Дәрі Химиялық және фармацевтикалық технологияның негізгі процестерін жіктеу. Химиялық өндірісті оңтайландыру


Автоматтандырылған сүзгi-пресiнiң



бет61/102
Дата19.09.2023
өлшемі2,17 Mb.
#108470
түріҚұрамы
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   102
Байланысты:
книга ПАХТ

Автоматтандырылған сүзгi-пресiнiң жұмыс iстеу тәсiлi. Горизонталь тақталар жоғырғы және төменгi сүйенiш тақталар арасына орналасқан. Олар электромеханикалық қысатын құрылғы жәрдемiмен тiк стержень бойлап жылжиды. Тақталар арасымен бағыттаушы роликтер жәрдемiмен шексiз ленталы сүзгi мата тартылған. Тұнбаның қалыңдығы сұзгң мата бетiнде 0,5 мм- ден аспау керек. Тұнба жуылып, диафрагма арқылы суы сығылған соң, сүзгi мата барабан арқылы қозғалып оның бетiндегi тұнба пышақтар жәрдемiмен транспортерге тақталардың екi жағынан да түсiрiледi. Сүзгi мата регенерациялық камерада жуылып тазаланады. Мұндай сүзгi престерiнiң жұмыс iстеу циклдары төмендегiоперациялардан тұрады: тақталарды сығу, сүзу, тұнбаны жуу және оны үрлеу, тақталарды ажыратуы, тұнбаны түсiру және сүзгi мматаны жуып тазалау. Бұл операциялардың барлығы уақыт релесi жәрдемiмен автоматты түрде басқарылаы. Мұндай сүзгiлердiң еңбек өнiмдiлiгi рамалы-тақталы сүзгi престерге қарағанда 410 есе көп. Сүзу бетi 25 м2 дейiн болады.
Тімсемді сүзгілер қысым астында істейтін мерзімді әрекетті сүзгілерге жатады. Сүзінді және оның ауырлық күшінің бағыттары бір-біріне перпендикуляр. Мұндай сүзгілердің бірнеше түрлері бар. Автоматтандырылған тiк тiмсемдi сүзгi /ЛВ-130/. Раманың ортасындағы ойықтар суспензия және жуатын сұйық берiлетiн құбырды 3 суырмай раманы оңай шығаруға мүмкiндiк бередi. Құбыр айналмалы және iлгерiлi- кейiн жылжығанда оның соплаларынан шыққан су арқылы тұнба ағызылып түсiрiледi.
Минутына 1012 рет айналатын қалақша сүзгiнiң конусты бөлiгiнен тұнбаны шығаруды тездетедi. Сүзiндi әр рамадан штуцер және сақиналы коллектор арқылы арқылы шығарылады. Осы коллектор арқылы тұнбны үрлеу немесе булау үшi сығылған ауа немесе бу берiледi. Гидроцилиндр сүзгiнiң қақпағын ашады.
Сүзгiнiң жұмысын басқару автоматтандырылған.
Сүзгiнiң /ЛВ-130/ техникалық сипаттамалары: сүзу бетi-130 м2, рамалар саны-42, сүзу қысымының ең үлкен мәнi-3,0 МПа, жуатын судың қысымы-5,0 МПа, сүзiндi бойынша өнiмдiлiгi-20 м3/сағ, сүзгiнiң массасы-9,8 т.
Мұндай сүзгiлер горизонталь тiмсемдi сүзгiлерге қрағанда 60 % -ке аз орын алады жәе металл сиымдылығы 35 % -ке төмен.
Патронды сүзгілердің жұмыс істеу принципі тімсемді сүзгілерге ұқсас болады да, тек корпус ішінде тімсем орнына сүзгі патрондары орналасқан болады. Жоғарғы жағы ашық металл немесе керамикалық құбырлардан жасалған кеуекті патрондарға сүзгі матасы кигізіледі. Патрондар сүзгілер көбінесе суспензияларды қоюландыру үшін қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет