Дербес компьютердің программалық жасақтамаларын сипаттамасы


Программалық жабдықтамалардың (ПЖ) жіктелуі. Жүйелік ж/е қолданбалы ПЖ



бет2/3
Дата25.01.2022
өлшемі45,87 Kb.
#24328
түріПрограмма
1   2   3
Программалық жабдықтамалардың (ПЖ) жіктелуі. Жүйелік ж/е қолданбалы ПЖ

Компьютерлерге арналған программалардың жиынтығы программалық жабдықтаманы құрады. Қызмет көрсету қасиеттері бойынша программалық жабдықтаманың келесі түрлерін ажыратады:

- жүйелік

- қолданбалық

Жүйелік программалық жабдықтама деп өзіне:

- операциялық жүйелерді

- желілік программалық жабдықтамаларды

- сервистік бағдарламаларды

- программаларды жасау құралдарын қосатын программалық жабдықтама түсініледі.

Желілік программалық жабдықтама - желілік есептеуіш жүйелердегі жалпы ресурстарды: магниттік дискілердегі желілік жинақтауыштарды, принтерлерді, сканерлерді, жіберілетін хабарламаларды ж/е т.б басқаруға арналған.

Желілік программалық жабдықтамаға:

- желілік ОЖ

- желілік емес ОЖ-лерде бар кейбір желілік программаларды жатқызады.

Қолданбалы программалық жасақтама - әртүрлі мәселелік аумақтардағы қолданбалы есептерді шешуді жасақтайтын жеке қолданбалы программалар мен қолданбалы программалар дестелерінен (ҚПД) тұратын программалық жасақтама бөлігі. Оның құрамына:

- жалпы мақсаттағы ҚПЖ;

- мәселелік бағытталған ҚПЖ;

- интегралданған ҚПЖ кіреді.

Жалпы мақсаттағы ҚПЖ құрамына әртүрлі қолданбалы есептерді шешуге жиі қолданылатын программалық құралдар енеді, олар:

- мәтіндік редакторлар мен процессорлар;
- графикалық редакторлар;

- электрондық кестелер (ЭТ) процессорлары;

- мәліметтер қорын басқару жүйелері;

- электрондық презентациялар ж/е т.с.с.

Мәселелік бағытталған ҚПЖ - белгілі бір саладағы есептерді жүзеге асыруға мамандандырылған программалық құралдардың жиынтығы. Мұндай программалық құралдарға:

- жобалауды автоматтандыру жүйелері (ЖАЖ);

- таңбаларды айыру жүйелері;

- статистикалық, қаржылық – аналитикалық жүйелер;

- ғылыми зерттеулер жүйелері ж/е т.с.с. жатады.

Интегралданған ҚПЖ – қазіргі уақыттағы ҚПЖ-ның қарқынды ж/е қуатты дамып жатқан бөлігі. Олар – көп функционалды, бірнеше қолданбалы программалық жабдықтарды бір ресурстық қор негізінде жинақтап объектілер деңгейінде әсерлесулерін жүзеге асыратын дестелер (Lotus Works, Microsoft Office ж/е т.б.).






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет