Денсаулық диана



Pdf көрінісі
Дата19.10.2023
өлшемі64,81 Kb.
#119333


ДЕНСАУЛЫҚ
оны қалай сақтаймыз?


Денсаулық зор байлық
Өмірімізде маңызды орын алатын-денсаулық.
Біз оны барынша сақтауымыз керек, ол біздің асыл қазынамыз
Денсаулықтың қадірін, әдетте, адам ауырғанда ғана білетіні өкінішті - ақ. 
Денсаулықтың мықты болуы адамның өзіне де байланысты. Дегенмен 
оған қоршаған ортаның, жұтқан ауаның, ішкен - жеген тамақтың, судың 
құрамының лас болуы да айтарлықтай ықпал етеді


Қызық ақпарат:
-
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне жүгінетін болсақ, адам денсаулығының 40 
проценті экологияға, 40 проценті өзінің өмір сүру дағдысына байланысты болса, 18 - 20 проценті ғана 
дәрігерлік - медициналық көмекке тәуелді екен.
-
Мордва халқының: "Денсаулықтың шайқап алсаң кесесін, енді қайтып толтыра алмассың есесін" 
деген мақалы бар екен. Сол айтылғандай, денсаулықты оп - оңай жоғалтып алуға болады, оны қайта 
қалпына келтіріп түзету өте қиын. Себебі адам организмінің қалыптасқан қызметі бұзылған соң, тез 
арада жөнделе салуы мүмкін емес. 
-Адамның ішкі ағзаларының жүйелі жұмысын қалыптастырып, іске асыратын - оның миы мен нерв 
жүйелері болса, организмнің "жанармайы" - тыныс ағзалары арқылы қанға сіңетін және қанның 
қызыл түйіршіктері (эритроциттер) арқылы организмге тарайтын оттегі мен қоректік заттар: белок, 
май және көмірсулар (углеводтар). Ал гормондар мен витаминдер адам организмінде үздіксіз жүріп 
отыратын зат алмасу процесінің "катализаторы" болып саналады. 


Денсаулықты қалай сақтаймыз?
-салауатты өмір салтын ұстану
-жеке бас гигиенасын сақтау
-дене шынықтырумен айналысу
-белсенді және көңілді бол
-дұрыс тамақтан
-менталды күйіңді қадағала


Дұрыс тамақтанудың 10 кеңесі
1) Суды аш қарынға ішіңіз
2) Ыстық шайды ас қабылдау кезінде ішіңіз
3) «Күніне бір алма сізді барлық дерттерден қорғайды» дейді ұлттық даналық
4) Иммунитетті күшейтіңіз
5) Асты дұрыс қабылдаңыз
6) Кейбір өнімдерді қабылдауды шектеңіздер
7) Барлық аурулар тістерден
8) Тамақты жақсылап шайнаңыз
9) Өз салмағыңызды қадағалап жүріңіз
10) Салауатты өмір сүру салты - ұзақ өмір сүрудің жолы!


Тағамдағы ластандыратын бактерияларды жұқтырмау
үшін:
1) Қолыңызды жуыңыз, жемістер мен көкөністерді жуыңыз.
2) Сатып алу, тамақ әзірлеу және сақтау кезінде шикі, пісірілген және пайдалануға дайын тағамдарды бір - бірінен бөлек ұстаңыздар.
3) Микроорганизмдерді жою үшін тамақ əзірлеу кезінде оларды қауіпсіз температураға дейін қыздырыңыздар.
4) Жылдам бұзылатын тамақтарды тоңазытқышта сақтаңыздар.
5) Мыналарды пайдаланудан алшақ болыңыздар:
• шикі (пастерленбеген) сүттен және құрамына пастерленбеген сүт кіретін тағамдардан;
• шикі не шала пісірілген жұмыртқалардан, құрамына шикі жұмыртқа кіретін тағамдардан
• шикі немесе шала піскен еттерден, тауық етінен;
• пастерленбеген шырыннан.


Дендеріңіз сау болсын!


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет