|
Графикалық кескіндерді орындау әдістері.
(Ұ) Оқушыларға геометриялық дененің ( мысалға, шаршы) графикалық кескінін орындауды ұсыныңыз. Орындалған графикалық кескінді оқушылармен бірге талқылаңыз. Олардың текшені салуда әртүрлі әдістердің бар екендігіне назарын аударыңыз.
Сұрақтар қойыңыз:
Орындалған графикалық кескін зат туралы толық ақпарат береді ме?
Неге?
Орындалған кескінге толықтыру жұмыстары қажет пе? Неге?
Мысал ретінде қарапайым тетікті қарастырыңыз. Бұл сызба қандай ақпарат беретінін анықтаңдар.
Ашық және жабық сұрақтар стратегиясы арқылы берілген тетіктің бөліктері және өлшемдері қандай формадан тұратынын анықтаңдар
Мемлекеттік (МЕСТ) стандартқа және (КҚБЖ) конструкторлық құжаттар дың бірыңғай жүйесіне баса назар аударыңыз.
(Ұ) Оқушыларға компьютерлік графикада және қолмен орындалған кескіндерді (суреттер, техникалық сызбалар, сызбалар, нобайлар және т.б.) қарастыруды ұсыныңыз. Ашық және жабық сұрақтар стратегиясын қолдана отырып, сыныппен талқылаңыз:
- Орындалған жұмыстардың ерекшеліктері неде?
Графикалық кескіндердің әртүрлі орындалу тәсілдерін қарастырыңыз: растрлық, векторлық.
Компьютерлік графиканың мүмкіншіліктері мен артықшылықтарына назар аударыңыз.
|
Берілген тәжірбиелік жұмысты орындай отырып, оқушылар сызба ерекше кең көлемдегі ақпараттар мен құжаттар қатарына жататының түсіну керек. Нысанның/заттың көлемін, құрылғысын, материалын, өлшемін, пішінің және басқа техникалық сиппатамаларын сызба арқылы анықтауға болады.
Сызба кескіні туралы визуалды түсінік алу үшін, бірлесе текшені салуды орындауын ұсыныңыз.
Сызба аспаптары мен құралдарын жұмыс орындау барысында қолдануды ұсыныңыз.
Қолмен және компьютерлік графика көмегімен орындалған кескіндерді жинап алуды ұсыныңыз.
Ескертпе:
Тақырыпты игеру үшін 1 сағат ұсынылады.
|