«Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Медициналық және фармацевтикалық бақылау
комитеті» РММ төрағасының
20__ж. «____» __________
№ __________ бұйрығымен
БЕКІТІЛГЕН
Дәрілік препаратты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық (Қосымша парақ)
Саудалық атауы ДЕКСАМЕТАЗОН
Халықаралық патенттелмеген атауы Дексаметазон
Дәрілік түрі, дозалануы
Көзге тамызатын дәрі 0,1%, 10 мл
Фармакотерапиялық тобы Сезім мүшелері. Офтальмологиялық препараттар. Қабынуға қарсы препараттар. Глюкокортикостероидтар. Дексаметазон
АТХ коды S01BA01
Қолданылуы ДЕКСАМЕТАЗОН көзге тамызатын дәрі препараты конъюнктивит, кератит, ирит, иридоциклит, мөлдір қабықтың зақымдануы мен шеткі жаралар, сондай-ақ операциядан кейінгі жағдайлар сияқты қабыну және аллергиялық көз ауруларын емдеуге арналған.
Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі Қолдануға болмайтын жағдайлар - әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- Herpes simplex қоздырғышы туындатқан кератит
- вирустық кератиттер және конъюнктивиттер (Herpes zoster туындатқанкератиттен басқа)
- желшешек, сиыр шешегі
- көздің зеңдік аурулары
- көздің жедел іріңді аурулары
- мөлдір қабық эпителиопатиясы
- жоғары көзішілік қысым
- көздің микобактериялық инфекциялары
- мөлдір қабықтың тесілуі
- лактация кезеңі
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде
Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары
Жергілікті офтальмологиялық кортикостероидтарды ұзақ уақыт қолдану көру жүйкесінің зақымдануымен, көру жітілігінің төмендеуімен, көру өрістерінің ақауларымен және артқы субкапсулярлық катарактаның қалыптасуымен көзішілік қысымның жоғарылауына және/немесе глаукомаға әкелуі мүмкін. Кортикостероидтармен ұзақ офтальмологиялық ем алатын пациенттерде, әсіресе глаукомасы бар немесе анамнезінде глаукомасы бар пациенттерде көзішілік қысым мен көз бұршағына жүйелі және жиі мониторинг жүргізген жөн. Кортикостероидтардан туындаған көзішілік қысымның жоғарылауы және/немесе катаракта даму қаупі бейімділігі бар пациенттерде (мысалы, қант диабеті) артады.
Емдеу офтальмологтың бақылауымен және көзішілік қысымды тұрақты бақылаумен өтетін жағдайларды қоспағанда, жергілікті кортикостероидтарды бір аптадан артық қолдануға болмайды.
Кушинг синдромы және/немесе дексаметазонның жүйелі сіңірілуіне байланысты бүйрек үсті безі функциясының бәсеңдеуі CYP3A4 тежегіштерін (ритонавир мен кобицистатты қоса) қабылдайтын балалар мен пациенттерді қоса, бейімділігі бар пациенттерде қарқынды немесе ұзақ үздіксіз емнен кейін туындауы мүмкін. Мұндай жағдайларда емдеуді біртіндеп тоқтату керек.
Кортикостероидтар бактериялық, вирустық, зеңдік немесе паразиттік инфекцияларға төзімділіктің төмендеуін тудыруы мүмкін және олардың дамуына ықпал етеді, сонымен қатар инфекцияның клиникалық белгілерін бүркемелеуі мүмкін. Мұндай жағдайларда міндетті түрде бактерияға қарсы ем жүргізу қажет. Мөлдір қабықтың тұрақтанған ойық жарасы бар пациенттерде зеңдік инфекцияға күдіктенуге болады, ал зеңдік инфекция пайда болған кезде кортикостероидтармен емдеуді тоқтату керек.
Жергілікті офтальмологиялық кортикостероидтар мөлдір қабықтың жараларының жазылуын баяулатуы мүмкін. Сондай-ақ, жергілікті қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ҚҚСП) жазылуын баяулатады немесе кешіктіреді. Жергілікті ҚҚСП және жергілікті стероидтарды бір мезгілде қолдану жазылумен байланысты проблемалардың туындау ықтималдығын арттыруы мүмкін.
Жергілікті кортикостероидтарды қолданған кезде мөлдір қабықтың немесе склераның жұқаруына әкелетін ауруларда тесілулер пайда болатыны белгілі.
Жүйелі және жергілікті кортикостероидтарды қолданғанда көрудің бұзылуы байқалуы мүмкін. Егер пациентте көрудің анық еместігі немесе көрудің басқа да бұзылулары сияқты симптомдар байқалса, жүйелі және жергілікті кортикостероидтарды қолданғаннан кейін хабарланған катаракта, глаукома немесе орталық серозды хориоретинопатия (ОСХРП) сияқты сирек аурулар болуы мүмкін себептерді бағалау үшін офтальмологтың кеңесін алуды қарастыру керек.
Көздің қабынуын емдеу кезінде жанаспалы линзаларды кию ұсынылмайды.
Жүйелі кортикостероидтарды қабылдайтын пациенттерде қант диабетінің жаңадан пайда болуы немесе бұрын болған қант диабетінің өршуі туындауы мүмкін. Жергілікті офтальмологиялық кортикостероидтарды қолданған кезде глюкозаға/қант диабетіне төзімділікті төмендету мүмкіндігіне байланысты жеке немесе отбасылық анамнезінде қант диабеті бар пациенттерге Дексаметазонды қолданған кезде сақ болу ұсынылады.
Тамшылатқыш ұшының және ерітіндінің ластануын болдырмау үшін қабаққа немесе басқа беткейлерге тамшылатқыш-құтының ұшын тигізуден сақ болу керек. Препаратты қолданғаннан кейін құтыны жабу керек.
Препаратты басқа офтальмологиялық тамызатын дәрілермен үйлесімде қолданған кезде тамызулар арасындағы кемінде 15 минут аралықты сақтау қажет.