Сабақ жоспары: Ғылыми аппараттың компоненттері. Ғылыми аппарат бірнеше компоненттерден тұрады



Дата20.12.2023
өлшемі17,99 Kb.
#141406
түріСабақ

Зерттеу жұмысының мақсаты,
міндеттері, нысанын анықтау әдістері

Сабақ жоспары:
1. Ғылыми аппараттың компоненттері.

  1. Ғылыми аппарат бірнеше компоненттерден тұрады.



Кіріспе зерттеудің маңыздылығын, мақсатын, міндеттерін, көлемін көрсетеді.
Зерттеудің маңыздылығы бірнеше факторлармен анықталады:
- зерттелетін мәселеге байланысты теориялық ұғымдарды толықтыру үшін керектігі;
- сол мәселе жайында жаңалықтардың керектігі;
- зерттеудегі жаңа әдістемелер керектігі;
- зерттелетін мәселенің іс жүзінде керектігі.
Зерттеу объектісі - мәселелік жағдаят туғызатын белгілі бір процесс немесе құбылыс.
Зерттеу пәні зерттелетін объектінің шекарасына кіреді. Ол объектінің қасиеті.
Зерттеудің мақсаты — зерттеу кезінде пайда болуға тиіс нәтиже.

Кейбір жиі қойылатын мақсаттар:


- кейбір тексерілмеген әрі белгісіз анық зерттелмеген құбылыстарды анықтап сипаттама беру;
- құбылыстардың арасындағы байланысты анықтау;
- құбылыстың жаңа табиғатын ашу;
- жалпы заңдылықты қорытындылап анықтау;
- құбылыстардың жүйесін құру;
- әдістемені белгілеу;
- әдістемені адаптациялау.
Гипотеза (болжам айту) - құбылыстың байланысы немесе себептері негізінде қорытынды жасалынады, бірақ бұл қорытындыларды толық дәлелді деп есептеуге келмейді. Гипотезаның формуласы - «егер, онда».
Зерттеудің міндеті - болжанған гипотезаға байланысты мақсатқа жету үшін керекті жолдармен, іс-әрекеттерді таңдап, белгілеу. Зерттеудін мақсатына жету үшін оны бірнеше мақсаттарға бөліп, жұмысты соны орындауға бейімдеу.
Зерттеудің негізгі әдістемесі - қандай әдістемелерді қолдану арқылы зерттеуді жүргізуге болатындығын көрсету.
Зерттеудің кезеңдері - зерттеушінің жұмыс жүргізу кезеңдері белгіленеді.
Зерттеудің құрылымы - зерттеуші қолданылған материалдарды, бөлімдерін, кестелерін, қосымша мағлұматтарды оның санын көрсетеді.
Ғылыми жаңалық - басқалармен ашылмаған қандай іс істелгенін және одан қандай нәтиже алынғанын көрсету.
Іс жузіндегі маңызы — алынған ұсыныстардың қандай пайдасы бар екендігі және оны оқу-тәрбие жұмысында қолдануға болатындығы.

Тапсырма


Ғылыми жұмыстарды жазуға қойылатын талаптар

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет