Дәрі Ақпараттық мәдениет ұғымы және оның компоненттері. Ақпараттандыру


Ақпараттық мәдениет және оның компоненттері



бет3/3
Дата17.02.2023
өлшемі20,3 Kb.
#68691
1   2   3
Ақпараттық мәдениет және оның компоненттері


Ақпараттық мәдениет - адамға ақпараттық кеңістіктің қалыптасуына қатыcyғa және ол кeңicтіктe epкін бағдарлай алуға, ақпараттық өзара ic-әрекетке түсуге мүмкiндiк беретiн бiлiм деңгейi.
Э.Л.Семенюктiң пiкiрi бойынша "ақпараттық мәдениет - Ақпараттық мәдениет – ақпараттық қызметтің мүмкін болатын барша түрлерін: алуды, жинақтауды, сақтауды және кез-келген өңдеуді жүзеге асырып, осының негізінде сапалық жағынан жаңа ақпарат жасауға, оны беруге, іс жүзінде пайдалануға мүмкіндік беретін адамның, қоғамның, немесе оның белгілі бір бөлігінің сапалық жетілу деңгейі".
Ақпараттық мәдениетті, сауатты адам - ақпараттың қажет кезін сезіну, оны тауып алуға, бағалауға және тиімді қолдануға қабілетті, ақпарат сақталатын дәстүрлі және автоматтандырылған құралдарын пайдалана білуі керек. 
Қоғамның ақпараттық қоғамға өтуі өз дамуында білім беру жүйесі алдында болашақ маманның ақпараттық мәдениетінің негіздерін қалыптастыру мақсатын қояды.

Ақпараттық қоғам мүшесінің ақпараттық мәдениетінің құрылымы



Ақпараттық мәдениеттің компоненттері

Атауы

Мәні

Аксиологиялық

адамның ақпараттық қызметінің адамгершілік құндылықтарын жеке тұлға деңгейінде қабылдау

Коммуникативтік

Информатика және ақпараттық технология аумағында қарым-қатынас және ынтымақтастық мәдениеті, телекоммуникацияның мүмкіндіктерін тұлғааралық және ұжымдық өзара әрекетте қолдану мүмкіндіктері

Танымдық-интеллектуальдық

Ақпараттық технология аумағында еркін бағдар жасау және құзырлылық, ойлаудың икемділігі мен бейімделуі

Болжамдық

Ақпараттық іс-әрекеттің мүмкін салдарларын болжау, үнемі жаңарып тұратын ақпараттық жағдайға кәсіби-әдеуметтік бейімделу

Қолданбалылық

Кәсіби есептерді неғұрлым тиімді шешу үшін ақпараттық-технологияның мүмкіндіктерін қолдану

Құқықтық

Ақпараттық қатынасты реттеудің негізгі құқықтық нормаларын білу және оны орындау, ақпараттандыру құралдарының көмегімен жасалатын әрекеттерге жауаптылықты сезіну

Эргономикалық

Ақпараттық-кәсіби қызметте еңбекті ұйымдастырудың ғылыми принциптерін, денсаулық, физиологиялық және қолайлылық қауіпсіздігін іске асыру.

Қоғамдық өмірге ақпараттық технологияны енгізудің «білім беру» бағыттары:





  1. Ақпараттық қоғам жағдайында білім мазмұны мен қызметін, педагогикалық қызметтің формалары мен әдістерін өзгерту;

  2. Ақпараттық технология мен ақпараттандыру құралдарының шығармашылық қабілеттер мен кәсби бағдардың дамуына жағымды әсері;

  3. Ақпараттық технология тәрбиелеік әсері;

  4. Білім беруде мультимедиа-технологияны қолдану мүмкіндіктерінің пайда болуы;

  5. Ақпараттық қоғам жағдайында үздіксіз білім берудің болашақтағы дамуы;

  6. Оқыту құралдарының электрондық моделінің жаппай қолдану және дамыту;

  7. Қоғамның ақпараттық ресурстары негізінде дамыта оқытудың қалыптасуы

  8. Қосымша білім беруге ақпараттық және телекоммуникациялық технолгияларды енгізу;

  9. Ақпараттық қоғамда дәстүрлі және инновациялық оқыту тәсілдерінің мүмкіндіктерін үйлестіру;

  10. Оқытушылардың оқыту үдерісінің барлық түрлерінде жұмыс істуге арналған ақпараттық мәдениетін қалыптастыру;

  11. Оқу мекемелерін басқарудың жаңа тәсілдерін жасау және педагогикалық еңбектің сапасын бағалау;

Ақпараттық қоғамда білім беру жағдайларының ауқымы және интеграциялау

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет