Дәрілік жалбызтікен



бет1/3
Дата12.12.2023
өлшемі42,85 Kb.
#137865
  1   2   3
Байланысты:
Дәрілік жалбызтікен лит об


Дәрілік жалбызтікен (Althaea officinalis) — құлқайырлар тұқымдасына жататын көпжылдық шөп өсімдігі.

Оңтүстіктің өзен жағалары мен ылғалды шабындықтарында және бұрынғы КСРО-ның орта алқабында жабайы өсетін өсімдік. Аптекалық жалбызтікен ылғалды және фосфорлы жерді жақсы көреді. Мұның жанама тамырлары кептіріледі де, олар дәрілікке жұмсалады (негізгі тамырлары жарамайды)


Жалбызтікен (лат. Althaea) — құлқайыр тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.

Қазақстанда 3 түрі бар. Көбірек тарағаны: дәрілік жалбызтікен. Барлық жерде (далада, шалғында, өзен аңғары мен жағалауларында, орман-тоғайда, шабындықтарда, бұта арасында) өседі. Маусым— қыркүйек айларында гүлдейді. Биіктігі — 50-200 см. Сабағы тік, бұтақты, жұмыр, түкті келеді. Жапырағы кезектесіп орналасқан, қалақша тәрізді, жиектері бүтін не ирек. Күлтесі алқызыл, ақ, қызғылт. Жемісі — тұқымша. Дәрілік, шірнелі өсімдік. Жалбызтікеннің тамыры, жапырағы мен гүлдерінің дәрілік қасиеттері бар. Тамырында пектин, крахмал, аспарагин заттары бар. Жалбызтікен тамырынан көптеген дәрілер жасалады. Тамыр тұнбасы, шырыны, сығындысы тыныс жолдары ауруларын емдейтін дәрі ретінде қолданылады






Дүниесі:

Өсімдіктер

Бөлімі:

Гүлді өсімдіктер

Табы:

Қос жарнақтылар

Сабы:

Malvales

Тұқымдасы:

Құлқайырлар

Кіші тұқымдасы:

Malvoideae

Тайпасы:

Malveae

Тегі:

Althaea
Карл Линней

Жалбызтікен(проскурняк) – құлқайыр тұқымдасына жататын, цилиндр пішінді шөп. 150 сантиметрге дейін бойлап өсетін ұзын сабақты көпжылдық өсімдік. Дәрілік жалбызтікен маусым, қыркүйек айларында гүлдейді. Гүлдері қысқа сағақты. Әрбір жапырақтың қолтығында топтасып орналасқан түйнекше дәні бар. Жалпы саны 15-20 жемістен құралған. Жалбызтікеннің тамыры да дәрілік шикізат. Оның құрамында 37 пайызға шамалас крахмал, 10,2 пайызға дейінгі қант, сондай-ақ пектин, май, түрлі дәрумендер топтамасы бар. Жалбызтікеннің тамырының біршама бөлігі сілекейлі-шырышты заттан құралатындықтан, түрлі ісік, қабыну ауруларына ем. Жөтелді бәсеңдетеді, қақырық түсіреді. Жүйке жүйесін тыныштандыруда таптырмайды. Асқазан мен ішектің түйіндеп ауруынан құтқарады. Қуық жолдары мен бүйректің қабынуын басады. Халықтық медицинада жалбызтікен іш жүргізу, түрлі инфекциялардан арылтуда, асқазан жарасын емдеуде кеңінен пайдаланылады. Тіс түбі еттерінің босап, алқым бездері ісігі асқынғанда таптырмайды. Жалбызтікеннің тұнбасымен ауыз қуысы, тамақты үнемі шайып жүрсе, бірден-бір ем екен.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет