Архимед заңы. Дененің жүзу теориясының негізі
Сұйыққа батқан дұрыс пішіндегі дененің биіктігі Н және оның жоғарғы және төменгі табанының ауданы 2.11-суретте көрсетілген.
2.11-сурет. Дененің жүзу заңдылығы
Мұнда, тек салмақ күшімен гидростатикалық қысымның жоғарғы және төменгі табанына түсуі, мұндағы жанжағынан тигізетін күш әсерін қарастырмаймыз, себебі олар бір-бірімен тең.
Дененің жоғарғы бетінен түсетін гидростатикалық қысым күшін: Р1= Р0+ , осы сияқты күштің төменгі табанына түсуін: Р2=Р0+ сияқты формулалармен анықтаймыз.
Дененің салмақ күші формуласы: мұндағы, уд - дененің меншікті салмағы. Осыдан кейін тең әсерлі күштің теңдеуін былай жазады:
Мұнда, Р = Р2 – Р1 Архимед күші (көтеруші) тік жоғары бағытталғанда, ол дененің орталық ңысым нүктесіне түсіп, оны орталық су ығыстырғыштық деп атайды.
мұндағы, V - дененің көлемі.
Сұйыққа батырылған денеге жоғары көтергіш күш Р әрекет етеді де, ол ығыстырылып шығарылатын сұйықтың салмағына тең болады. Бұл Архимед заңы деп аталады.
Формула сүйыққа батқан дененің қай формада болсадағы түріне сәйкес формула қатты дененің жүзуінің үш түрлі жағдайын сипаттап көрсетеді:
а)С > Р болса, дене сұйыққа батып кетеді;
ә)С = Р болса, дене судың ішінде жүзеді;
б)С <Р болса, дене судың бетіне қалқып жүреді. Бұлардың ішіндегі екінші мен үшінші жағдай практикада көп кездеседі.
Бақылау сұрақтары
1. Гидравлика дегеніміз не және оның негізгі мақсаты?
2. Сұйықтар дегеніміз не және олардың түрлері.
3. Идеалды және реалды сүйықтарды қалай түсінесіз?
4. Сұйықтың негізгі физикалық қасиетіне анықтама беріңіз: меншікті салмаққа, меншікті көлемге, температурада ұлғаюына, сығылғыштығына, тұтқырлығына
(меншікті үйкеліс күшіне, кинематикалық тұтқырлық коэффициентіне).
5. Вискозиметр не үшін қажет?
6. Гидростатика анықтамасы.
7. Гидростатикалық қысымды қалай түсінесіз, ол қалай пайда болады және оның түрлерін атаңыз.
8. Гидростатикалық қысым өлшем бірлігі қандай?
9. Гидростатикалық қысымның үш қасиетіне анықтама беріп түсіндіріңіз.
10. Гидростатиканың негізгі теңдеуін түсіндіріңіз және жазыңыз.
11. Паскаль заңы дегеніміз не?
12. Қысымды өлшеуге арналған аспаптарды және тәсілдерін айтып түсіндіріңіз.
13. Архимед заңы дегеніміз не?
14. Сұйыққа батырылған дененің үш жағдайын түсіндіріңіз.
15. Гидравликалық преске Паскаль заңын қолдануын түсіндіріңіз.
16. Жазық қабырғаға түсетін гидростатикалық қысымды қалай анықтайды?
17. Жазық қабырғаға түсетін қысым эпюрасын түсіндіріп жазыңыз.
18. Цилиндрлі бетке түсетін гидростатикалық қысымды қалай анықтайды?
19. Құбыр қабырғасының қалыңдығын қалай анықтайды?
Достарыңызбен бөлісу: |