5-билет Морфология. Тілдің грамматикалық деңгейінің тұжырымдамасы және оның компоненттері: сөз формасы,грамматикалық мағына,грамматикалық санаты



Дата25.05.2023
өлшемі164,96 Kb.
#97466
Байланысты:
5-6 билет қазақ тілі


5-билет
Морфология.
Тілдің грамматикалық деңгейінің тұжырымдамасы және оның компоненттері:сөз формасы,грамматикалық мағына,грамматикалық санаты.
Морфология (грекше: morphe - форма; тұлға және logos - ілім) – сөз туралы грамматикалық ілім. Морфологияның негізгі объектісі – сөз. Сөз кұрамы мен сөз таптарын зерттейді. Бірақ морфологияда сөздің лексикалық мағынасы емес, грамматикалық мағынасы қарастырылады. Лексикологияда тіліміздегі барлық сөзді тану, олардың мағыналарын ашу, ал морфологияда осы сөздердің қай сөз табына жататынын, ол сөз таптарының жасалу жолдары мен түрленуі сөз болады. Сөздердің жасалу жолдары және түрленуі салдарынан сөздің құрылымы деген сөз болады.
Тілдегі кей сөздер грамматикалық құрылысқа түскенде ешбір грамматикалық тұлғасыз-ақ белгілі бір грамматикалық мағынаны білдіре алады. Ол білдіретін грамматикалық мағына сөз түбірі білдіретін грамматикалық мағынадан бөлек болады. Міне, сондай арнайы қосымша көрсеткіші болмай, грамматикалық тұлғасы көрінбей тұрып грамматикалық мағына білдіруді нөлдік тұлға не нөлдік форма немесе сөздің нөлдік морфемада қолданылуы делінеді. 
Грамматикалық мағына — тілде қалыпты сипаты бар (стандартты) сөздер тобы мен сөз тұлғаларына, синтаксистік құрылымдарға тән жинақты, дерексіз тілдік мағына. 
Морфология саласында сөз таптарының жалпы мағыналары болсын немесе сөз тұлғалары мен сөздердің жеке мағыналары болсын морфологиялық категориялар дәрежесін сақтай отырып, бір-бірінен өзгеше болады. 
Грамматикалық мағына референциялық (синтаксистік емес) және Реляциялық (синтаксистік) болып бөлінеді. Референциялық мағына тілден тыс болмыстағы заттар мен кұбылыстардың касиеттерін білдіреді, мысалы, көлемдік, мөлшерлік, қимыл-әрекеттік сияқты мағыналар. Ал реляциялық мағына сөз тіркесі мен сөйлем құрамындағы байланысты білдіреді.


6-билет
Зат есім. Грамматикалық категориялары және зат есімнің синтаксистік функциялары.
Зат есімнің семантикалық және грамматикалық ерекшеліктері. Зат есімнің сөйлемдегі қызметі.
Зат есім - заттың, құбылыстың атын білдіріпкім? не? деген сұраққа жауап беретін сөз табы. Күнделікті өмірде кездесетін, әдеттегі жай нәрселерді ғана емес, табиғат пен қоғамдық өмірдегі ұшырасатын әр алуан құбылыстар мен оқиғаларды, ұғымдар мен түсініктерді де қамтиды.
Мысалы:құс, тас, су, шыны, адам, қол деген сөздермен қатар, жаңбыр, найзағай, сайлау, жүріс, капитализм, эволюция, ұғым, ақыл, сана деген сөздер де зат есімге жатады.


Зат есімнің грамматикалық категорияларын оқыту - оқушының сөйлеу, жазу тілі дағдысының, мәнерлі оқуының, орфографиялық, пунктуациялық білім дағдыларының қалыптасуының, дамуының негізгі кілті болып табылады. Бұл тақырыпты оқыту арқылы оқушыларға зат есімнің грамматикалық категориялары танытылады. Осы тақырыптан берілетін теориялық білімінің аясы кең. Атап айтқанда, оқушылар мынадай білім алады:
  1. Зат есімнің грамматикалық категориялары туралы түсінік;


  2. Зат есімнің грамматикалық категорияларын оқудағы мақсат;


  3. зат есімнің грамматикалық категорияларының өзіндік белгілері мен ерекшеліктері.


Зат есімнің грамматикалық категориялары тақырыбынан оқушыларға тиянақты білім мен дағды беру үшін, ең алдымен, материалды неше сағатта өтуге болады., әр сағатта өтілуге тиісті материал көлемі мен мазмұны және оқушыларға бұрыннан таныс, таныс еместігі, ең соңында оқушылардың қабылдай алу қабілеттілігі, өресі, дағдыларының бар-жоғы сияқты мәселелерді күн ілгері ойластыра, жоспарлап алу қажеттілігі туады.


Осылай өткізілетін материал көлемі анықталып алған соң, сол материалды толық меңгерту, әрбір минутты бос жібермеу, ол үшін оқушылардың өзіне жұмыс істеу, ой қорытындысын жасату сияқты мәселелер мақсат етіледі.
Зат есімнің грамматикалық категорияларын оқыту принципі педагогиканың дидактикалық принциптеріне негізделіп оқытылады. Мәселен, дидактиканың берілетін сабақ тақырыбы өткен тақырыппен байланыстырылып отырылуы керек және өтілетін материалдар бірімен-бірі тығыз байланысты болсын деген ережесіне негізделіп отыратын болса, зат есімнің грамматикалық категорияларын оқыту оның алдында өтілген сөз құрамымен байланысты өтіледі.
Зат есімнің сөйлемдегі қызметі оның қай септік жалғауында жұмсалуына байланысты.
Зат есім атау септікте тұрып, кім? не? деген сұраққа жауап беріп, сөйлемде ойдың иесі болады. Мысалы: Таулардан өзен ағар сарқыраған. (Ы.Алтынсарин) Бұл сөйлемде өзен сөзі атау септікте тұрып (не ағар?), бастауыш қызметін атқарып тұр.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет