Дəрі Кіріспе. Биотехнологиялық процесстер жайында түсінік. Биотехнологияның даму сатылары. Халық шаруашылығының əр түрлі саласындағы биотехнологияның ролі


Дəріс  10.  Фермент  иммобилизациясы  туралы  негізгі  түсінік.  Фермент



Pdf көрінісі
бет44/58
Дата06.01.2022
өлшемі1,69 Mb.
#15325
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   58
Байланысты:
Osnovy-BT-kaz.

Дəріс  10.  Фермент  иммобилизациясы  туралы  негізгі  түсінік.  Фермент 

иммобилизациясының 

əдістері. 

Иммобилизацияланған 

ферменттерден 

иммобилизацияланған жасушаларға. 

 

Фермент иммобилизациясы туралы негізгі түсінік. Биокаталитикалық процестер мен 

химиялық процестердің артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстырып қарайық: 



Артықшылықтары:  1. ферменттердің  каталитикалық белсенділігі жоғары специфика- 

ға  ие,  тек  ғана  бір  типтегі  реакциямен  шектеледі  жəне  қосалқы  реакциялар  жүрмейді;  2. 

ферменттер  негізгі  молекулаға  бірден  шабуылдай  алады  жəне  оны  көпсатылы  химиялық 

синтезді  қажет  етпестен  өзгерістерге  ұшырата  алады.  3.  заттардың  химиялық  өзгерістерге 

түсуі көпсатыда емес, бір не екі сатыда ғана өтетіндей етіп жеңілдетіледі; 4. ферментативтік 

реакциялар қолайлы жағдайларда жоғары жылдамдықта өтеді. 



Кемшіліктері:  1)  Таза  өнімді  алу  үшін  таза  фермент  қажет,  ал  оның  бөлінуі  қымбатқа 

түседі;  2)  реактордан  бөлініп  шыққан  өнімде  фермент  сақталады  жəне  ары  қарайда  əсерін 

жоғалтпайды; 3) қымбат бағалы фермент бір рет ғана қолдануға жарамды; 4) Бос күйіндегі 

фермент жылдам белсенділін жоғалтады. 5) ферментті үздіксіз процессте үнемі енгізіп отыру 

қажет, себебі ол реакция өнімімен жуылып кетеді. 



33 

 

Айтылған кемшіліктерді болдырмау үшін ферменттердің аппаратта ұсталып тұру əдісін 



жəне реакция аяқталғанан кейін реакциялық сұйықтан оның жеңіл бөліну əдісін ойлап табу 

қажет. 1950 жылдардың ортасында «ерімейтін» немесе «матрицаға бекітілген» ферменттерді 

жасау туралы пікір туды,  кейінірек бұндай ферменттерді иммобилизацияланған деп атады. 

Иммобилизация  –  бұл  ферментті  қандайда  бір  ерімейтін  тұтынушыға  (носитель)  

бекіту.  Фермент  ерітіндімен  субстрат  жəне  өнімнің  молекулаларымен  алмаса  алады.  Бұл 

əдіске  жоғары  баға  беруге  болады.  Біріншіден,  мұндай  иммобилизацияланған  ферментті 

бөліп алуға жəне бірнеше рет қолдану мүмкідігі бар. Екіншіден, мұндай фермент ұзақ уақыт 

бойына белсенділігін жоғалтпайды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет