Дәрі Химиялық және фармацевтикалық технологияның негізгі процестерін жіктеу. Химиялық өндірісті оңтайландыру


Сүзгілер. Нутч-сүзгі. Пресс-сүзгі. Вакуум-сүзгілер: таспалы вакуум-сүзгі, барабанды сүзгі. Нутч – сүзгілер



бет59/102
Дата19.09.2023
өлшемі2,17 Mb.
#108470
түріҚұрамы
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   102
Байланысты:
книга ПАХТ

Сүзгілер. Нутч-сүзгі. Пресс-сүзгі. Вакуум-сүзгілер: таспалы вакуум-сүзгі, барабанды сүзгі.
Нутч – сүзгілер. Вакуумда немесе қысым астында мерзімді жұмыс істейтін өте қарапайым сүзгілер жатады. Мұндай сүзгілер де сүзіндіоның ауырлық күшінің бағыттары бірдей болады. Олар цилиндр немесе тіктөртбұрыш пішінді тік аппарат болып жасалынады. Суспензия жоғарыдан құйылады да, сүзінді вакуум немесе қысым әсерінен сүзгі бөгеттерінен өтеді.Сығылған ауа бергенде аппаратта артықша қысым пайда болады. Сүзгі бөгетінің бетінде пайда болған тұнба, жуылғаннан соң қол күшінің жәрдемімен аппараттан шығарылады. Көп емес қысым астында жұмыс істейтін нутч-сүзгінің құрылымы көрсетілген.
Мұндай сүзгілердің жиаметрлері 1 м, ал көлемі 0,5 м3 дейін болады.
Артықшылықтары: Тұнбаның біркелкі және толық жуылуы.
Кемшіліктері: 1 м2 сүзу бетіне сәйкес келетін сүзгінің алатын орнының салыстырма ауданы көп. Қазіргі кезде нутч- сүзгілер аз өнімділікті өндірістерде кеңінен қолданылады.
Пресс-сүзгі. Қысым астында мерзімді әрекетте жұмыс істейтін сүзгілерге тік рамалы сүзгі-престер жатады. Мұндай сүзгілерде сүзіндінің және оның ауырлық күшінің бағыттыр бір-біріне перпендикуляр болады.Сүзгi-пресс бiрiнен кейiн бiрi тiзбектелiп орнатылған тақталар (плиталар) және рамалардын құралған. Олар екi жағынан екi параллель таяныш стержендерге бекiтiледi. Тақталар мен рамалар арасындағы сүзгi маталары (бөгеттерi) қойылады. Рамалар мен тақталар, жылжитын тақтамен, қозғалмайтын тақта арасын роликтерi бар гидравликалық механизм жәрдемiмен тұмшалап (саңылаусыз) қысылады. Суспензия құбыр арқылы, ал жуатын су құбыр арқылы берiледi. Құбырлар және қозғалмайтын тақтада орналасады да, тақталар сұйық шүмек арқылы шығарылады.
Өндірісте тұнбаны гидравликалық және механикалық тәсілдермен түсіргенде рамалар мен тақталарды жылжытпай, тұнбаны су ағынымен суспензия күйінде шығарады. Механикалық тәсілде сүзгіге орнатылған қайырмалы дөңгелек тік рамалар жәрдемімен түсіріледі.
Тақталардың беттерiнiң шеттерi тегiс, ал ортасы науалы бұдыр болып жасалынған. Олар сүзгi бөгеттермен жабылған және олардың сүзiндiге және жуатын сұйыққа арналған шүмектерi бар. Тақталар мен рамаларда суспензия және жуатын сұйық өтетiн және тесiктер жасалған. Сүзгi бөгеттерiнде де дәл осы тесiктерге сәйкес келетiн тесiктер болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет