Зерттеудің инновациялық әдістері мен коммерцияландырудың негіздері Инновация



Дата26.12.2023
өлшемі25,05 Kb.
#143962
Байланысты:
1 прак


Зерттеудің инновациялық әдістері мен коммерцияландырудың негіздері
Инновация – педагогикалық процеске оқыту мен тәрбиенің жаңа тұжырымдамаларын, оқу жоспарларын және бағдарламаларын, түрлерін, әдістерін, құралдарын енгізіп, мақсатңа жету.
Инновациялық процессіз мектептің дамуы мүмкін емес. Мектептің тарихында оқыту мен тәрбиенің ескі түрлері, құралдарының орнына жаңа, озық үлгілер келген кездер көп болды. Мысалы: 20 жылдары мектеп тәжірибесіне жобалау әдісі бойынша топқа үй тапсырмалары берілді. Осы тәсілді жаңашыл мұғалім Н.П.Гузик өзгертіп қолданды.
70-80 жылдары Ш.А.Амонашвили, И.П.Волков, С.Н.Лысенкова, В.Ф.Шаталовтардың жаңашылдық іс-тәжірибесі сол кездегі ұстаздар қауымының тарапынан үлкен қолдауға ие болды.
Инновациялық мектептердің мақсаты - жеке тұлғаны жан-жақты дамыту.
Н.Нұрахметов инновацияны мынадай топтарға бөледі:
- білім мазмұнындағы инновация;
- оқу-тәрбие процесінің әдістемесі, технологиясы, түрі, әдістері және құралдарындағы инновация;
- оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы инновация;
мектептегі басқару жүйесіндегі инновация.
Жаңалықтан кейін болған өзгерістердің сипатына қарай топталған инновацияның түрлері:
- жеке, бір-бірімен байланысы жоқ;
- модульдық (бір-бірімен байланысты): бір-біріне жақын пәндерге және жас деңгейлері бірдей оқушылармен жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарына енгізілген жаңалықтар;
- жүйелі: барлық мектептерде болатын өзгерістер.
Иновацияның түрлері: модификациялық, комбинаторлық, түбірлі.
Модификациялық инновация - педагогикадағы әдіс-тәсілдерді жетілдіру. Мысалы: А.С.Макаренконың қиын балаларды тәрбиелеу әдістерін А.Ысқақов осы заманға лайықтап қолданды
Комбинаторлық инновация - белгілі әдістердің элементтердің бір-біріне қосу. Инновацияның бұл түрін қазіргі кезде тілдерді оқыту әдістемесімен айналысатын ғалымдар қолдануда. Түбірлі: мектепке білімнің мемлекттік стандарттарының енгізілуі.
Иннавациялық іс-әрекет – қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына сай мектеп жұмысын дамытатын, мектеп өміріне оң өзгерістер әкелетін іс-әрекет. Әрбір мұғалім өзінің оқу-жұмысын дамыту үшін түрлі құралдар арқылы өзінің іс әрекетін саналы түрде өзгертеді.
Инновациялық процестің кезеңдері:
- иновацияның себептері;
- жаңалықты жобалау;
- жаңалықты жүзеге асыру.
Инновациялық іс-әрекетке орта да әсер етеді. Мектеп жаңалықтың себебін, жобасының дұрыстығын дәлелдеп, жаңалыққа мұғалімдерді, оқушыларды, ата-аналарды қызықтыра білгені жөн. Инновациялық процесті күшейтетін бес фактор:
- мектеп басшыларының шығармашылығы, оқытудың жаңа технологияларын жасауға қабілеттілік, педагогикалық процеске қатысушылардың бір-бірімен өзара әрекеті және қарым қатынасы;
инновациялық процестің жоспары, бағдарламасы;
- бағдарлама, жоспар бойынша мектепке ғалымдардың кеңес беруі, керек жағдайда инновациялық процеске түзетулер енгізуі. Жоспарда нәтижелерге жетуге ықпал ететін жағдайларды көрсетіп, сәтсіздік болғанда оны жоятын шараларды да белгілеу;
- әлеуметтік-экономикалық жағдай;
инновациялық процеске қатысушылар: бастама көтерушілер, көмектесушілер, қарсы тұрушылар.
Инновациялық әрекет технологиясы–оқу-танымдық әрекет тұрғысынан алғанда, жаңаны меңгеру және пайдалану, жаңашылдықты ендіру білім беру мазмұнының белгілі бір кәсіптік салаға бағытталған білім, іскерлік және дағдыны дамыту мақсатына, күтілетін нәтижелерге бағытталады.
Сондықтан зерттеу жұмысымызда Ш.Т. Таубаеваның «Инновация - білім берудің жаңа технологияларын зерттеп, жаңа білімді қолданысқа ендіретін ғылым, ал жаңа білімді алып келуші - бұл технология. Технологияның өзгеріске ұшырайтын себебі-білім, білім беруді реформалаудың нәтижесінен инновациялық технологиялар туындап, білім беру мазмұнын құрайды»;
Д.Қ. Пошаевтың – «технология - ол өнім алу барысында шикізат пен материалдың күйін, қасиеттері мен формасын өзгерту үшін қолданылатын әдістердің жиынтығы, технологияның ғылым ретінде атқаратын міндеті-практикадағы ең тиімді өндірістік үдерісті анықтау және оны пайдалану мақсатында әртүрлі ғылым (физика, химия т.б.) заңдылықтарын анықтау» - деген пікірлеріне сүйенуді жөн көрдік.
Осыған орай инновациялық технологиялар білім беру мазмұнын дамытуға мүмкіндік беретін әртүрлі ғылым салаларындағы (пән аралық байланыс нәтижесінде) заңдылықтарды оқып-үйренуді алға тартады. Себебі, оқу технологиясы білім беру мазмұнын ұйымдастырушы құрылымға ие. Білімдер жиынтығы білім беру мазмұнын дамытуға сәйкес шарттарды жүзеге асыруға қажетті қабылданған шешімдердің шынайылығына және олардың тепе - теңдігіне бағытталған үйлесімділік көздерін іздеуді қажет етеді
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шындауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді.
Бұл міндеттерді шешу үшін, мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы, барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға, жаңа қарым – қатынасқа өту қажеттігі туындайды.
Сондықтан да қазіргі қоғамымызға әр мұғалім өз іс - әрекетінде қажетті өзгерістерді әртүрлі тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды жаңа әдіс – тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білуі керек. Сонымен қатар мектептегі оқу – тәрбие жүйесі, мұғалім – оқушы арасындағы қарым – қатынас жалпы оқытуды ұйымдастыру талапқа сай елеулі өзгерістерді қажет етіп отыр.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс - әрекетінің ғылыми – педагогикалық негіздерін меңгеру маңызды мәселелердің бірі.
Оқу процесіндегі инновациялық модельдің құрылымын былай көрсетуге болады:
- жалпы инноватикадағы инновациялық процесс идеялары;
- педагогикалық инноватиканың пайда болуы, таралуы, педагогикалық жаңалықтарды меңгеру;
- оқу процесі кезінде теориялық талдау жасау немесе іс - әрекет ретінде.
Инновациялық процесс оқу аймағында теориялық модельдің суреттелуі.
Инноватиканың басталуы: инновациялық процесс – инновациялық іс-әрекет – инновациялық потенциал – инновациялық процестерді басқару.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет