Дәрігердің әріптестерімен қарым-қатынасқа түсу ерекшеліктері


Педиатрияда осы ғасырдың 20- жылдарынан бастап 4 түрлі диатез белгілі



бет2/4
Дата09.05.2023
өлшемі1,47 Mb.
#91388
1   2   3   4
Байланысты:
диатез

Педиатрияда осы ғасырдың 20- жылдарынан бастап 4 түрлі диатез белгілі:

  • Экссудативті-катаралдық.
  • Лимфатикалық-гипопластикалық
  • Нервті-артриттік
  • Аллергиялық

Экссудативті-катаралды диатез


Тері мен шырышты қабаттардың қайталамалы инфильтративті-дескваматозды зақымдануына бейімділігін, аллергиялық реакцияның дамуы мен қабыну процестерінің созылыңқы ағымын, лимфоидтық гиперплазияссын, су-тұз алмасуының тұрақсыздығымен ерекшеленетін сәбилер реактивтілігінің өзгеше жағдайын сипаттайды. Алғашқы 2 жаста балалардың 40-60% да ЭКД белгілері байқалады. Ол кейін аллергиялық ауруларға ауысуы мүмкін.
Педиатрлардың көбі басты ролді аллергияға береді. Дегенмен дамуы көп жағдайда тұқымқуалаушылыққа байланысты. Жас кезінде аллергиялық аурулар мен ЭКД көріністері байқалған ата-ана балаларында осы диатез дамиды. Белокты ыдырататын ферменттердің жетімсіздігі, ішек қабатының жоғары өткізгіштігі, А кластық секреторлық иммуноглобулин түзілуінің кем белсенділігі салдарынан сәбилер ішегінің барьерлік қабілеті төмен болады. Сондықтан да жасанды тамақтанатын бір жасқа дейінгі балалардың 50-80% да сиыр сүтінің G-глобулиніне қарсы антиденелер табылады.
Этиологиясы
ЭКД негізі иммунологиялық реактивтіліктің атопиялық ерекшеліктері; яғни гомоцитотропты Ig-нің әсері мол түзілісіне бейімділік
Патогенезі:
ЭКД бар балаларда мүмкін өзгерістер:
  • Т-хелперлер көп
  • ИЛ-5, ИЛ-10 түзілісі жоғары.
  • Гамма-интерферон мен ИЛ-26 ИЛ-4 түзілісі төмен.
  • Кинин жүйесінің белсендігі жоғары
  • Клеткаларда Н1 гистамин рецепторлары Н2 түріне қарағанда басым.
  • Шырыш мастоциттерінің түзілуі көп.


Сәби өмірінің алғашқы айынан ақ тері қабатының базданып, терінің өзі бозғылт, құрғақ болуы, ал басына гнейс-майлы себореялық қапшықтар шығуы тән. Ауруда ісіну, енжарлық, лимфатикалық, гипопластикалық диатез сипатына және басқа нерв-артриттік диатезіне ұқсас белгілер байқалуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет