Суспензия - сұйық дисперстік ортада ерімейтін қатты дисперстік фазадан тұратын ішуге, сыртқа, шаншуға қолданылатын микрогетерогенді сұйық дәрілік түр.
Құрамына және дайындау тәсіліне байланысты суспензиялар бөлінеді:
Ірі суспензиялар (бөлшектерінің өлшемдері 1-100 мкм аралығында)
майда суспензиялар (бөлшектерінің өлшемдері 0,1-1 мкм аралығында)
әсер ету белсенділігі бойынша суспензиялар ерітінділер мен майда ұнтақтар арасынан орын алады;
ұнтақтармен салыстырғанда суспензиялардағы бөлшектердің жоғары дисперстілігінен ДЗ тез терапевтік әсер көрсетеді
суда ерітілген дәрілік заттардың сулы ерітінділері ағзадан тез шығарылады, ал суспензиялар баяу шығарылуына байланысты ұзақ әсер етеді.
Кемшіліктері:
технологиясы қиын, тұрақсыз, сақтау мерзімі қысқа,
дәл дозаланбайды, сондықтан суспензия түрінде улы және күшті әсер ететін ДЗ босату мүмкіндігі жоқ;
Суспензияның түзілу жағдайлары:
физикалық әдіспен түзілуі- дәрілік түр құрамына дисперстік ортада ерімейтін заттар енгенде (күкірт, камфора, ментол, мырыш тотығы және т.б.);
физика-химиялық әдіспен түзілуі- егер дәрілік заттың мөлшері ерігіштік шекарасынан асып кетсе, мысалы, бор қышқылының мөлшері 5%, натрий гидрокарбонатының мөлшері 8% артық концентрацияда жазылса;
физика-химиялық әдіспен түзілуі - еріткішті алмастырғанда, мысалы, егер сулы ерітіндіге спиртті ерітінді (галенді және жаңа галенді препараттар) қосылса, дәрілік заттың ерігіштік қабілеті төмендеп, ол тұнбаға түседі;
химиялық әдіспен түзілуі-жеке еритін дәрілік заттарды бір дисперстік ортада еріткен кезде, олар әрекеттесіп ерімейтін қоспа түзеді.