Дәрілік өсімдік шикізаты- дәрілік жалбызтікен тамыры. Дәрілік жалбызтікен тамыры - цилиндрге ұқсас тығынынан тазартылған тамыр немесе 2-4 бөлікке тармақталған ұшына қарай аздап жіңішкерген ұзындығы 10-35 см, ені 2 см. Тамырдың сыртқы қабаты көлденең қабыршақталған ұзын, жұмсақ қабық талшықтарынан тұрады және қара дақтардан – өздігінен үзіліп қалған немесе кесіп алынған жіңішке тамырлардың ізі.
Органолептикалық сараптама
Сындырылған бөліктің ортасы түйіршікті – бұдырлы, сырты талшықты,тамырдың сырты мен сындырылған бөлігінің түсі ақ, сарғыш ақ.
Өзіндік әлсіз иісі бар.
Дәмі тәттілеу, шырышты.
Химиялық құрамы
Шикізатта 10 %-жуық пентозан, гексозан (арабинан, глюкан, рамногалактуран) қоспасы болып табылатын шырыш бар, дәл сондай жуық мөлшерде пектин заттары до 37% дейін крахмал, 10% дейін сахарозалар, 1,5-2% тоң май, бетаин заттары болады.
Микроскопия
Көлденең кесіндіде тамырға лайықты жұқа қабықты паренхимді талшықтың басымдығы көрініп тұр. Қабықта көптеген тангенталді созылған қабықты луб талшықтар тобы бар, одан басқа ұсақ талшықтар тобы ағашқа шашырап орналасқан. Қалыңдығы 10-35 мкм талшықтар жұқа ағаштанбаған қабырғаларымен және үлкен жарық құысымен сипатталады. Ортанғы сәулелер бір, сирек екі қатармен орналасқан, ал трахеидтер мен түтіктер шағын топшалар күйінде кездеседі.Паренхимада көптеген шырышы бар үлкен жасушалар көрінеді, олар қабықта және ағашта орналасқан. Шырыш суда ериді және жасушалар түссіз реңкке енеді де , жасушалар бос болып көрінеді. Паренхима жасушалары крахмал дәндерімен толтырылған, кей жерлерде кальций оксалатының ұсақ друздары да көрінеді.
Қолдануы
Дәрілік жалбызтікен тамырының медициналық қолданылуы: тыныс жолдарының қабынуы жағдайында,сондай-ақ ауыр гастрит, энтероколит, іш өту кезінде, қақырық түсіретін және жараны тез бітіретін зат болып табылады.
Препараттар: ұнтақ, тұнба және шәрбат түрінде қолданылады, жалбызтікен жапырақтарынан Мукалтин деген препарат алынады. Оны қақырық түсіруге қолданады.