енгізу мал азығын өндіру мәселесін шешуге көмектеседі. Бұл дақылдарды дәстүрлі дақылдарға қосымша деп қарастыру керек және аймақта барынша мол өнім беретін дәстүрлі дақылдарға ерекше көңіл бөлген жөн.
Мал азығын өндіруде жеткілікті тексерілген, жоғары өнімді сорттары бар рапс, сурепица, майлы шомыр, топинсольнечник т.б өндіріске енгізуге батыл жұмыс жүргізген дұрыс. Келешегі бар жабайы өсімдіктермен олардың селекциясы мен сорт дәрежесіне дейін жеткізу үшін мақсатты бағытпен қарқынды жұмыс жүргізу керек.

-3.Осы уақытты Қазақстанның өсімдік әлемі бойынша ірі зерттеу


жұмыстары жасалып олар жарыққа шықты. А.И. Шренктің Балқаш, Алакөл,
Жоңғарияның солтүстігіне саяхатынан бай коллекция жинаған.
Карелин Балқаш, Тарбагатай, Жоңғар Алатауында өсімдік жинаса,
Семенов-Тянь-Шанский Іле алатауы, Күнгей Алатауынан, Тянь-Шань
жотасынан 1200 өсімдік түрін жинаған.
Жерсіндіру бойынша ең алғашқы комитет 1857 жылдың 30 қаңтарында
ашылған, оның басшылары Рулье және Богданов болған. Ал 1980 жылы "
Акклиматизация" журналы шыға бастаған. Жерсіндіру бөлімін әйгілі
ботаник Анненков Н.И. басқарған.
Сангүл және Нарын өзендерінің маңындағы ағаш-бұта түрлерінің
таралуы жайлы мәліметті О.Р. Остен-Сакен жасаған екен.
1877 жылы Верныйда бақ шаруашылығы мектебі ашылды, оның
басшысы Растегаев Ресейдің оңтүстігінен әкелінген барлық жемісті
ағаштардың өліп қалғандағы туралы айтқан. Сондықтанда Баум Воронеж,
Саратов, Қазан, курск Орлов губернияларынан әкелінген әр түрлі ағаш бұта
түрлерін отырғызған екен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет