Дәрілік түрлер технологиясында дозалау



бет3/4
Дата06.10.2023
өлшемі110,88 Kb.
#112941
1   2   3   4
Байланысты:
6 стб (1)

Эмульсиялар – Emulsa

  • Ішуге арналған эмульсиялар - Emulsa ad usum іnternum. Дисперстік фазасы және дисперстік ортасы бір бірінде ерімейтін немесе аз еритін сұйықтықтардан тұратын микрогетерогенді жүйені эмульсия деп атайды. Бөлшектерінің өлшемі 1мкм 50 мкм дейінгі аралықта болады.

Дисперстік фазаны түзетін сұйықтықтың табиғаты бойынша эмульсияларды екі типке бөлуге болады:

  • 1. Егер дисперстік фазасы май болса, ал дисперстік ортасы су болса, онда эмульсия бірінші типті, яғни судағы май (М/С) типіне жатады. М/С типті эмульсия ішуге қолдануға белгіленеді.

2. Егер дисперстік фазасы су, ал дисперстік ортасы май болса, онда эмульсия екінші типті, яғни майдағы су (С/М) типіне жатады. Эмульсияның С/М типі сырт тәнге қолдануға белгіленеді.
Артықшылықтары:
- ағзаға енгізілген дәрілік заттардың тез терапевтік әсер көрсетуі;
- майлы және эфир майларын жағымсыз иісін жасыру мүмкіндігі;
- шырышты қабатқа тигізетін дәрілік заттардың тітіркендіргіш әсерін жұмсарту мүмкіндігі;
- балалар іс-тәжірибесінде эмульсияларды қолдану тиімділігі;
- бір дәрілік түрге бір-бірінде араласпайтын сұйықтықтарды біріктіру мүмкіндігі.
Кемшіліктері:
- агрегаттық тұрақсыздығы;
- дәріхана жағдайында технологиясының қиындығы.
  • Эмульсиялардың ерекшеліктері:
  • - өсімдік майы мен судың бірдей мөлшерін араластыру кезінде, бір мезгілге эмульсиялардың екі типін (М/С және С/М) алу мүмкіндігі;

    - диспергирлеу процесін бітірген соң, екі сұйықтық бірден екі фазаға бөлініп кетеді, тұрақсыздығы;

    - тұрақты эмульсия алу үшін, үшінші компонент эффективті эмульгатор таңдау қажет.

  • Дайындау әдісіне және бастапқы шикізаттарға байланысты эмульсиялар екі түрге бөлінеді:

  • - дәннен жасалынған эмульсиялар - Emulsa ex semіnіbus
    - майдан жасалынған эмульсиялар - Emulsa ex oleosіs


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет