Дәрі Әлеуметтік жұмыс мәнін түсінудегі қазіргі көзқарас тұрғысы. «Әлеуметтік жұмыс»


Дәріс 7. Әлеуметтік жұмыс теориясының пайда болуының алғышарттары



бет13/28
Дата07.06.2023
өлшемі128,24 Kb.
#99478
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28
Дәріс 7. Әлеуметтік жұмыс теориясының пайда болуының алғышарттары 
Қазіргі кездегі ғылымдарды, социология ғылымын, негізгі сілтемелерді, әлеуметтік білімнің жеке тарихтарының пайда болуының шарттары мен факторларын, ғылыми пәндерді үш топ біріктіреді. Біріншіден, адам өмір сүретін қоршаған ортада жаңа шындықтардың пайда болуы, Оның өмірлік күшін ұстап тұруда және қайта өндіруде жаңа проблемалардың туындауын, индивидуалды және әлеуметтік субьектілкті, өмірлік қажеттіліктерді қанағаттандыру секілді құбылыстар байқалды. Екіншіден, ол үшін жаңа, дәстүрлі ғылыми категорияларды – түсінік аппаратына сүйенген ғылыми білімнің өзіндік дамуы туралы айтылады. Үшіншіден, зерттеуші ғылымның индивидуалды – тұлғалық субьектілігі ескеріледі. Білім потенциялы, оның ғылыми интуициясы, зерттеу мүмкіншілігі ғылыми пәндердің, білімнің түрлі тармақтарының қалыптасуы мен дамуына түбегейлі ықпал етеді. Қарастырылған себебтердің үшінші тобы әдетте ғылыми білімнің дамуының субьективті факторы ретінде қарастырылады. Адам, қоғам, табиғат туралы ғылымның жаңа горизонттарын анықтайтын көрнекті ғылымдардың өзінің болуының өзі, қоғамдық өмірді, ең алдымен ғылыми білімнің эволюциясын сипаттайтын – обьективті құбылыс, өз кезегінде зерттеуінің темпераментін, мінезін, қабілетін, индивидуалды – тұлғалық мінездемесін ескерудің өзі маңызды. Бұл қасиеттер көп жағдайда ғылыми білімнің өсуінің мен мінездемесі мен масштабын анықтайды. Аталған топтарды негізге ала отырып, ғылым ретіндегі әлеуметтік жұмыс териясының прогрессивті дамуы мен қалыптасуының негізгі сілтемелерін және ғылыми білімнің дамуын анықтайтын шарттары мен факторларын қарастырайық, ең алдымен жаңа ғылыми пәннің зерттеу объектісіне айналған қазіргі кездегі адам өмірінің шындықтарына тоқталайық, әлеуметтік жұмыс тарихы және әлеуметтік жұмыс тарихының көптеген мамандары арнайы теориялық негіздері мен ерекше теориялырдың жасалуын қажет ететін қоғамдық құбылыс ретінде әлеуметтік жұмыстын қалыптасу кезеңін анықтаудың қажеттігі бар екен деген қорытындыға келді. Өткен ғасырдың соңғы ширегі әдетте осы кезеңмен аталады. Дәл осы кезенде көптеген индустриялды дамыған мемлекеттерде әлеуметтік жұмыспен кәсіби айналыса бастаған мамандар тобы пайда болды, Әлеуметтік жұмыскерлерді дайындайтын оқу орындары құрылды, университеттерде алғашқы әлеуметтік жұмыс факультетері ашылды. Осылайша, ХІХ ғ 90 жылы басында-ақ АҚШ-тың колумбиялық уневерситетінде әлеуметтік жұмыс факультеті ашылды. Әлеуметтік жұмыс теориясын ғылым және пәні ретінде дамуына, кәсіби әлеуметтік жұмыскерлерді дайындау қажеттілігіне не негіз болады? ХІХ ғ ІІ жартысында адамның қоғамдық және индивидуалды өмірдің қандай шындықтары кәсіби әлеуметтік қызметкерлерді жаппай дайындау қажеттілігін, халықты әлеуметтік қорғау мәселелерінің ғылыми зерттеу қажеттігін, “әлсіз” әлеуметтік топтарды қолдау қажеттігін тудырды? Өткен ғасырдың екінші жартысындағы әлеуметтік-экономикалық зерттеулер көрсеткендей, әлеуметтік тұрмыстық проблемамикалар негізі, глобальды мәселелер тобына кіреді, экономикалық, саяси және әлеуметтік – мәдени процесстердің дамуына айтарлықтай ықпал етеді. Ең алдымен, жаппай урбанизациялану сияқты қоғамдық құбылысты бөліп көрсетсек болады. Урбанизация нәтижесінде индустриялды дамыған мемлекеттердің интенсивті өндірісі дамыды.
Ауыл тұрғындарының қалаға жаппай қоныс аударуы қоғамдағы маргинальды топтардың көбеюіне себепші болды. ХІХ-ХХ ғғ интенсивті жаппай урбанизациялану нәтижесінде көптеген индустриялды дамыған және орташа дамыған мемлекеттерде қала халқының саны өсті. Адамдарды өмір сүру салтына байланысты алшақтық, ұяттық, территориялық кесінділерге ғана бөліп қоймай, тұрғылықты жеріне қарай бөлуде кең етек алды (үлкен қала, орташа немесе, кіші қала типтес қоңыс, аудан, ауыл, және т.б.) Қоғамдық өңдірістің қиындауы, жұмыскердің біліктілігінің өсуі, жұмыскерлер ассоцациясына, үлкен ұжымдар қызметінің нәтижесіне адамның жауапкершілілігі мен рөлінің артуы, өзара байланыстың күшеюі, кәсіби қызметтің ортақ нәтижелерінің тиімділігінің артуына екі жақты ықпал жұмыс күшін тартушыға, оның денсаулығына, көңіл күйіне, жетістікке жетуіне, өмірлік бағдарларына жету ерекше назар аударуды қажет етті.ХІХ ғ ІІ жартысы мен ХХ ғ басында мемлекеттік органдар және ірі фирмалар білім беру жүйесіне ғана емес, халықты кәсіби дайындауға белсенді түрде қаржыларын сала бастайды, өз кезегінде ХХғ дамыған мемлекеттерде индустриялық қызметтік дамуы адам тәртібінің заңдылықтарын, дамыған және техникалық жабдықталған әлеуметтік сферада зерттелуіне негіз болды. Бұның ең соңғы кезекте орындалған себебі, қызмет индустриясы тауарларға сұраныстың қалыптасуы және дәл болжамды, сондай-ақ қазіргі кездегі адамның өмір сүру ортасының материялы-заттық ортасын қиындату, Координалды өзгерту, оның өмір сүру салтын өзгерту, өмірлік әрекеттерінің кейбір формаларын, өмірлік күшін қалыпта ұстау әдістерін, олардың қалыптасуын талап етеді. Қазіргі кездегі әлеуметтік жұмыс жүйесінің қалыптасуына, оның қоғамдық жүйесінің қалыптасуына оның қоғамдық құбылыс ретінде пайда болуына тағы бір фактор өз үлесін қосты. Бұл фактордың мазмұны- ХІХғ еңбектердің өз құқықтары үшін күресті. Қалалардың ірі өндірістердегі жұмысшылар тығыздығының өсуі, жұмысшы таптың ұйымдасуын күшейту, кәсіподақтар буржуазиялық үкімет пен кәсіпкерлерге өз ықпалын тигізді. Ал, соңғыларын әлеуметтік тұрмыстың түрлі формаларын қолдауды талап ететіндігіне сендірді. Пролетарлық революциялар дәуірі өткен жүз жылдықта кең етек жайды. Оның жою қасиеті прогрессивті қоғамдық құрылымына өтудің бейбіт, эволюциялық жолын іздеуді, дәстүрлі және жаңа әлеуметтік мәселелерді шешудің жаңа механизмдердің активизациялады. Әлеуметтік жұмыстың түрлі формаларының кең таралуы, оның объективті қажет қоғамдық құбылысы ретінде әзірленуі, қазіргі замандағы әлеуметтік қарама- қайшылықтарды шешудің негізгі жолы болып есептеледі.
Осы тұрғыдан ХІХ ғ соңы мен ХХ ғ.бірінші жартысында адамзаттың жолында пайда болған бірқатар глобальды мәселелерді де назарға алған жөн. Олар көп жағдайда әлеуметтік жұмыстың қоғамдық құбылыс ретінде қалыптасуында сондай-ақ, оның теориялық және әдістемелік негізінің жасалуында маңызы зор, төмендегідей глобальды мәселелер үлкен маңызға ие болады: қоршаған ортаның ластануы, демографиялық жарылыс қаупі, әлсіз дамыған мемлекеттер мен аумақтардағы жаппай ашаршылық, жаппай қырып – жою қыруын қолдау, нәтижесінде адамзаттың өзін-өзі жою қаупі, моральды деграция мәселесі, әлеуметтік – мәдени қарама-қайшылықтар, дәстүрлі әлеуметтік институт ретінде отбасының бұзылуы,т.б. Әлеуметтік дефференцияның өсуі, түрлі мемлекеттердің халықтарының өмірлік деңгейлеріндегі айырмашылықтың ұлғайюы, миграция мәселесінің өткірлілігі, индустриалды дамыған және дамушы елдердегі өмірлік маңызды бағдарларды таңдау,т.б. жатқызуға болады.
Қазіргі заманғы әлемге мынадай сипаттамалар тән: Әлеуметтік қорғау мәселесінің тұрақтануы, оның теориялық әзірленуі, сауаттылар санының өсуі, тұрғындардың ақпараттандырылуы, сондай - ақ қоғам мен адамның іс - әрекетерінің қиындауы, жаңа тарихи жағдайда қауіптің күшею. Бұл айтылғандардың бәрі кәсіби шеберлікті, адамдарға әлеуметтік қолдау көрсетудің теориялық негізденуін талап етеді. Сонымен қатар, адамзат жәрдем қажет етушілерге әлеуметтік және индивидуалды көмекші күшейту үшін жаңа мүмкіндіктер алды.

Дәріс 8. Қазақстандағы әлеуметтік жұмыс теориясының қалыптасу жағдайы


Қазақстан Републикасында әлеуметтік жұмыстың дамуы еліміз егемендігін алған жылдан басталып, жаңа жүйеге енді. Қазақстанда нарықтық экономиканың орнауы, мемлекеттік реттеудің маңызды компоненті әлеуметтік жұмыстың анықталуына әкелді. Әлеуметтік жұмыс теориясының негізгі бағыттары: халыққа әлеуметтік көмек көрсетудегі әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесін құрастырудан тұрады. Қазақстан халқының әлеуметтік – экономикалық жағдайы әлеуметтік жұмыстың, соның ішінде әлеуметтік жұмыстың теориясының жүзеге асырылуының көрсеткіші болып табылады.Қазақстан Республикасында әлеуметтік жұмысты жетілдіріп оны әрі қарай дамытуда көптеген мекемелер айналысады. Қазіргі уақытта әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарынң айтарлықтай көп болуы - отбасыларға, балаларға жасы ұлғайған қарттарға, мүгедектерге әртүрлі қызметтер түрін көрсету:
1. әлеуметтік-медициналық;
2. психологиялық – педагогикалық;
3. әлеуметтік тұрмыстық.
Әдістер -бұл мақсатқа тез жетудің қысқа жолы. Әлеуметтік жұмыстағы әдіс- бұл клиентті қорғау мен көмек көрсету туралы алға қойған мақсатқа жету. Әлеуметтік жүмыста, басқа ғылымдағы тәрізді, жалпы айқындау әдістері анализ, синтез, салыстыру, бақылау, эксперимент және т.б. қолданылады. Жалпы ғылыми әдістермен бірге, әлеуметтік жұмыспен тығыз байланысты социология (анкета әдісі, социометрия), психология (тест әдісі), педагогика ғылымдар әдістері пайдаланылады.Осы әдістерден басқа әлеуметтік жұмыста клиентті тәрбиелеу әдістері қолданылады. Осындай әдістерді: қоғамдық-экономикалық, психологияның педагогикалық және ұйымдастыру-басқару әдістер түрлеріне бөлуге болады. Қоғамдық- экономикалық әдістер клиенттің қызығушылығы мен тұрмыс мұқтажын қанағаттандыруға байланысты, яғни онда азық-түлік, зат, ақша жеңілдік, ақшалай көмек т.б. тәріздер беріледі. «Әлеумет» сөзі қазақ тілі сөздігінде «Адамдар қауышы» деп түсіндірсе, яғни социология (лат. Satsiolist қоғам, жалпы) деген мағына білдіреді. Ол бірге өмір сүрген адамдардың тұрмысын олардың қарым-қатынастарын және формаларын, оның салаларын зерттейтін ғылымы. Белгілі үрдісінде бірге білім алып, қоғамдық іс-шараларға қатысып әлеуметтік тәжірибе жинақтап «Әлеуметтану» үрдісіне қатысады.2 Қазақстан бүгінгі таңда өз алдына жаңартылған, әсерлі мемлекеттер қатарына кіреді. әлемдік бірлестік Қазақстандағы өзгерулерге оң көзбен қарайды. Қазақстанда әлеуметтану өз алдына қатаң ғылыми тәртіп қояды. Жоғары деңгейлі Ресей оқу орындарына сүйене келгенбіз. Тәуелсіздік алғаннан кейін елімізде 1910ж. әлеуметтік салада жоғары оқу орындарында әлеуметтік жұмыс мамандығы бойынша бөлімдер ашыла бастады. Қазақ мемлекеттік университеті, жаңа атауы бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде әлеуметтік жұмыс бөлімі ашылды. Осы уақыттан бері жоғары білікті әлеуметтік қызметкерлер дайындала бастады. 1190ж. әлеуметтік қызметкерлердің дайындықтары күшейе түседі. Республиканың басқада жоғарғы оқу орындарында әлеуметтік жұмыс бөлімі ашыла бастады. Қазіргі таңда еліміздің жеті жоғарғы оқу орындарында әлеуметтану кафедрасы құрылған. Әль-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде және Л.Румилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде әлеуметтік қызыметкердің жоғары деңгейде дайындау жүзеге асырылуда. Бұл жоғары оқу орнында педагоктар, әлеуметтік жұмыс саласын зерттейтін ғалымдар, әлеуметтік жұмыс ғылымы саласындағы ғалымдар жұмыс жасайды. Қоғам өз даму кезеңдерінде сол қоғам мүшелеріне әлеуметтік қамсыздандыру жолында түрлі көмек формаларын қолданған. Сонымен қатар, алғашқы рулық, тайпалық қауымдағы көмек және өзара көмек түсініктері қолданысқа енді. Осыған сәйкес әрбір көмектің объектісі мен субъектісі дәстүрлік ұстанымдарға және қоғам мүшелерінің бір – біріне рулық көмек көрсетуімен анықталған. «Әлеуметтік жұмыс» – бұл тарихымыздағы жаңа атау, жаңа прогресс болып саналады. Жалпы әлеуметтік жұмыс бірнеше мағынаға ие, мәселен адамдарға көмек көрсету – Ежелгі Римдік философтар «қайырымдылықтың қажеттілігі мен қоғамдағы тұрақтылықты сақтау» десе, антикалық философтар «құлдарға жанашырлық көз-қарас» деген. Мемлекет өзінің даму мүмкіндіктеріне қарай қабілетті азаматтарды жұмыспен қамти отырып, әлеуметтік мүмкіндіктері шектелген азаматтарға қарау жасайды. Бірақ еңбек процесінде еңбек қатынастарының ерекшеліктеріне және мүмкіндіктеріне орай қабілетті жандарды белгілі бір мөлшерде жұмыстарын ұйымдастыра отырып, олардың күн көріс мүмкіндіктерін дамыту керек. Күн санап өсіп келе жатқан мүгедектер саны қоғамға өзінің тәуелділігін жүктей отырып, олардың күн көріс мүмкіндіктерін дамыту керек. Ал, республикада әрбір оныншы адамның проблемасы осыған келіп тірелетіні белгілі. Осыған орай «мүгедектігі бойынша» асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін әлеуметтік жәрдемақылар туралы заң 1997ж. Жарық көрген болатын. Бұл заң негізінде жәрдемақылар берілу және төлеу тәртіптері, мүгедектік санаттары, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы төлемдерін өтеу, сондай-ақ жәрдемақы төлемдерін өтеу жалпы ережелер мен құқықтарын қарастыра отырып, Қазақстан Республикасы азаматтарының осы заңға сәйкен қабылдаған республикасының өзге де нормативті құқықтық актілеріне көздемеген негіздерде және тәртіппен мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылыу жағдайы б/ша және жасына байланыстаы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар алуға құқы бар деп айтылмаған. Сондықтан да мем-те осы тұрпаттағы саяси өмір сүру немесе күн көріс деңгейінің мүмкіндігі шектелген жандардың тұрмысына қажетті деп танымаған жәрдемақылардың белгілері және мекендер бойынша таратылуы материалдық ахуалды оңалту жолындағы жүргізіліп жатқан іс-шаралар болып табылады. Қоғамда жәрдемақы алатын әлеуметтік топ өкілдерінің бірі – мүгедектер. Сондықтан мүгедектер мәселесі мен олардың қажеттіліктері мемлекеттік деңгейде қарастырылып, шешілуі тиіс. Ел болып, елдік еркіндігін орнатып, тәуелсіздік ұғышын сіңдіруді бастаған тұста 1991 ж. тұңғыш рет «мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заң қабылданды. Бұл заң негізінде мүгедектердің әлеуметтік қаштамалыздануы, қажеттіліктерін ескеру, сондай-ақ жәрдемақылар тағайындау тарифтері сияқты тұстары ескерілді. Қабылданған заң бойынша халықты әлеуметтік қорғау министірлігінің ұйғар бірқатар мәселелерді шешу көздемеген. 3
Енді «әлеуметтік жұмыс» ғылыманының қалыптаса бастаған кезеңі туралы айтатын болсақ, бұл кезеңнің тарихи ерекшеліктері Кеңес Одағының құлауы мен коммунизмнің жойылуы, азаматтық қоғамның, жаңа таптардың дүниеге келуі болып табылады. Қарастырып отырған кезеңімізде бірнеше этап ерекшеленеді. 1985-1986 жж. - жеделдету кезеңі, бұл кезеңнің негізгі тапсырмасы кеңестік экономиканы әлемдік деңгейге шығару. 1987-1991 жж. - «қайта құру», «еркіндік», «демократия» ұрандарының кезеңі. 1992-1999жж. - түбегейлі реформалар кезеңі, бұл кезеңнің бастапқа нәтижесің өзі халықтың көпшілігін кедейлік шекарасына жеткізді. Бағаның өсуі мен халықтың табысы арасындағы айырмашылық жоғарылай түсті. Ең негізгі әлеуметтік проблемалар жұмыссыздық, халықтың еріксіз көшуі, қылмыстың көбеюі, туудың қысқаруы, сәбилер өлімінің көбеюі, маскүнемдердің, нашақорлар мен таксикомандар санының өсуі және т.б. болып табылды. Қоғамның мүліктік дифференцияциясы үрдісі тез күшейіп, шаруашылық-экономикалық байланыстың құлдырауы байқалды. Адамдар қиын әлеуметтік шиеленістерге тап болды және көп жағдайда олар бұл проблемаларды өздігінен шеше алмады. Нәтижесінде қоғамда әлеуметтік жұмыс проблемасы ерекше орын алды. Ақырындап бұл мамандықтың да жүйесі қалыптаса бастады. Бұл уақыт 1991 жыл болып есептеледі, өйткені осы уақытта елімізде «Әлеуметтік жұмыс маманы» мамандығы ресми түрде қолданысқа енді. Әлеуметтік жұмыс -бұл қиын жағдайларға тап болған адамға немесе адамдар тобына көмек көрсетуге, адамның өзіне-өзі көмек көрсете алуын тәрбиелеуге, қоғамдағы әлеуметтік қарым-қатынастың үйлесімділігін орнықтыруға бағытталған кәсіби мамандық. Қазіргі кезде әлеуметтік жұмысты мемлекеттік мекемелер мен діни ұйымдар жүзеге асырады. Бүгінде қайырымдылық көрсетумен айналысатын мың бес жүзге жуық қоғамдық бірлестіктер бар, олардың біреулері айықпас дертке шалдыққандарға көмек көрсетумен және оларды әлеуметті оңалтумен айналысса, екіншілері әсери қызметкерлерді әлеуметтік қорғауды жүзеге асырады, енді біреулері балаларға, жұмыссыздарға, қаңғыбастарға әлеуметтік қорғау мен көмек көрсетеді және т.б. Сонымен қатар қайырымдылық ұйымдарының бірнеше типтері қалыптасты: 1) жергілікті орталық билік органдары жанындағы қорлар; 2) ірі өнеркәсіптер мен ведомствалар жанындағы қорлар; 3) ірі банктер немесе коммерциялық фирмалар жанындағы фондтар; 4) жеке қайырымдылық қорлары мен ұйымдары. [4]
ҚР әлеуметтік жұмыс мамандығы енді-енді қолға алынып, Республикамыздын басты бағытына айналды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет