Денсаулыққа әсер ететін қауіпті факторлар. 1.Экономикалық қауіп факторлар
2.Биологиялық қауіп факторлар
3.Экологиялық қауіп факторлар
4.Медициналық қауіп факторлары
1.Кейде еңбек етудің қолайсыздығы, тұрмыстық жағдайлардың нашарлауы денсаулыққа кері әсер етеді. Денсаулыққа әлеуметтік және экономикалық жағдайлардың әсері артып отыр. Табиғи және физико-химиялық тұрғыдан алғанда таза орта болса да, қолайсыз әлеуметтік-экономикалық жағдай ауру мен өлімнің артуына әкелетінін өмір көрсетіп отыр. Әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауы адамның психологиялық күйі мен стресстік құбылыстар арқылы әсер етеді. Өзінің әлеуметтік-экономикалық жағдайына қанағаттанбау себебінен болған созылмалы күйзелістер ағзаның нейроэндокринді және психологиялық қызмет атқаруындағы өзгерістеріне әкеліп, ауруға ұшырау тәуекелін арттырады. Ұзақ уақыт қорқыныш, сенімсіздік, өз-өзіне төмен баға беру, әлеуметтік оңашалау, жұмыс және үйде шешім қабылдай алмау және жағдайды бақылауға мүмкіндіктің болмауы денсаулыққа қатты әсер етеді: депрессияны тудырады, инфекциялық ауруларға, диабетке, жүрек-қан тамыры ауруларына бейімделікті арттырады.
Төмен әлеуметтік-экономикалық жағдай, адамдардың өзінің қоғамдағы «теңсіз» жағдайын және соныменен байланысты бағалануын, қарым-қатынасты, уайымдау, материалдық жағдайдың болмауы денсаулыққа тікелей әсер етеді. Экономикалық жағдай жақсы болған сайын, денсаулық та жақсара түседі.
Әлеуметтік-экономикалық жағдай - денсаулыққа әсер ететін көптеген факторлардың (табиғи, мәдени, әлеуметтік-құрылымдық, тәртіптік және басқа) тек бірі. Бірақ, денсаулықтың мәнді детерминанты бола отырып, әлеуметтік-экономикалық жағдай ең маңызды денсаулық факторы ролін атқара ала ма?
Денсаулық нақты бір адамның жеке әл-қуаты ретінде қарастырылып және медициналық көрсеткіштер негізінде, жеке тұлғалардың өзін-өзі бағалау негізінде де анықталады.
Әлеуметтік-экономикалық теңсіздіктер спектрі өте кең: жынысы, жасы, білімі, кәсіби біліктік, материалдық-мүліктік, аймақтық және басқа факторлар жатады. Жеке тұлғаның экономикалық статусы немесе оның экономикалық теңсіздік жүйесіндегі жағдайы объективті және субъективті көрсеткіштер көмегімен өлшенді.
2. Биологиялық (жүктілік ағымы мен босанудың асқынуы, нервтік-психикалық жəне физикалық күштің шамадан тыс түсуі, жарақаттар, отбасылық келеңсіздік, психожарақаттық қозғыштық, тұлғаның жеке ерекшеліктері, мінезі, темпераменті, баланы тəрбиелеудегі ауытқушылықтар, церебральды органикалық жеткіліксіздік). Анасының жүктілік кезіндегі денсаулық жағдайы, нәрестенің денсаулық жай-күйінің бұзылуы.
3. Адамның денсаулығына зиянды әсер ететін факторлардың ішінде әр түрлі ластаушы заттар бірінші орын алады. Адамның іс-әрекеті нәтижесінде биосфераға, оған тән емес 4 млн.-нан астам заттар шығарылады. Сонымен қатар, жыл сайын қоршаған ортаға мыңдаган жаңа заттар шығарылады. Олардың көпшілігі ксеиобиотиктер (грек тілінен аударғанда хеnos —бөтен) адам мен басқа да тірі ағзалар үшін бөтен заттар.Адамның денcаулығына қоршаған табиғи орта жағдайларының әсері зор. Адамға дем алатын ауаның, күнделікті пайдаланатын ауыз судың, тағамның таза болуынын маңызы ерекше. Адамның мұкият ойланбай жасаған кейбір іс әрекеттері денсаулығына зиянды. Мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан орта жағдайларының зиянды өзгерістері адам денсаулығына кері әсер етеді. Әсіресе, бұл жағдай Қазакстанда ерекше байқалуда. Мысалы, Арал теңізінің тартылуы, ядролық сынақтардың жүргізілуі және т. б. атауға болады. Атмосфераны ластайтын автомобиль транспорты, химиялық өндіріс, газ өндірісі, жылу өнеркәсібі, тау – кен өнеркәсібі және т.б. Қоршаған орта өндірістік қалдықтар мен автокөлік түтіндерінен ластанғанда, ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы төмендеп, сол арқылы адамдардың денсаулығы нашарлайды. Осының салдарынан әсіресе көктем мезгілінің соңы мен жаз айының басында адамдар уланып, ауруханаға түсіп жатады. Сондықтан азық – түлік, жемістер мен көкөністер құрамындағы химиялық заттардың мөлшері мен құрамына қатаң бақылау жасалып отыру тиіс.
Адам ағзасына ауаның құрамы, су және азық – түлік арқылы түсетін бұл улы зат тыныс органдарын, өкпе мен қолқаның қызметін бұзады екен.
Бұдан кейінгі айтар мәселе – судың ластануы. Бұл проблема қазіргі кезде бүкіл адамзат қауымын алаңдатып отыр. Ауа бассейінінің ластануының негізгі себебі – тазартылмаған ағын суларды өзен – көлдерге жіберу болып табылады.
Біз табиғаттың, қоршаған ортаның ластануына жол бермеуіміз керек. Өзіңізді қандай көрсеңіз, өзгелерді де солай көріңіз. Адамдар бір-бірімен дос, бауырлас, сыйлас, рақымды, мейірімді болса, нұр үстіне нұр жауады. Әрқашан жаман ойдан аулақ болыңыз. Адам өзін өзгеден кем сезінуі, денсаулығының нашар екендігін ойлап қамығуы, көз алдына өлім қорқынышын елестетуі ойды бұзады.
4. Медициналық қауіп-қатер факторына - ВИЧ инфекцияның болуы, қант диабеті, алкоголизм, наркомания, ерте əрі талапқа сай емес үзіп-үзіп жүргізілген химиотерапия курстары жəне иммунитет төмендеуі,жұқпалы аурулармен ауратын адам,ескі медициналық құралдар,дәрі-дәрмектердің мерзімінің өтіп кетуі.
Сөз соңында қайра айтарымыз, халық денсаулығы тек медицина қызметкерлерінің кәсіби тірлігі ғана емес, бүкіл қоғамның тұтас денсаулық сақтауға және нығайтуға арналған үйлескен іс-қимыл әрекеттерінің жемісі екенін баршамыз да ұғынуға тиіспіз. Сонда ғана қоршаған ортаны сақтай отырып, таза су ішіп, дұрыс тамақтанып, иманды және салауатты өмір салттарын тұрақты қалыптастырсақ болашақтың жарқын кепілі болмақ.
Қорытынды