Дәрілік өсімдік шикізатын қабылдау ережелері және талдау жүргізу үшін сынама алу әдістері



бет1/35
Дата14.10.2023
өлшемі351,29 Kb.
#114205
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35


Дәрілік өсімдік шикізатын қабылдау ережелері 

және талдау жүргізу үшін сынама алу әдістері
Дәрілік өсімік шикізаттарын партиямен қабылдайды. Партия деп салмағы 50 кг-нан кем емес, белгілі бір атпен аталып, арлық көрсеткіштері бойынша бір текті, сапасын куәландыратын құжатпен безендірілген шикізат мөлшерін атайды. Құжатта келесі мәліметтер тіркелуі қажет:
-құжаттың номері мен берілген мерзімі;
-жіберушінің аты мен мекен-жайы;
-шикізаттың аты;
-партия номері;
-жинау мерзімінің жылы мен айы;
-жинау немесе дайындау ауданы (жабай өсімдіктен шикізат алу);
-шикізат сапасын сынау нәтижелері;
-шикізаттың нормативті құжатын белгілеу;
Әр өнімдік бірлікті оны орау мен таңбалаудың нормативтік құжатқа сәйкестігін анықтау үшін сырттай бақылаудан өткізеді. Ораудың дұрыстығына ыдыс жағдайына (шикіззаттың сапасына және дұрыс сақталуына әсер ететін әр түрлі зақымданулардың болмауына) назар аударады. Шикізаттың сапасының нормативтік құжатқа сәйкестігін анықтау мақсатында өнімнің зақымдалған бірліктерінен партияның әр жерінен сынама алу арқылы анықтайды.
Таңдап алынған өнімнің бірліктерін ашып сырттай шикізаттың біртектілігін (бүтін, ұсақтығын, престеу) түсін, иісіне, көгергендігіне, шірігендігіне, желдетуден кетпейтін тұрақты бөгде иістің болуын; улы өсімдіктер мен бөгде қоспалардың болуын (тас, шыны, кеміргіштер мен құстардың тезектері және т.б.) анықтайды. Сонымен қатар, жәй көзбен және үлкейткіштің көмегімен (5—10х) ондағы қамба зиянкестерін анықтайды.
Шикізатты жинау және алғашқы өндеу
Дәрілік өсімдіуктердің шикізатын жинау ондағы формакологиялық белсенді заттардың ең жоғарғы мөлшері жиналған кезінде жүргізіледі.
Дәрілік өсімдік шикізаттарын жинаудың тиімді әдістері
Дәрілік өсімдік шикізаттарын ондағы формакологиялық белсенді заттардың ең көп мөлшері жиналған вегетация кезеңінде жинайды. Өсімдіктерді онтогенезде зерттеу негізінде олардың жинауға қолайлы кезеңдері анықталады. Өсімдіктерді жинау кезеңі елдің географиялық зоналарына және ауа райына байланысты. Жиі жағдайда шикізатты жинауды күннің белгілі бір мезгіліне белгілейді. Өсімдіктің әр түріне шикізат жинау ережелері бекітілген. 
Шөбі. Шөпті жинап немесе орып болған соң оны қоспарлардан тазартады. Қажет болғанда өсімдіктің төменгі ағаштанып кеткен бөліктерін шауып бөліп тастайды. Біржылдық өсімдіктердің тамырлары топырақ бетіне жақын орналасады, оларды тамырмен жұлып алады. Жапырақтарын шіріген бөліктерінен тазалап отырады.
Жапырақтары. Шикізаттың түріне байланысты жапырақтарын қолмен, сағақты және сағақсыз немесе оның бөліктерін теріп жинайды. Кейбір ұсақ жапырақтарды бұташығымен немесе бүтін шөбімен бірге жинайды да, кептіріп болғаннан кейін жапырақтарын жұлып тереді (аюқұлақ). Егер шикізаты тамыржапырақтары болатын болса (мысалы, мендуана жапырақтарында), оларды тамырларына зиян келтірмей кесіп жинайды. Ірі шөптесін өсімдіктерде (мысалы, итжидекте) қос жапырақтардың ірі жақсы дамығандарын жинайды. Бұл кезде өсімдіктің жоғары ұшын кесіп, шөбі ретінде пайдаланады (галенді препараттар өндірісі үшін).
Гүлдері. Гүлді шикізаттарды жинау техникасы гүлдердің өлшеміне, орналасуына (жеке гүлдері немесе гүл шоғыры), гүлшоғырының типіне және т.б. байланысты. Сиыр құйрықтың гүл тәжін оларды гүлінен қолмен жұлып алады, ырғайдың гүлдерін – қалқанша гүл шоғырын кесіп жинаған дұрыс. Дәрілік түймедақтың гүл себеттерін арнайы тарақпен теріп жинайды. Ағаш өсімдіктердің гүдерін (жөке ағашы) сатыны пайдаланып, гүлдеп тұрған жоғары ұшын қайшымен кесіп жинайды. Дермене жусанның гүл қауыздарын машинамен орып алып, кейін оларды бастырып жинайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет