Дәрілік түрлер технологиясында дозалау


Суспензияларға қойылатын талаптар



бет2/4
Дата06.10.2023
өлшемі110,88 Kb.
#112941
1   2   3   4

Суспензияларға қойылатын талаптар:

Суспензиялардың осмостық қысымы жоқ;

  • Суспензиялардың осмостық қысымы жоқ;
  • Бөлшектер мөлшерінің үлкендігінен жартылай өткізгіш мембранадан диффузия құбылысы жүрмейді, сондықтан сүзу немесе фильтрлеу процесі жүргізілмейді;
  • Кинетикалық тұрақсыз. Суспензияларға седиментация құбылысы тән, ауырлық күші әсерінен бөлшектер тұнбаға (тығыз, ірімшік тәрізді, кристалл тәрізді, талшық тәрізді) түседі. Егер бөлшектер бір- біріне жабыспай еркін тұнса, суспензияны агрегаттық тұрақты (шайқау арқылы қалпына келтіруге болады) деп атайды, ал егер бөлшектер молекулалық ілінісу күші әсерінен жабысып үлпектер түзіп тұнса, суспензияны агрегаттық тұрақсыз (жүйені шайқау арқылы қалпына келтіруге болмайды) деп атайды;
  • Суспензияларды түссіз құтыда босатады. Ескерту: «Қолданар алдында шайқа» этикеткасымен безендіріледі.

Ерекшеліктері:

Суспензиялардың сапасын бағалау

Суспензиялардың сапасын бағалау

  • Сыртқы түрі мен органолептік қасиеттері, дұрыс орамдалуы және безендірілуі бойынша жүргізіледі.
  • Дисперстік фазаның бөлшектірінің біркелкілігі. Микроскоп арқылы анықталады. Ірі бөлшектер болмауы керек. Бөлшек өлшемдері жеке мақалаға сәйкес болуы керек.
  • Тұну уақыты. Сақтаған кездегі тұнған тұнбаның мөлшеріне байланысты суспензияның тұрақтылығын анықтайды.Тұнбаның биіктігі неғұрлым аз болса, соғұрлым суспензия тұрақты болып саналады.
  • Ресуспендирленуі. Ресуспендирлену қасиетін - суспензияны қатты шайқау жолымен анықтайды. 24 сағат сақталған суспензияны 15-20 секунд шайқағаннан соң, ал 3 тәулік сақталған суспензияны 40-60 секунд шайқағаннан соң бөлшектерінің дисперстік ортада біртекті таралуы.
  • Құрғақ қалдық. Суспензияны дозалаудың дәлдігін тексеру мақсатында анықтайды. Суспензияның қажетті мөлшерін өлшеп алып, кептіреді содан соң құрғақ қалдықтың салмағы анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет