Деректер қорын басқарудың заманауи жүйелері



бет1/3
Дата01.04.2023
өлшемі352,07 Kb.
#78205
  1   2   3
Байланысты:
Лекция1


АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УРИВЕРСИТЕТІ
https://atu.kz/
ФАКУЛЬТЕТІ «ИНЖИНИРИНГ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР»
КАФЕДРА «АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР»
ПӘНІ:«ДЕРЕКТЕР ҚОРЫН БАСҚАРУДЫҢ ЗАМАНАУИ ЖҮЙЕЛЕРІ»
АТ кафедрасы лекторы жұмыс.тел.:8 (727) 396-71-33 (ішкі. 109)
Эл.адрес: zhasuzakova.m@atu.kz
Дәріс №1. Мәліметтер қоры мен ақпараттық жүйелер. Мәліметтер қорын басқару жүйесі.
Мәлімет туралы негізгі түсініктер.
Мәліметтер қорын басқару жүйелері (МҚБЖ) және олардың түрлері.
МҚБЖ ортасының негізгі компоненттері
Мәліметтер қорын қолданушылардың классификациясы.
Мәліметтер қорының әкімі және оның функциялары. 
Мақсаты: ЭЕМ-де шешілетін есептердің түрінің өзгеруіне байланысты бағдарламалауда, соның ішінде мәліметтер базасы секілді, мәліметтерді ұсынудың жаңа түрлерінің пайда болатынын көрсету; қолданбалы бағдарламалар мен мәліметтер базасы арасындағы бағдарламалық интерфейсті құру қажеттілігін көрсетті, мәліметтер базасын басқару жүйесі түсінігін анықтау және мәліметтер базасы мен көптеген қолданушылардың өзара әрекеттесуінен шығатын, МББЖ негізгі функцияларын құрастыру.
Кез келген есепетуіш үрдіс келген мәліметтердің шығу мәліметтеріне бейнеленуін (белгілі бір алгоритм бойынша) білдіреді.
Өңделетін мәліметтер мен есептеу алгоритмдерін ұсыну күрделілігінің қатынасы есептердің екі класын анықтайды:
  • Есептеуіш есептер – есептеу дерекетерін ұсынудың жеткілікті қарапайым және күрделі көп операциялық үрдісі.
  • Мәліметтерді өңдеудің есептері (есептеуіш емес есептер) – мәліметтерді өңдеудің қарапайым алгоритмі және өңделетін мәліметтердің күрделі ұсынылуы.

Мәліметтер базасын басқару жүйесі
Есептерді шешу кезінде бір немесе бірнеше жеке файлдарды қолданатын, қолданбалы бағдарламада мәліметтердің сақталуына және нақтылығына, осы есеппен жұмыс жасайтын бағдарламалаушы жауап береді. Мәліметтер базасын қолдану әртүрлі қолданушылардың есебін шешетін, бірнеше қолданбалы бағдарламалардың онымен жұмысын талап етеді.
Демек, қолданбалы есептің біреуін шешетін, бағдарламалаушы мәліметтердің сақталуына және интегралданған мәліметтердің нақтылығына енді жауап бере алмайды. Сонымен қатар, мәліметтер базасын қолданған шешілетін есептер шеңберінің кеңеюі жазбалардың жаңа типінің және олардың арасындағы қатынастың пайда болуына алып келуі мүмкін. Мәліметтер базасы құрылымының мұндай өзгерісі, мәліметтер базасымен жұмыс жасайтын, бұрын жасалған және сәтті жұмыс жасап тұрған қолданбалы бағдарламалар жүйесінің
өзгерісіне алып келмеуі қажет. Басқа жағынан қарағанда, кез келген қолданбалы бағдарламалардың мүмкін өзгерістері, өз кезегінде мәліметтер құрылымының өзгерісіне алып келмеуі қажет. Жоғарыда айтылғандардың барлығы мәліметтерді қолданбалы бағдарламалардан бөлу қажет екенін көрсетеді. Олардың тәуелсіздігін қамтамасыз ететін, қолданбалы бағдарламалар мен мәліметтер базасының арасындағы интерфейстің ролін бағдарламалық кешен - мәліметтер базасын басқару жүйесі (МББЖ) ойнайды (2.1 сурет).


1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11

DECLARE @sum MONEY, @id INT, @prodid INT, @name NVARCHAR(20);
SET @id=2;
SELECT @sum = SUM(Orders.Price*Orders.ProductCount),
@name=Products.ProductName, @prodid = Products.Id
FROM Orders
INNER JOIN Products ON ProductId = Products.Id
GROUP BY Products.ProductName, Products.Id
HAVING Products.Id=@id
PRINT 'Товар ' + @name + ' продан на сумму ' + STR(@sum)

Басқа мысал:
Мұнда екі products және Orders кестелерінен алынған мәліметтер products кестесінен Id және productname бағандары бойынша топтастырылған. Содан кейін деректер Products ішінен Id бағанына сүзіледі. Алынған деректер @sum, @name, @prodid айнымалыларына түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет