Тақталы-рамалы сүзгi-престiң жұмыс iстеу тәсiлi. Сүзу кезеңiнде суспензия үлкен қысыммен орта канал және каналдар арқылы екi жағынан сүзгi бөгеттермен және раманың iшкi бетiмен шектелген кеңiстiкке берiледi. Сүзiндi екi сүзгi бөгетiнен бiрдей өтiп, канал және шүмек арқылы шығарылады. Бұл кезде барлық тақталардың шүмектерi ашық болады. Кеңiстiк тұнбаға толған соң, суспензия берудi тоқтатады.
Жуу кезiнде жуатын сұйық және каналдар арқылы берiледi де, тұнба қабатынан өтiп, крандар арқылы шығарылады. Тұнбаны жуып болған соң, оны сығылған ауа немесе бу арқылы құрғатады, ал одан соң жылжымалы тақтаны жылжытып, тақталар мен рамаларды ажыратып, тұнба шығарылады.
Тақталар мен рамалар тіктөртбұрышты немесе дөңгелек пішінді етіп шойыннан, болаттан, ағаштан және керамикадан жасалынады. Рамалар саны 22-ден 46-ға дейін, ал олардың қалыңдығы 2546 мм болады. Мысалы, шойыннан жасалған рамалардың өлшемі 10001000 мм болғанда сүзу беті 140 м2, ал қысым 10 атм болады.
Артықшылығы: сүзу бетінің көптігі; істен шыққан кейбір тақталардың шүмектерін бекіту арқылы жұмысқа қоспауға болады; жұмыс істеген кезінде қозғалатын бөлшегі жоқ.
Кемшілігі: қол күшінің керектігі; сүзгі бөгеттерінің тез тозуы; тұнбаның жақсы жуылмауы.
Горизонталь камералы автоматтандырылған сүзгі-престер /ФПАКМ/ мерзімді әрекетте жұмыс істейді және құрамында 5500 кг/м3, размері 3 мм-ден кем қатты бөлшектері бар майда дисперсиялы суспензияларды сүзу үшін қолданылады. Сүзінді қозғалысының және оның ауырлық күшінің бағыттары бірдей.
Бұл сүзгiлердiң сүзу тақталарының үстiңгi жағы торлы табамен жабылып, астыңғы жағында сүзiндi жиналатын кеңiстiк болады. Тақталардың төменгi жағы рама тәрiздi болады да, тақталарды сыққанда суспензия және тұнба үшiн камера пайда болады. Сүзу тақталарының арасында серпiмдi су өткiзбейтiн диафрагма орнатылған.
Торлы табананың үстiнде сүзгi матасы (бөгет) орналасқан. Сүзу, тұнбаны жуу және оны үрлеу мерзiмдерiнде камераға коллектордан каналдар арқылы суспензия, жуатын таза сұйық және сығылған ауа кезегiмен берiледi.Бұл кезде сүзiндi, жуатын сұйық және сығыған ауа атмосфералық қысымда каналдар және коллектор арқылы сүзгiден шығарылады. Сосын канал арқылы кеңiстiкке жоғары қысымда су берiлiп, диафрагма жәрдемiмен тұнбаның суын сығып алады. Тұнбаның суын алған соң тақталар бiр-бiрiнен ажыратылады және олардың арасынан тұнба шығарылады.