Деректер қорларының жүйелері


Сақтаулы ақпараттың сипатына қарай ДҚ-ның екі түрі бар



бет2/4
Дата15.11.2023
өлшемі2,55 Mb.
#122682
1   2   3   4
Байланысты:
5. Тақырып. Деректер қорларының жүйелері

Сақтаулы ақпараттың сипатына қарай ДҚ-ның екі түрі бар:

  • Сақтаулы ақпараттың сипатына қарай ДҚ-ның екі түрі бар:
  • фактографиялық
  • құжаттық
  • Сипатталатын объектілер туралы қысқаша мәліметтер нақты белгіленген пішімде беріледі. Мысалы, кітапханадағы кітаптар қорының ДҚ-да әрбір кітап туралы дерек библиографикалық түрде сақталады: басылған жылы, авторы, аты және т.б.Қысқаша айтқанда, фактографиялық ДҚ – бұл картотекалар.
  • Әр түрлі типтегі: мәтіндік, графикалық, дыбыстық, мультимедиялық кең көлемді ақпараттардан тұрады. Мысалы, заң шығару актілерінің құжаттық деректер базасы заңдардың мәтінінен тұрады. Құжаттық деректер –
  • бұл архив

Ақпараттарды сақтау әдісі бойынша ДҚ-ның екі түрі бар:

  • Ақпараттарды сақтау әдісі бойынша ДҚ-ның екі түрі бар:
  • орталықтандырылған
  • үлестірілген
  • Орталықтандырылған ДҚ-да бар ақпарат бір компьютерде сақталады.
  • Үлестірілген ДҚ жергілікті және ауқымды компьютерлік желілерде қолданылады және ақпараттың әр түрлі бөліктері бөлек компьютерлерде сақталуы мүмкін. Мысалы, Internet жүйесіндегі ақпарат

Деректер қорын басқару

  • Access программасы – бұл мәліметтер базасын басқару жүйесі (BD-СУБД - МББЖ).
  • Басқару жүйесі дегеніміз - көлемді мәліметтер жиынын тұтынушыларға ыңғайлы түрде бейнелеп, белгілі бір форматта сақтап қана қоймай, оны ары қарай өңдеуге арналған программалар кешені.
  • Access Windows ортасында жұмыс істейтін программа болғандықтан (екеуін де Microsoft фирмасы жасаған), олар бір-бірімен өте үйлесімді түрде жұмыс істей алады, мұнда да басқа программалардан (және керісінше) буфер арқылы кез келген мәліметті қиып алуға, көшіруге және кірістіріп қоюға болады.
  • Access – бұл реляциялық МББЖ, яғни мұнда бір мезетте бірнеше мәліметтер базасының кестелерімен қатар жұмыс істей беруге болады. Реляциялық МББЖ мәліметтер құрылымын қарапайым етіп құрастырып, жұмыс істеуді жеңілдетуге мүмкіндік береді.
  • « Бағдарламаның алғашқы экраны » терезесінде «Жаңа мәліметтер қоры» белгісін шерту. «Жаңа мәліметтер қоры» терезесінде
  • - файлдың атын енгізіңіз және
  • - мекен жайын көрсетіңіз.
  • Алғашқы экранның
  • оң жағында жақын арада пайдаланылған мәліметтер қорының тізімі орналасады
  • Сіз жаңа мәліметтер қорын құрған кезден бастап, ол бұл тізімді толықтырады.
  • Егер «Басқалар» пунктінде тышқанды шертсеңіз, өзіңіздің мәліметтер қорыңызды таңдап алуға болатын, файлдарды ашуға арналған стандартты терезе пайда болады.
  • «Жасаңыз» терезесін шерткеннен соң, біраз уақыт өткеннен кейін Access 2007 жұмыстық экраны пайда болады
  • MS Access ақпаратты көрсету және сақтау үшін пайдаланылатын жеке компоненттерден тұрады. Олар: кесте, форма, есеп беру, сұраныстар, деректерге мүмкіндік беретін беттер, макростар және модульдер. Формалар мен есептерді құру үшін конструкторлар қолданылады, сондықтан бұл компоненттер конструкторлық объектілер деп аталады. Конструкторлық объектілер басқару элементтері деп аталатын едәуір кіші объектілерден тұрады (олар: өріс, батырмалар, диаграммалар, жақтаулар, және т.б.).
  • Кесте деректер қорының негізі болып табылады. MS Access-те бүкіл ақпарат кестелерде беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет