Дәрі Химиялық және фармацевтикалық технологияның негізгі процестерін жіктеу. Химиялық өндірісті оңтайландыру



бет82/102
Дата19.09.2023
өлшемі2,17 Mb.
#108470
түріҚұрамы
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   102
Байланысты:
книга ПАХТ

Жылулық сəуле шығару үдерісі
Мына жағдайларда:
Егер A=1, (R=D=0) -денеге түскен сəуленің барлығы сіңіріледі. Абсолюттік қара дене деп аталады.
Егер R=1, (A=D=0) -денеге түскен сəуленің барлығы шағылысады. Абсолюттік ақ дене деп аталады.
Егер D=1, (A=R=0) – денеге түскен сəуленің барлығы өтіп кетеді. Абсолюттік мөлдір дене деп аталады.
Табиғатта мұндай жеке абсолюттік қасиеттері бар денелер жоқ. Олар бірлескен күйде болады. Мысалы қатты денелер үшін D=0, R+A=1. Нақты жағдайларда денеге түскен сəулелік энергияның бір бөлігі шағылысады, бір бөлігі өтіп кетеді, ал бір бөлігі сіңіріледі. Мұндай денелерді сұр денелер деп атайды.
Беті F дененің τ уақытта шығаратын сəулелі энергия мөлшері дененің сəуле шығару қабілеттілігі деп аталады. Жылулық сəуле шығару үдерісін бірнеше заңдар сипаттайды. Стефан-Больцман заңы: абсолюттік қара дененің сəуле шығару қабілеттілігі оның абсолюттік температурасының төртінші дəрежесіне тура пропорционал. Стефан-Больцман заңын сұр денелерге де қолдануға болады. Сұр дененің сəуле шығару коэффициентінің абсолюттік қара дененің сəуле шығару коэффициентіне қатынасы салыстырмалы сəуле шығару қабілеттілігі немесе сұр дененің қаралық дəрежесі деп аталады.
Сұр дененің сəуле шығару жəне сəулені сіңіру қабілеттілігі арасындағы байланысты Кирхгоф заңы бойынша табады. Кирхгоф заңы абсолюттік қара дене мен сұр дененің арасындағы сəуле алмасуынан алынған, яғни бірдей температурадағы кез-келген дененің сəуле шығару қабілеттілігінің сəуле сіңіру қабілеттілігіне қатынасы тұрақты шама болады жəне ол абсолютті қара дененің сəуле шығару қабілеттілігіне тең. Күрделі жылуалмасу. Көптеген жағдайларда жылу үдерістеріндегі жылу таралуы бір мезгілде жылуөткізгіштік, конвекция жəне жылулық сəуле шығару үдерісінің екеуі немесе үшеуінің қатысуымен өтеді. Осындай жылуалмасу үдерістерін күрделі жылуалмасу деп атайды.
Жылуөту үдерісі
Жылу үдерістерінде жылу бір жылутасымалдағыштан екінші жылутасымалдағышқа өтеді жəне ол көптеген жағдайларда, оларды бөлетін қабырға арқылы беріледі. Бұл жағдайда бір жылутасымалдағыштан қабырғаға жəне қабырғадан екінші жылутасымалдағышқа конвекциямен, ал қабырға арқылы жылуөткізгіштікпен беріледі. Осындай жылуалмасуды жылуөту деп атайды. Жылуөту коэффициентінің физикалық мəні: беті 1м2 болған қабырға арқылы температуралар айырмасы 1К жағдайында, температурасы жоғары жылутасымалдағыштан температурасы төмен жылутасымалдағышқа 1с уақыт ішінде өтетін жылу мөлшерін көрсетеді.
Жылуалмасу үдерістерінің қозғаушы күші. Жылуалмасу үдерістерінің қозғаушы күші ∆t болады. Жылу температурасы жоғары ортадан температурасы төменгі ортаға таралады. Осыған байланысты бір жылутасымалдағыштан екінші жылутасымалдағышқа өтетін жылу, ол жылутасымалдағыштардың қандай бағытта қозғалатынына байланысты орташа ∆t арқылы есептелінеді. Негiзгi жылутасымалдағыштардың ағу бағыты: бiр бағыттағы ағын; қарама-қарсы ағын; айқасқан ағын деп бөлінеді.
Жылутасымалдағыштардың қарама-қарсы бағыттағы ағынындағы нобай басқа нобайлармен салыстырғанда ең жақсы жылуөту үдерісі болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет