Дәрілік өсімдік шикізатын қабылдау ережелері және талдау жүргізу үшін сынама алу әдістері


Жатаған жебіршөп шөбі – трава чебреца – Herba Serpylli



бет21/35
Дата14.10.2023
өлшемі351,29 Kb.
#114205
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   35
Байланысты:
Шикізаттар

Жатаған жебіршөп шөбі – трава чебреца – Herba Serpylli
Жатаған жебіршөп – Тимьян ползучий (чабрец) – Thymus serpllum L. 
Тауқалақайлар тұқымдасы – семейство яснотковые - Lamuaceae
Сипаттамасы. Биіктігі 15 см көпжылдық бұталы өсімдік. Сабағы жерге төселіп жатады да одан шыққан ар жоғары тік өседі. Жапырағы ұсаақ сопақша пішіндес, сағақтары қысқа, жапырақ бездері эфир майына толы болады. Гүлі ұсақ, бұлыңғыр-ақшыл көк түсті. Маусым-шілде айларында гүлдейді.
Таралуы. ТМЛ-ның Еуропалық бөлігінде, Сібірде, Кавказда таралған. Қазақстанда 27 түрі кездеседі. Батыс Қазақстанның құмды жерлерінде өседі. Ашық құмды жерлерде, бұталар арасында, құрғақ қарағайлы ормандарда, тасты баурайларда өседі.
Дәрілік шикізаты. Жапырақтары, гүлдері және жіңішке бұталарынан тұратын бастырылған шөбі (Herba Serpylli). Жапырақтары қысқа сағақты жұмыртқа тәрізді, эллипс немесе қияқты пішінді, жиектері тегіс, кәдімгі жебір шөптен ерекшелігі жапырақ жиектері ішке қарай қайырылған. Жапырақ ұзындығы 15 мм, ені 7 мм кәдімгі жебір шөбіне қарағанда ірілеу. Гүлдерінің ұзындығы 3-4 мм, жеке немесе бірнешеден гүл шоғарын құрайды. Гүлдері екі ерінді, салбыраңқы қоңырқай-қызыл гүл тостағаншаларынан және екі ерінді көк-күлгін түсті гүл тәжінен тұрады.
Химиялық құрамы. Шөбінде эфир мафнантимол, карвакрол, n-цимол, пинен, γ-терпинен, α-тепинол, борнеол және монциклд сесквитерпен цингиберин кездеседі. Шикізатында бұдан басқа иілік заттар, минералды тұздар, ащы заттар, қышқылдардан урсол қышқылы бар.
Қолданылуы. Медицинада қайнатпасы мен сұйық экстрактысымен жоғары тыныс алу жолдарының катарактында, ронхитте, жөтелде қолданады. Халық медицинасында жатаған жебір шөптің тұнбасын жүйке дерттері мен бел дертінде, іш пен ішек дерттерінде, буын дерттерінде ішеді. Сонымен қатар, жебір шөптің препараттары несеп жүргізетін, іріңді жараларға қарсы әсер көрсетеді. Өсімдіктен алынған қайнатпаның, экстракт пен тұндырманың ағзаны нығайтатын, әсіресе ой еңбегінен шаршау мен ұйқысыздықта тыныштандыратын әсері бар. Зат алмасу бұзылуына байланысты дерттерде және ревматизмкезінде қабылданады. Шөбінен дайындалған ұнтағын талма кезінде иіскетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет