Дәрілік жалбызтікен шөбінен лиофильді экстрактар алу
Фармацевтикалық технологияның заманауи тенденцияларының бірі - дәрілік өсімдік шикізаттарынан дәстүрлі қайнатпалар мен тұнбалардың, спиртті тұндырмалар мен сұйық экстрактардың алмастырушысы ретінде қолданылатын құрғақ экстрактарды алу тәсілдерін жетілдіру болып табылады. Қолданылып жүрген сулы сығындылардың бірқатар кемшіліктері бар: биологиялық белсенді заттардың толық сығындалмауы, сақтау кезіндегі тұрақсыздығы, дәл дозаланбауы.
Әдетте, суық тигенде, жөтелгенде, вирустық - респираторлық инфекция кезінде жалбызті- кен өсімдік шикізатынан тұнба дайындалып, қолданылады.
Жалбызтікен тамырында 10% шырыш, 37% дейін крахмал бар. Негізгі эсер етуші заты - шырыш, қақырық түсіретін және қабынуға қарсы әсері бар. Максималды мөлшерде шырышы бар және минималды мөлшерде крахмалы бар сығынды алыну қажет. Крахмал бұл жағдайда - балласты зат және микроорганизмдердің өсуіне қолайлы орта, сонымен қатар ортаның тұтқырлығын жоғарылатады, шырыштың сығындылауын төмендетеді. Шырыш ыстық суда да, суық суда да ериді.
Құрамында жалбызтікен лиофильді экстракты бар, әсер етуші заттары толық сақталған лиофильді экстрактар алу технологиясын жасау бойынша ізденістер фармацевтикалық технология үшін өте маңызды болып табылады.
Биологиялық белсенді заттары толығымен сақталған лиофильді экстрактар алу үшін жалбызтікен шөбінен сулы сығынды дайындап алыну қажет.
Тұнба алу үшін, ірі кесілген жалбызтікен шөбіне бөлме температурасын-дағы суды қосып, араластыра отырып 30 минут тұндырылды. Содан соң екі қабат дәке арқылы сүзілді. Шикізат сығылмайды, өйткені тұнба крахмалмен немесе ерімейтін заттардың майда бөлшектерімен ластанады.
Ары қарай алынған жалбызтікен тұнбасынан лиофильденген экстракт алу бойынша зерттеулер жүргізілді. Ол үшін лиофильді кептіргіш қондырғысы қолданылды.
Лиофильді кептіру - кептірілетін затты мұздатып, кейін вакуум әсерінен еріткішті айдау арқылы жүретін кептірудің заманауи жетілдірілген әдісі.
Лиофильді кептіру кезінде 90-95%-ға дейін құрамындағы биологиялық белсенді заттары және дәмі, түсі, иісі, өлшемдері мен формасын толығымен сақтауға мүмкіндік береді; сәйкес орамдауышта 3 - 5 жылға дейін сақтау мерзіміне ие; тұрақсыз температуралық жағдайда сақтауға мүмкіндік береді; сублимацияланған өнімді суландырғанда лезде бастапқы қалпына келеді; дайын өнім салмағы тасымалдауға кететін шығынды қысқартуға мүмкіндік жасайды және оны басқа да сфераларда қолданылуын кеңейтеді.
Лиофильді экстрактар алу үшін, көлемі 500 мл дайын тұнба сублиматорға салынып, -92°С температурада мұздатуға жіберілді. Сублиматор тығыз жабылып, вакуум насосты қосып, компрессорлы тоңазытқыш орнатылды. Толық сусызданып болғанша бақыланды. Жалпы лиофильдеу мерзімі 8 сағатты құрады.
Осы келтірілген алгоритмді орындай отырып жалбызтікен шикізатының тұнбасынан лиофильді экстракт алынды. Алынған лиофильді экстракт ашық-қоңыр түсті, аморфты ұнтақ, гигроскопты, дәмі ащы, өзіне тән иісі бар, жеңіл борпылдақ масса болып табылады.
Қазіргі уақытта алынған лиофильді экстрактардың сапасын анықтау бойынша зерттеулер жүргізілуде.
Ботаникалық сипаттамасы
Жалбызтікен – биіктігі 60-150 см – ге жететін көпжылдық шөптесін өсімдік. Өсімдіктің сыртын қалың түк басқаннан кейін оның түсі сұрғылт жасыл болады. Тамыр сабағы өте жуан,бірақ қысқа ,ал одан өте қуатты білеу тамыры өседі. Тамыры етжінді ақшыл түсті, цилиндрге ұқсас тығынынан тазартылған тамыр ұшына қарай аздап жіңішкерген ұзындығы 10-35 см, ені 2 см. Тамырдың сыртқы қабаты көлденең қабыршақталған ұзын, жұмсақ қабық талшықтарынан тұрады және қара дақтардан –өздігінен үзіліп қалған немесе кесіп алынған жіңішке тамырлардың ізі. Сындырылған бөліктің ортасы түйіршікті – бұдырлы, сырты талшықты,тамырдың сырты мен сындырылған бөлігінің түсі ақ, сарғыш ақ. Өзіндік әлсіз иісі бар. Дәмі тәттілеу.