Дәрілік өсімдік шикізатын қабылдау ережелері және талдау жүргізу үшін сынама алу әдістері


Құрамында ащы заттар бар дәрілік өсімдіктер мен шикізаттар. Толғақшөп шөбі, Бақ – бақ тамырлары, Құлмақ бүршіктері Үш жапырақты субеде жапырақтары



бет14/35
Дата14.10.2023
өлшемі351,29 Kb.
#114205
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   35
Байланысты:
Шикізаттар

Құрамында ащы заттар бар дәрілік өсімдіктер мен шикізаттар. Толғақшөп шөбі, Бақ – бақ тамырлары, Құлмақ бүршіктері Үш жапырақты субеде жапырақтары

Толғақшөп шөбі – трава золототысячника – Herba centaurii
Кәдімгі толғақшөп – Золототысячник обыкновенный - Centaurium
Толғақшөптер тұқымдасы – семейство горечавковые - Gentianaceae
Сипаттамасы. Биіктігі 40 см-ге дейінгі жіңішке шашақ тамырлы біржылдық немесе екі жылдық шөптесін өсімдік. Сабақтары 2-5-тен жәй сабақтар, тамыр жапырақтары жақсы дамыған. Гүл шоғырларын қалқанша тәрізді, гүлдері көп болмайды. Гүлдері шеге тәріздес формалы. Жемісі цилиндр тәріздес қорапша. Шілдеден күзге дейін гүлдейді.
Таралуы. ТМД-ның Европалық бөліктерінің оңтүстік және орта кеңістіктерінде, Орта Азияда және Алтайда өседі. Әсіресе, өсімдік ылғалды шалғында және орманды жерлерде жақсы өседі. Кәдімгі толғақшөптен басқа қолдануға рұқсат етілген тағы бір түрі сүйкімді толғақшөп (Centaurium pulchellum Druce).Дәрілік шикізаты. Шөбін (Herba cenntaurii) тамырымен жұлып алады да, содан соң тамырларын кесіп тастайды. Бұдан соң шөбін қылындағы 5-6 см етіп шоқтап баулайды. Сабақтары 4 қырлы, жалаңаш, жоғары жағынан айыр тәрізді қарама-қарсы орналасқан. Химиялық құрамы. Өсімдік құрамында ащы гликозидтерден генциопикрозид және эритроцентурин кездеседі. Бұдан басқа аскорбин және олеан қышқылдары, эфир майы, флавоноидты және алкалоидты қосылыстар шырыштар табылған.
Қоланылуы. Спиртті тұндырмасын дайындайды. Өсімдіктің шөбін тәбет ашатын жинақтар құрамына енген. Ащы зат ретінде тәбет ашатын және асқорытуды жақсартаатын қасиетіне қарай қолданылады.
Бақ-бақ тамыры – корни одуванчика - Radices Taraxaci
Дәрілік бақ – бақ – Одуванчик лекарственный – Taraxacum officinale
Астрагүлділер тұқымдасы – семейство астровые - Asteraceae
Сипаттамасы. Биіктігі 40 см шашақты тамыры тармақталып келген өсімдіктің барлық бөліктерінде өте ащы сүт шырыны бар шөптесіе өсімдік. Жапырақтары өте көп, кең кері-жұмыртқалы пішінді. Гүл сабақтарының іші қуыс, жоғары ұшы торланған ұлпа тәрізес. Гүлдері ірі себетке жиналған, гүл орамдары көптеген сұр-жасыл-түсті, гүл себетіндегі барлық гүлдері тілді, қос жынысты ашық-сары түсті. Жемісі ақ түктерден тұратын шашағы бар тұқым. Сәуірде гүлдеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет