Дәрі Химиялық және фармацевтикалық технологияның негізгі процестерін жіктеу. Химиялық өндірісті оңтайландыру



бет90/102
Дата19.09.2023
өлшемі2,17 Mb.
#108470
түріҚұрамы
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   102
Конвективті кептіру- кептірілген материал мен кептіргіш агенттің (ысытылған ауа, оттық газдар және т.б.) тікелей жанасуы арқылы;
Контактілі кептіру- жылу тасымалдағыштан кептірілетін материалға жылу қабырға арқылы беріледі;
Радиациялық кептіру -инфроқызыл сәулелердің жылуы арқылы;
Диэлектрикті кептіру -жоғары жиілікті электр тоғының жылуы арқылы;
Сублимациялық кептіру терең вакуумда тоңазыту күйінде кептіру.
Конвективті кептіруде кептіргіш агент материалға жылу береді және өзімен бірге буланған ылғалды алып кетеді, яғни ол жылу және ылғал тасымалдағыш ролін атқарады. Ылғал газ құрғақ газ және су буы қоспасынан тұрады. Ылғал газ орнына ылған ауаны қабылдап, оның физикалық қасиеттерін қабылдаймыз. Ылғал төмендегі негізгі қасиеттермен сипатталады:
1.Абсолютті ылғалдылық 1 м3 ылғал ауадағы су буының мөлшерімен анықталады. Техникалық есептеулерде ылғал ауа идеал газ заңына бағынады деп есептеуге болады.
2.Салыстырмалы ылғалдылық немесе ауаның қанығу дәрежесі берілген шарттағы 1 м3 ылғал ауадағы су буыныңмассасының осы көлемде мүмкіндігінше көп бола алатын су буының массасына (қаныққан бу тығыздығына) тең:

3. Ылғал мөлшері 1 кг құрғақ ауаға сәйкес келетін су буының мөлшерін көрсетеді

Кептірілетін материалдың мөлшері бойынша материалдық баланс кептірудің конвективті, контактілі және басқа түрлеріне бірдей болады.
Кептіруге берілетін материалдың жалпы мөлшері бойынша материалдық баланс:

Абсолютті құрғақ материалдың мөлшері бойынша материалдық баланс:

Кептіргіштерді есептегенде кептіру жылдамдығын анықтау керек. Материал бетінің бірлігінене буланған ылғал мөлшері кептірудің жылдамдығы деп аталады, яғни

Кептіру жылдамдығы масса алмасу процесінің жылдамдығы сияқты масса өтудің негізгі теңдеуінен анықталады:





Бақылау сұрақтары
1.Диффузиялық коэффициент және молекулярлық диффузия коэффициенттерін процесі неге байланысты?
2.Термодиффузия дегеніміз не?
3.Сорбционные процесі және оларды тамақ өндірісінде қолдану түрлері?
4. Абсорбция процесінің қозғаушы күші не?
5 Абсорбциялау аппараттарының жіктелуі және олардың конструкциясы?
6.Адсорбция процесі дегеніміз не?
7. Адсорбция процесінің қозғаушы күші не?
8.Адсорбциялау аппараттарының жіктелуін түсіндір. Адсорбциялық аппаратының конструкциясы қандай?
9.Кептіру процесі дегеніміз не?
10.Кептіру процесінің сипаттамасы қандай?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет