бет 2/2 Дата 24.11.2023 өлшемі 18,83 Kb. #125320
Арт-терапияның негізгі мақсаттары:
катарсистік (тазартушы, жағымсыз күйлерден босатушы);
реттеуші (нервтік-психикалық күштенулерді түсіру, психосоматикалық үрдістерді реттеу, жағымды психоэмоционалды күйлерді үлгілеу;
коммуникативті-рефлексивті (қарым-қатынас бұзылыстарын түзетуді қамтамасыз ету , дұрыс тұлғааралық мінез-құлықты, өзіндік бағалауды қалыптастыру).
Арт-терапияда мақсатты оқытуға емес , көркемдік іс-әрекеттің қандай да бір түріне (музыкалық, бейнелеу, театралды ойын , көркем сөйлеу) дағдылар мен ептіліктерді меңгертуге баса мән беріледі.
Арт-терапия міндеттері:
топта жағымды эмоциялық күйді қамтамасыз ету, белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру ;
баламен махаббат және өзара жақындастық негізінде қатынас орнату;
балаға оның толыққанды тұлғалық дамуына кедергі жасайтын жағымсыз эмоцияларды (қорқыныш, ашу, т.б.) елеп-ескеруіне көмектесу ;
баланың эмоциялық өрісінің баюына мүмкіндік беру;
өзін шығармашылық жағынан жүзеге асыруына мүмкіндік жасау;
толғандыратын проблемаларды түсінуіне көмектесу;
өзіне және өзге адамдарға сенуді үйрету;
құрбы-құрдастармен, тәрбиешілермен , үлкендермен коммуникация үрдісін жеңілдету.
К. Рудестам бойынша арт-терапия міндеттері:
агрессиядан және басқа да жағымсыз сезімдерден шығуға көмектесу;
қосымша әдіс ретінде емдеу (психотерапия) үрдісін жеңілдету ;
психодиагностика үшін материал алу;
басылып (тұншықтырылып) тасталған ойлар мен сезімдермен жұмыс жасау ;
клиентпен байланыс орнату;
өзін-өзі бақылауды дамыту ;
өз түйсіктері мен сезімдеріне назар аударту;
шығармашылық қабілеттерді дамыту және өзіндік бағалауды жоғарылату . Достарыңызбен бөлісу: