Түр дегеніміз – ұқсас қасиеттерімен бірігетін, бірақ басқа туыс өкілдерінен ажыратылатын даралар жиынтығы.
Таза дақыл дегеніміз – ұқсас морфологиялық, тинкториальды, дақылдық, биохимиялық және антигендік қасиеттерімен сипатталын, қоректік ортада бөлінген біртекті микроорганизмдер жиынтығы.
Штамм дегеніміз – белгілі материалдан бөлінген және түрдің басқа өкілдерінен ерекшеленетін микроорганизмдердің таза дақылы.
Жасуша қабырғасы – бактерияларға белгілі пішін беретін берік серпінді құрылым ж/е жасушадағы жоғары осмостық қысымды ұстап тұрады. Ол жасушаның бөліну процесі мен метаболиттердің тасымалына қатысады.
Жасуша қабырғасы – бактерияларға белгілі пішін беретін берік серпінді құрылым ж/е жасушадағы жоғары осмостық қысымды ұстап тұрады. Ол жасушаның бөліну процесі мен метаболиттердің тасымалына қатысады.
Грам оң бактериялардың жасуша қабырғасы грам теріс бактериялармен салыстырғанда қалың, өлшемі 50 нм-ге дейін ж/е одан жоғары. Грам оң бактериялардың жасуша қабырғасында полисахаридтердің, липидтердің ж/е ақуыздың аз мөлшері бар. Бұл бактериялардың негізгі көлемін (40-90%) тейхой қышқылымен (грек сөзінен teichos - қабырға) ковалентті байланысқан пептидогликан (муреин, мукопептид) құрайды. Грам теріс бактериялардың жасуша қабырғасындағы пептидогликанның мөлшері 5-10%.