«Анашым, анажаным!»



бет1/4
Дата18.05.2023
өлшемі24,92 Kb.
#94640
  1   2   3   4
Байланысты:
8наурыз сценарий (0)


«Анашым, анажаным!»
Жүргізуші:

  • Сегізінші Наурыз! Табиғаттың өзі де бұл күні біздің аяулы аналарымызды, әжелерімізді, сүйкімді қыздарымызды даңққа бөлеп тұрғандай! Наурыз айының басында біздің еліміздің көптеген жерінде әлі де қар жатады. Бірақ, көңілімізді көктемнің алғашқы мерекесі жылындырады. Бұл мереке тек көктем мерекесіне сай секілді. Өйткені көктем секілді әйелдер де адамзатқа өмір, жылылық пен әсемділік сыйлайды. 

Армысыздар ақ жаулықты әжелер,ардақты аналар,ұлағатты ұстаздар!Өздеріңізге арналған мерекемізге қош келдіңіздер.Сонымен, «Қарлығаш» МАД тобының
«Анашым,анажаным!» атты ертеңгілігін бастаймыз.
(Балалар бір ұл,бір қыз болып «Біздің елдің қыздары» әнімен шығады.)
Күн жылынды қар еріді
Құстар келіп ән салды.
Бүршік атып,нұрын шашып,
Көктем бізге келіп қалды. (хормен айтады)
Жүргізуші: Балалар, бүгінгі мерекені бастауға дайынбыз ба?
Олай болса әсем ән шашуымызды тарту етейік.
Хор «Анашым,анажаным»


Жүргізуші: Балалар,көктем келгені әлі сезілммейтін сияқты.Неге бұлай болды екен?
Қараңыздаршы бізгі қарай бір ақ құйын келе жатыр.

Қатігез қар ханшайымы:



  • Мен тұрғанда еш жерде көктем болмайды.

Жүргізуші: Сәлеметсіңбе Қар ханшайымы.Біз Көктем ханшайымын күтіп отырмыз.
Қатігез қар ханшайымы: Бәрі де кеш!Көктем ханшайымы мәңгілік ұйқыға кетті,сендер оған көмектесе алмайсыңдар.
Жүргізуші:

  • Балалар,мен тапқан сияқтымын,сендер көктем туралы өлең шумақтарын білесіңдер ме?

Балалар:

  • Иә!

Жүргізуші

  • Олай болса көктем аруына көмектесейік

Осы кезде әдемі әуен қойылып балалар тақпақтарын айтады.Ал Қар ханшайымы болса ашуланып залда айнала бастайды.
Тақпақтар:
1-бала:
Ауа қандай, дала, қандай әдемі,
Көктем – көктем болармысың кәделі
Сенің мынау ұлан ғайыр сыйыңнан
Туған жердің жасыруда беделі.
2-бала:
Көктем-көктем көктемде
Күн күркіреп өткенде
Нұр жаңбырды тосамыз
Көктемді әнге қосамыз
Шомылып нұрға атырап
Ағаштар жайды жапырақ
Далаға бірден жаралды
Көктеммен жұпар шашырап.

3-бала:
Көктем келді табиғатты оятып,


Күн күркірі, нөсерімен тоя түп.
Ағаштардың тамырына қан жүрді,
Жапырағын жасыл түске боятып.

4-бала:
Ару көктем армысың
Көкке біткен әнбісің
Жерге біткен сәнбісің
Алтын арай таңбысын
Жырың шашақан күнбісің
Жайнап өскен гүлмісің
Тербетілген талмысың
Хош, келіпсің армысың!




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет