Дәріс1. Әлеуметтік жұмыс мәнін түсінудегі қазіргі көзқарас тұрғысы. «Әлеуметтік жұмыс» ұғымының көпмәнділігі оның іс-әрекет, мамандық, білім саласы, оқу пәндерінің жиынтығы ретінде түсіндіруге мүмкіндік береді.
Нақты адамның немесе топтың өмірлік іс-әрекеті (әлеуметтік функциясы) бұл обьектінің қандай да болмасын қажеттілігін жүзеге асыру үрдісінде жүргізіледі. Осыған байланысты адам, топ, қоғам қоршаған ортамен қатынасқа түседі. Өмірлік іс-әрекет бұзылған уақытта қиын өмірлік жағдаят пайда болады. Бұл кезде обьект қоршаған ортамен қатынасын бұзып алғандықтан өзінің қажеттіліктерін орындай алмайды. Бұл байланыстың бұзылуын қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ресурстардың жеткіліксіздігі деп атап көрсетуге болады.
Ресурстар – бұл қажеттілік жағдайында қолданатын құралдар, болашақ әрекетке керек негізгі көздер, ішкі мүмкіншіліктер, яғни, қазіргі уақытта жасырын нәрсе. Әлеуметтік жұмыс субьектісінің обьектіге ықпалы «көмек» терминімен сипатталады. Бұл жоқ ресурстың орнын толтыратын немесе өзектендіретін сыртқы әрекет дегенді білдіреді. Көмек ресурсты белсендіру үрдісіне араласу, оны қолдануды басқару дегенді білдіреді.Көмектесу ықпалының нәтижесі қалыпты әлеуметтік функция, қажеттіліктерді жүзеге асыру, қажетті өмір деңгейін қамтамасыз ету, құқықтарды жүзеге асыру, жеткіліксіздіктердің орнын толтыру.Сонымен, әлеуметтік жұмыс – бұлқиын өмірлік жағдайдағы адамның, отбасының немесе қоғамның ресурстарын пайдалануды басқару.Әлеуметтік жұмыстың ресурстары шартты түрде ішкі (тікелей обьектіге қатысты), сыртқы (әлеуметтік ортаға қатысты) және аралас (обьект және қоғамның өзара әрекетінің нәтижесі).
1. Ішкі ресурстарға денелік мүмкіндіктер, қабілеттер және даму деңгейі, өмірлік позиция, жеке әлеуметтік тәжірибе, материалдық мүмкіндіктер, уақыттық потенциал жатады.
А. Денелік мүмкіндіктер (физикалық ресурс) нақты белгі негізінде біріктірілетін индивид не адамдар тобына қатысты қарастырылады. Олар денсаулық жағдайында, физикалық күш т.б. түрінде көрінеді. Мұндай азаматтар тобына: балалар, қарт адамдар және мүгедектер жатады. Физикалық ресурсты жоғалту ауру, жарақат, техногендік катастрофа, әскери әрекетте оқушылар және т.б. нәтижесінде болады.
Б. Әлемде кең тараған әлеуметтік мәселе кедейлік – мүліктік статусының төмендігі (материалдық ресурстың жеткіліксіздігі). Мүліктік статусқа отбасының материалдық жағдайы, және оның мүшелері табатын кіріс пен шығыстың айырмасы жатасы. Тамақ өнімдері, бірінші орында тұрған қажет заттарға шығыстың басым болуы төменгі мүліктік статусты білдіреді.
В. Қабілеттер дәстүрлі түрде қандай да болмасын іс-әрекеттегі жетістікті білдіреді.
Өмірдің алғашқы кезеңіндегі қабілеттердің өсу динамикасыадамның әлеуметтену жағдайымен шартталады, бірақ кейде оның өмірлік позициясына байланысты тоқтап қалады.
Г. Өмірлік позиция, өзіндік қатынас – бұл өзіне, өзінің мүмкіндіктеріне және перспективаларына субьективтік қатынас. Өмірлік позиция сияқты ресурстардың жеткіліксіздігіне реттеушілік сфера, әлеуметтік-психологиялық инфантилизм жатады.
Д. Игерілген әлеуметтік тәжірибе. Индивидтік тәжірибе «білім, білік және дағды; қарым-қатынас, ойлау және іс-әрекет; интериоризациянаған құндылық бағыттар және әлеуметтік ұстанымдар, түрлі сезімдер өзіндік синтезі» ретінде айтылады. Тәжірибенің болуы өмірлік іс-әрекет жағдаятында бағытталлуға мүмкіндік береді. Әлеуметтік тәжірибенің қажетті көлемі өмірлік жолдың байлығымен қамтамасыз етіледі. Әлеуметтік тәжірибені игеру дұрыс ойлау және жағдаятқа сәйкес шешім қабылдаумен тығыз байланысты.
Е. Уақыттық потенциал – қажеттіліктерді қанағаттандырудың мәнді құралы. Бұл стандартты 24 сағаттан витальды қажеттіліктерді қанағаттандыруға, және өндірістік іс-әрекетке (немесе оған дайындық-білім алу), отбасының өмір сүруіне керек гигиеналық шарттарға шығымды алып тастау жолымен анықталады. Бұл ресурстың динамикасы ерекше, өйткені максималды уақыттық потенциал балаларда және зейнеткерлерден табылуы мүмкін.