Цитоплазмалық мембрана - үш қабатты құрылым болып табылады ж/е бактерия цитоплазмасының сыртқы қабатын қоршап тұрады. Ол осмостық қысымды реттеуге, заттардың тасымалына ж/е жасушаның энергиялық метаболизміне (электрондарды тасымалдайтын ферменттер, АТФ-аза ж/е т.б.) қатысады.
ОЛИГОСАХАРИДТЕР ГЛИКОЛИПИДТЕР ИНТЕГРАЛЬДІ АҚУЫЗДАР ПЕРИФЕРИЯЛЫҚ АҚУЫЗДАР ФОСФОЛИПИДТЕР ЦИТОПЛАЗМАЛЫҚ МЕМБРАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Цитоплазма
Бактериялардың цитоплазмасы жасушаның негізгі көлемін құрайды ж/е ерігіш ақуыздардан тұрады. Цитоплазмада әртүрлі қосылыстар бар – полисахаридтер, поли- β-май қышқылы ж/е полифосфаттар (волютин). Олар қоршаған ортада қоректік заттардың артық болуы кезінде жиналады ж/е қоректену мен энергиялық қажеттіліктер үшін қордағы заттар ролін атқарады.
Нуклеоид
Нуклеоид (ядроға ұқсас құрылым) – бактериялар ядросының эквиваленті. Нуклеоид бактериялардың орталық аймағында екі жіпшелі ДНҚ түрінде, шеңберге тұйықталған ж/е түйнек тәрізді тығыз орналасқан.
Капсула
Капсула – жасуша қабырғасымен тығыз байланысты шырышты түзіліс, сыртқы шекарасы анық белгіленген. Көбіне, капсула полисахаридтерден (экзополисахаридтерден), кейде полипептидтен тұрады. Капсула гидрофильді, бактериялардың фагоцитозына кедергі жасайды ж/е кебуден сақтайды. Көптеген бактериялар микрокапсуланы түзеді – электронды микроскоппен анықталатын шырышты түзіліс.
Бактериялардың талшықтары
Талшықтар – бактериялардың қозғалуын қамтамасыз етеді. Табиғаты флагеллин ақуызы. Талшықтар – цитоплазмалық мембранадан басталатын жіңішке жіпшелер. Олар орналасуы бойынша жіктеледі:
монотрих - бір шетінде бір талшық (тырысқақ вибрионында);